23-суретте Х={1,2,3} және У={а,в,с} жиындарының арасындағы қайсыбір R сәйкестігінің графы берілген. Бұл жерде 1ϵХ элементіне У жиынының а және в элементтері сәйкес, яғни 1Rа, 1Rв, 2Rа, 2Rв, 2Rс екені көрінеді.
24-суреттегі граф арқылы аϵУ элементінің Х жиынының екі элементіне 1 және 2 сандарына сәйкес екендігі де анықталған.
Басқаша айтқанда, аϵУ элементі бойынша керісінше а элементіне сәйкес келетін Х жиынының элементтерін табуға болады. Осы процесті жүзеге асыру үшін біз У жиынынан «шығып» Х жиынына «келеміз» (24-сурет). Мұндай жағдайда Х және У жиындарының арасындағы R сәйкестілігіне У және Х жиындарының арасында кері сәйкестік бар болады дейді. R сәйкестігіне кері сәйкестікті

R-1 түрінде белгілейді («эрдің минус бір дәрежесі» деп оқиды). R-1 сәйкестігінің графы R сәйкестігінің графындағы стрелкаларын кері бағыттаудан келіп шығады.