Х және У жиындары элементтерінің арасындағы барлық мүмкін болатын сәйкестіктердің ішінде бізді X жиынының әрбір элементіне У жиынының тек бір ғана элементі сәйкес келетін сәйкестікгер қызықтырады. Мұндай сәйкестіктерді өзара бірмәнді сәйкестіктер деп атайды. Осындай сәйкестіктердің мысалдарын қарастырайық.
А жиынының әрбір элементіне В жиынының бір ғана элементі сәйкес қойылғандықтан және В жиынының әрбір элементіне А жиынының тек бір ғана элементін сәйкес қоюға болатындықтан берілген сәйкестік А және В жиындарының арасындағы өзара бір мәнді сәйкестік болады: а→ 1; b→2; с→3; d→4.

2. X- координаттық түзудің нүктелерінің жиыны, ал У=R-нақты сандар жиыны болса, координаттық түзудің әрбір нүктесіне тек бір ғана нақты сан сәйкес келеіп, әрбір нақты санға бір ғана координаттық нүкте сәйкес қойылады.
3. Х- координаттық түзудің әрбір нүктесіне тек бір ғана нақты сан сәйкес келіп, әрбір нақты санға координаттық түзудің бір ғана нүктесі сәйкес қойылады. Сондықтан бұл сәйкестік өзара бірмәнді сәйкестік болады.