Жоспар Стиль Стилдің шығу тарихы Стиль түрлері Стилді ғимараттар



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128673
1   2   3   4
Байланысты:
оооооо

Классицизм 
Бұл стильсіз театр ғимараттары да болмас еді. Классицизм сәулет өнері ежелгі өркениетті еске түсіреді. Барлық нәрсе тегіс, біркелкі және симметриялы орналасқан. Ашық түстердің үйлесімі оның әсемдігін айқындай түскендей.Классицизм стиліндегі ғимараттар үш бөліктен жасалады: постамент (ғимарат негізі), бағандар және антаблемент (ғимараттың көлденең аймағы). Классицизм дәуірінің басты символы Ротонда вилласы. Оны XVII ғасырда атақты Италия сәуелткері Андреа Палладио салған.Классицизм – XVII -XIX ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизм - 1750-1830 жылдар аралығында танымал болған сәулет стилі. Оны антикалық немесе Ренессанс сәулетінен ажырату үшін оны неоклассицизм деп атайды.


Барокко 
"Barocco" португал тілінен аударғанда бұрыс пішінді меруерт дегенді білдіреді. Сол арқылы бұл стильдің басты ерекшілігін айқындағандай. XVI ғасырдың ортасында италиялықтар өз ғимараттарына атау беру үшін бұл сөзді қолдана бастаған, кейін ол жаңа бағытты ресми атауы ретінде қолданысқа енді. Барокко стилінің басты ерекшелігі – пропорцияның бұзылуы мен қисық пішіндердің өзара үйлесуі. Бағандар бір-біріне қарай майысса, ғимарат қабырғалары, керісінше, сыртқа шығыңқы, дөңгелек пішінді болады. Терезелер шеңбер, сопақ пішінді. Одан бөлек, бұл стильдегі ғимараттарда шектен тыс сәндеу кездеседі. Қабырғалар (тіпті төбесі де) суреттемен, түрлі-түсті тастармен көмкеріледі. Көбіне қарапайым бағандардың орнына кариатид мен атланттардың мүсінін пайдаланады. Барокко — 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың 1-жартысында Батыс Еуропада дамыған архитектуралық стиль.Барокко Қайта өркендеу дәуірінен кейін пайда болып, Еуропа архитектурасы ауқымынан асқан бірінші әлемдік стиль. Оның негізгі ерекшелігі — көрнекі салтанат, еңселілік, құрылыс жобасы мен қасбетіндегі күрделі формалар, мүсін мен архит. өрнектерді шамадан артық қолдану. Бароккода аумақты мүсін мен кескіндеменің ерекше дамығаны сонша, тіпті негізгі архитектуралық құрылыстың өзімен “тайталасып” қалатын кездері болған.

Рококо
Рококо стилі XVIII ғасырда Францияда пайда болды. Ол өзінің жеңіл, нақты әрі әсем пішінімен ерекшеленеді. Бұл стильдің тууына үлкен жасанды шаш тағып, бетіне қызғылт бояу жағып алатын, түрлі бал мен кештерді жақсы көретін бикештер себеп болған. Рококо дәуірінде салынған сарайлар симметрия, белгілі бір логикадан алшақ. Олар түсініксіз пішіні арқылы назар аудартады. Бағандар тек эстетикалық әсер сыйлау үшін ғана қойылған. Шатыр шегін түрлі сауыттармен, мүсіндермен, сағаттармен сәндейді. Ғимараттар нәзік әрі жылы түстермен боялады: ашық жасыл, көгілдір, сарғыш.
Рококо - француз ақсүйектері кезінде үстемдік еткен ең жұмбақ, ерекше стиль. Бұл жай ғана стиль емес, ұлттық психологияның ерекшеліктері шоғырланған жоғарғы таптың тұрмысы мен ойлауы. Рококо – тек зайырлы мәдениеттің және ең алдымен король сарайының туындысы. Қыңыр және флирттік, рококо стилі әлі күнге дейін сән-салтанат пен байлыққа қанағаттанатын заманауи еуропалықтардың интерьерінде өмір сүреді.



Модерн
Модерн өнеркәсіп төікерісі кезінде Батыс Еуропа аймағында пайда болады. Модерн шеберлері өсімдіктердің иілімінен шабыт алып, сол заттардың түс палитрасын қолданған. Бұрыштардың жоғы, асимметрия мен бір қалыпты түзулер арқылы ғимараттарға ерекшелік сыйлаған. Бұл стильдің қалыптасуына жоғалған ормандарды алмастырған индустрия әсер еткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет