Жоспар 1.Стиль 2.Стилдің шығу тарихы 3.Стиль түрлері 4.Стилді ғимараттар 5.Стиль туралы суреттер
Стиль
Белгілі бір тарихи кезеңде пайда болған үлкен туындыларды стиль деп аталады. «Стиль – үнсіз ғана өзіңізді мойындату тәсілі», дейді дизайнер Рэйчел Зои. Бұған қосылмасқа шара жоқ. Кейде адамның жүріс-тұрысына, болмыс-бітіміне, үстіндегі киіміне, тіпті шаш үлгісіне қарап, қай саланың маманы екенін болжауға болады. Бұл – өмір қағидасы. Сіздің әрбір затқа өзіндік көзқарасыңыз болмаса, ешкім емессіз. Сәулеттік стиль - ғимараттарды сыртқы келбетіне, құрылымына, материалдарына және тарихи кезеңдерге сәйкес жіктеу кезінде пайдаланатын сөздік қор. Орта ғасыр алғаш рет уақыт рухындағы өнер арқылы кешенді беру тәсілі ретінде көркем стиль жасайды.
Стилдің шығу тарихы Стильдің шығу тарихы жайлы айта кетсек стиль ерте заманнан келе жатқан сәулет өнерінің бір түрі. Стиль ерте заманда дамыған болатын. Адамдар неолит кезінде үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында, қағылған қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың ортасында ірі тастардан қаланған монументті құрылыстар: кромлехтер, менгирлер мен дольмендер пайда болды. Менгирлер тігінен қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі тастың үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес. Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия. Көне грек архитектурасының ең күшті дамыған кезі – біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы. Алдымен, Афина қаласының ең биік жеріндегі жартасқа ауданы 300Х130 м жерге Акрополь салынды. Ортасында сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70 м, ені 31 м (біздің заманымыздан бұрынғы 448 – 438) тұрғызды. Ғимарат шатырын биіктігі он метрге жуық, 136 (периметріне қойылған) бағана ұстап тұрды. Ішіне Фидий жасаған Афина мүсіні орнатылды. Грек сәулетшілерінің дүниежүзілік архитектураға қосқан бір жаңалығы – архитектуралық ордерлер жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады және олардың өзара орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы капитель деп аталады. Еуропа елдерінде 17 ғасыр мен 18 ғасырдың 1-жартысына дейін дамыған барокко стилінің басты ерекшелігі сәулеттік туынды тіп-тік, тақтадай жазық болмайды, оның әр қыры мүсіндік, болмаса әшекейлі әлеміштермен өрнектеледі, сәулетші мүсінші сияқты кең тыныспен, қиялға еркін беріліп жұмыс істейді. Еуропа елдерінде 17 – 19 ғасырларда классицизм стилі дамыды. Бұл бағыт, ежелгі дәуір архитектурасы мен ренессанстық архитектураның композициялық әдістері мен түрлерін жетілдіруден туған. Шығыс архитектурасының тарихы біздің заманымыздан бұрынғы мыңыншы жылдардан басталады. Үндістанда мінажат үйлерінің сәулетті нұсқалары: ступалар, үңгір-ғибадатханалар және жер үсті ғимараттары салынды, зәулім сарай кешендері пайда болды. Үнді архитектурасы композициясының байлығымен, түрінің әсемдігімен және мүсіндік бейнелердің әсерлілігімен көз тартады. Олар: біздің заманымыздан бұрынғы 1000 ж. салынған Каджураходағы, 14 ғасырда салынған Танджордағы ғибадатханалар.