Саналылық және белсенділік негізі - оқыту барысында мұғалім мен оқушы еңбегінің ара салмағын оқушылар жағына ауыстырып, олардың пәнге қызығуын және білім алудағы белсенділігін арттыру.
.
Теорияның сарамандыққа байланыстылығы.Бүл -оқушылардың ғылым негіздерінен алған білімін өмірмен, қоғамдық қүрылыс сарамандығымен ұштастыру арқылы жүзеге асады, политехникалық білім беру мәселелерін қамтиды.
.
Орта мектептегі химия курсының мазмүның сұрыптау негіздері.Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары бар:
мазмұнынның тұтастығы;
ғылыми дәлдігі және қүндылығы;
оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі;
оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі;
көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі;
халықаралық стандартпен үйлесімділігі.
.
Оқу материалының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкес келуі.
Ұгымдарды дамыту негіздері. зат туралы ұғым мына сызбанұсқаға сәйкес дамытылады; физикалық дене —►заттар элементтік құрамы—► элементар бөлшектер—► иондық құрамы—► материяның бір түрі.
Қиыншылықты бөлу негізі.Мұндағы негізгі мәселе -оқушылардың таным әрекетінің мүмкіндігін ескеріп, деректі материалдардың, теориялардың және химиялық ұғымдардың орнын тиімді анықтау.
Политехнизм негізі.Бұл негізді жүзеге асыру үшін химия курсының мазмұнына енгізілетін материалдар: 1) алдыңғы қатардағы химия өндірістерінің жэне негізіне химиялық эрекеттер жататын кейбір ондіріс орындарының шикізаттары, өнімдері, технологиялық барысы, қажет болған жағдайда қондырғылары мен аппаратары; 2) өндірістің жалпы және химияға тән ғылыми негіздері; 3) халық шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары, басқа өндірістермен байланысы, ауыр индустриядағы алатын орны; 4) химия өнеркәсібінің дамуы, қазіргі жайы, өркендеу перспективалары; 5) химия өндірістерінің экологиялық мәселелерін шешудегі мәні; 6)кәсіптік бағдар беретін материалдар.