Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз – химия ғылымын дамыту бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі және болашағы туралы оқушыларда пікір қалыптастыру
1)Кен таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы оттегі мен суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлұматтар беру; 2) атом-молекулалық ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж,Далтон еңбектерімен қысқаша таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты М.В.Ломоносов жэне А. Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен көрсету.
.
Орта мектептегі химия курсы мазмұнының қалыптасу кезеңдері.
М.В. Ломаносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге белсене араласты. Ол тұңғыш химия зерттханасын ұйымдастырып, химияны үйренудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс тіліндегі оқулығын жазды.
Д.И: Менделеев(1834-1907) жастарға химиялық білім берудің қажеттігін, мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның мазмұнына деректі және теориялық материалдарды енгізу, химиялық экспериментті кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты.
А.М. Бутлеров(1828-1886) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын жазды.
М.В. Ломаносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу заңы, Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М. Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия курсының теориялық негізін құрайды.
Химияны оқыту әдістемесі орта мектепке тұрақты оқу пәні болып енгеннен кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Бірте-бірте химияны оқыту әдістемесі жалпы білім беретін орта мектептгегі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты зерттейтін көп салалы ғылымға айналды.