Жоспары: “Ұжым” туралы түсінік. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері



бет1/3
Дата10.03.2023
өлшемі449,26 Kb.
#72817
  1   2   3
Байланысты:
Оқушылар ұжымы

  • Тақырыбы: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері

Жоспары:

1. “Ұжым” туралы түсінік. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері.

2. Ұжымның құрылымы, даму кезеңдері.

3. Өзін - өзі басқару. Өзін - өзі басқару ұйымының құрылымы.


«Ұжым» -латын тілінен енген ұғым. Ол бізге әр түрлі түсінікті ұғындырады: жиналған жұрт, жиын, топ, бірлестік т.с. с.
  • Нақтылағанда-оны әрекеттің түріне байланысты адамдардың тобы деп түсінген дұрыс.

Ұжым туралы түсінік

Ұжым – бұл көзделген мақсатқа жетудегі ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдар тобы.
Ұжым - бір мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобы.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады
Кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары)
Қоғамдық ұйымдар (партиялар, бірлестіктер,кәсіподақтар)
Ерікті қоғамдар, өз әрекетімен ерекшеленетін ұжымдар ( көркемөнерпаздар, коллекционерлер)
Ұжым
контактылы
негізгі
Контактылы ұжым - бұл ұжым белгілері бар бастаушы топ.
Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі.
  • Оқушылар ұжымы – жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс – әрекеттерімен, іс - әрекетті ұйымдастыруымен, жалпы міндеттерімен, теңдік жағдайында ортақ мүлде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.

Оқушылар ұжымының белгілері:
  • Жалпы әлеуметтік маңызы бар ортақ мақсаттың болуы.
  • Әрекет етуде өзара бірлескен іс-қимылдың болуы.
  • Өзара қарым-қатынаста жауапкершіліктің болуы.
  • Ортақ сайланған басқару ұйымының болуы.

  • Оқушылар ұжымына тән қасиет: мақсаттылығы, ауызбірлігі, белсенділігі, іскерлігі, жауапкершілігі т. б.

Ұжым - тәрбие құралы
Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымнан алатын болғандықтан, ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады.
Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын аса зор көңіл аударып зерттеген педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері:
А.В.Луначарский, Н.К.Крупская,А.С.Макаренко, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский
А.В. Лунчарский: “Жаңа адамды қалыптастырудың негізгі жағдайы ұжым болады”- деп көрсетті.
В.А.Сухомлинский: “Әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы рухани қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму процесі” – деп көрсеткен.
Н.К.Крупская: “Тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым” - деп атап айтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет