Жоспары: “Ұжым” туралы түсінік. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері


Алыс перспектива –ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат



бет3/3
Дата10.03.2023
өлшемі449,26 Kb.
#72817
1   2   3

Алыс перспективаұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

  • Қалыптасқан ұжымның белгілері:
  • (А.С. Макаренко)
  • 1.Үнемі сергектік, іс - әрекетке дайындық;
  • 2.Өзіндік қадірін сезіну;
  • 3.Үжым мүшелерінің достық бірлігі;
  • 4.Әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезінуі;
  • 5.Іс - қимыл, әрекет белсенділігі;
  • 6.Дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.
  • Ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі:
  • 1.Тұлға ұжымға бағынады (конформизм)
  • 2.Тұлға мен ұжым бір - бірімен үйлесімді қатынаста (гармония)
  • 3.Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік)

Өзін - өзі басқару. Өзін - өзі басқару ұйымының құрылымы.

  • Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда оқушылардың өз бетінше дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыруы.
  • Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:
  • аптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым -қатынасын қамтамасыз етеді);
  • интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
  • прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
  • басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
  • «Өзін-өзі басқару ұйымы» - балалар мен жасөспірімдердің жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, ұйым мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын ерікті қоғамдық бірлестік.
  • Мақсаты: Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет- ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін, еңбекқор да салауатты, әділетті, қайсар тұлғаны өзін-өзі басқарту арқылы қалыптастыру.
  • Міндеттері: - Қазақстан Республикасындағы «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы» мен «Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасына» сай жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу; - өзін-өзі басқару ұйымының бағдарламасы негізінде сапалы білім, саналы тәрбиенің жан-жақты артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігін қолдану; - жастар бірлестігінің бағыттарына байланысты ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін арттыру.
  • Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс бағыттары: -Ұйым үнпарағын ай сайын шығарып, мектепішілік іс -шараларды талдап, баспасөз беттері арқылы тарату;
  • -Мектеп оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, оқу озаттарының санын көбейтуге атсалысу;
  • -Оқу құралдары, сынып тазалығы, мектепке сай киім формасын үнемі бақылау;
  • - Оқушылардың танымдық деңгейінің терең болуын қадағалап, соған орай мектепішілік іс-шаралар өткізу;
  • -Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту, спорт үйірмелеріне оқушыларды тарту;
  • -Оқушылар арасында келеңсіз жағдайларды болдырмау, сабаққа қатысымын қадағалап, мектепішілік тәртіпті бақылау.

Назарларыңызға
рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет