Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері, ұйымдастырушылары болады.
А.С. Макаренко ұжымның өмір сүру заңын былай түсіндіреді: қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы
Ұжымның даму кезеңдері Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады.
Бірінші кезең – оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Мұғалім бұл кезеңде сынып өмірін ұйымдастыру үшін
жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою
балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік
тәжірибеге тарту.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы
оқушыларға сүйену керек.
Бұл кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-
әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал
жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі
басқаруға көшеді.
Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен
байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың
ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға
барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым
арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезеңде – қоғамдық
өмірдегі деректерді, құбылыстарды
бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады.
Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен
сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің
талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық
талқылау, бағалау, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.
Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлертәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет - ғұрпын, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары.
Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады.
Жақын перспектива –ертеңгі серуен,яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.
Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.