Алыс перспектива –ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.
Қалыптасқан ұжымның белгілері:
(А.С. Макаренко)
1.Үнемі сергектік, іс - әрекетке дайындық;
2.Өзіндік қадірін сезіну;
3.Үжым мүшелерінің достық бірлігі;
4.Әр мүшенің өз қауіпсіздігін сезінуі;
5.Іс - қимыл, әрекет белсенділігі;
6.Дер кезінде ұстамдылыққа әдеттенуі, көңіл шарпулары мен тілдесудегі өзіне шек қоя білуі.
Ұжым арасындағы қатынас дамуының кең тараған үш түрі:
1.Тұлға ұжымға бағынады (конформизм)
2.Тұлға мен ұжым бір - бірімен үйлесімді қатынаста (гармония)
3.Тұлға ұжымды өзіне бағындырады (лидерлік)
Өзін - өзі басқару. Өзін - өзі басқару ұйымының құрылымы.
Өзін-өзі басқару – ұжым үшін маңызды мақсаттарға жету үшін шешім қабылдау мен оны жүзеге асыруда оқушылардың өз бетінше дамытуға негізделген ұжымдық іс-әрекетті ерекше ұйымдастыруы.
Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару төмендегідей функцияларды орындайды:
аптациялық (ұжым ішінде жеке тұлғаның үйлесімді өзара қарым -қатынасын қамтамасыз етеді);
интегративтік (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін үйлестіруге мүмкіндік береді; нәтижелі іс-әрекет үшін ата-аналар, балалар және педагогтардың қызметін ұйымдастырады);
прогностикалық (диагностика және рефлексия негізінде перспективаларды анықтауға жәрдемдеседі);
басқарушылық мәдениетті меңгеру (өзі және ұжым үшін маңызды шешімдерді қабылдауда өз бетімен таңдау жасауды жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болады).
«Өзін-өзі басқару ұйымы» - балалар мен жасөспірімдердің жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталған, ұйым мүшелерінің қызығушылықтарын, құқықтарын қорғайтын ерікті қоғамдық бірлестік.
Мақсаты: Еліміздің мүддесін ойлайтын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, білім мен өнерге құштар, елінің тарихын білетін, тілін, дінін, әдет- ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін, еңбекқор да салауатты, әділетті, қайсар тұлғаны өзін-өзі басқарту арқылы қалыптастыру.
Міндеттері: - Қазақстан Республикасындағы «Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы» мен «Үздіксіз білім беру жүйесінің тәрбие тұжырымдамасына» сай жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу; - өзін-өзі басқару ұйымының бағдарламасы негізінде сапалы білім, саналы тәрбиенің жан-жақты артуына оқушы, жастар ұйымының белсенділігін қолдану; - жастар бірлестігінің бағыттарына байланысты ұйым белсенділерінің құқын, міндетін, жауапкершілігін арттыру.
Өзін-өзі басқару ұйымының жұмыс бағыттары: -Ұйым үнпарағын ай сайын шығарып, мектепішілік іс -шараларды талдап, баспасөз беттері арқылы тарату;
-Мектеп оқушыларының оқу үлгерімін жақсарту, оқу озаттарының санын көбейтуге атсалысу;
-Оқу құралдары, сынып тазалығы, мектепке сай киім формасын үнемі бақылау;
- Оқушылардың танымдық деңгейінің терең болуын қадағалап, соған орай мектепішілік іс-шаралар өткізу;
-Мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулықтарын нығайту, спорт үйірмелеріне оқушыларды тарту;