Жоспары: “Ұжым” туралы түсінік. Оқушылар ұжымының ерекшеліктері



бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі449,26 Kb.
#72817
1   2   3
Байланысты:
Оқушылар ұжымы

А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атап,ұжымның төмендегідей кейбір белгілерін көрсетті:
  • Ұжым тәрбиенің мақсаты және объектісі, жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
  • Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
  • Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
  • Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері, ұйымдастырушылары болады.



Ұжымның даму кезеңдері
Ұжымның даму кезеңдерін айқындаған А.С.Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, іс-әрекетінің мазмұнына, тәртібіне, балалардың арақатынасы тәуелділігіне байланысты ажыратады.
Бірінші кезең – оқушылар ұжымы жеткіліксіз ұйымдастырылған топ.
Мұғалім бұл кезеңде сынып өмірін ұйымдастыру үшін
жұмысты талап қоюдан бастайды. Талап қою
балаларды мінез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтік
тәжірибеге тарту.
Бұл кезеңде ұжым іс-әрекетінде белсенді, ынталы
оқушыларға сүйену керек.
Бұл кезеңдегі мұғалімнің негізгі қызметі – оқушылардың
ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, оларды әртүрлі іс-
әрекеттерге қатыстыру, ұжымды балаға ықпал
жасайтын құралға айналдыру.
Екінші кезеңде – ұжым өзін-өзі
басқаруға көшеді.

Бұл кезеңде белсенді топпен жұмыс істеудің маңызы зор.
Мұғалімнің қызметі - коммуникативті, яғни балалармен
байланыс жасау, ұжымның өмірі үшін оқушылардың
ынтасын қуаттау, жалпы міндеттерді орындауға
барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның осы даму кезеңінде параллельді ықпал жасау
принципі қолданылады, яғни тұлғаға талап қою ұжым
арқылы жүзеге асырылады.
Үшінші кезеңде – қоғамдық
өмірдегі деректерді, құбылыстарды
бағалауда ұжымдық пікір пайдаланылады.
Бұл ұжымның өрлеу кезеңі. Ұжым қоғамдық пікірмен
сипатталады. Қоғамдық пікір - бұл ұжым мүшелерінің
талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Ұжымдық
талқылау, бағалау, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшеліктері.
  • Барлық даму сатыларында ұжым үлкен және кіші дәстүрлерді қалыптастырады. Дәстүрлер тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет - ғұрпын, ниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары.
  • Тәрбиеленушілер мұрат еткен мақсат перспектива деп аталады.
  • Жақын перспектива – ертеңгі серуен,яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.
  • Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет