Жоспары 1.Орыс графикасына көшу мəселесі; 2.Мəселе туралы ғалымдардың пікірлері; 3.Орыс графикасына негізделген қазақ əліпбиі; 4.Əліпбиге тəн ерекшеліктер; 5.Қорытынды Пайдаланылған əдебиеттер тізімі
Орыс графикасына көшкеннен кейін қазақ жазуында мынадай ережелер пайда болды: 1.Орыс сөздерін жазуда графикалық транскрипция принципін түбегейлі колдану,яғни сол тiлдiң қосымшасын түсірмей жазу:секунда,цитата ( секунд емес,цитат емес ) т.б 2.Орыс тілі сөздеріне қазақ тілі қосымшаларын жалғағанда ы,і əріптерінің дəнекерлігін орынсыз пайдалана бермеу: фондқа,шрифтке ( фондыға емес,шрифтіге емес т.б) 3.Орыс тілінен қазақ тіліне «етене еніп кеткен» сөздерді,түпнұсқасындай жазу ящик,ботинки,русь (жəшік емес,бəтеңке емес,орыс емес т.б) 4.Қос дауыссызбен аяқталған орыс сөздеріне қосымша жалғағанда бір əріпті түсірмей жазу:классқа, конгресске, т.б.
Сол кездердің өзінде осы ережеге қарсы пікірлер айтылып , щ , ч , ь , ъ таңбаларын əліпбиімізге алмайық деген ғалымдар болған. Тiлiмiзде жоқ дыбыстарды əліпбиге зорлап енгізуге қарсы болған мұндай ғалымдарымызды үкімет “ұлтшылдар”деп айыптаған. Біріншіден,бiздiң тiлде бұндай дыбысы бар сөздер мүлдем жоқ немесе өте аз; Екіншіден,бұл əріптер оқуға мүлдем қиын болады; Үшіншіден,”біз алфавитті қазақтар үшін жасап отырмыз,орыста болғанынын біз үшін маңызы жоқ”- деген дəлелдер айтқан.
Жалпы,əліпбиге 42 əріп енген: 33 орыс əліпбиінің əрпі жəне 9 өзіндік қазақша əріп: Ə, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ , Ү, Һ, І.
В, Ё, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, қазақтың төл сөздерінде пайдаланылмайды. Х əрпі қазақ фонетикасында Қ түрінде айтылады. Е сөздің нағыз басында дифтонгоиды боп сөйленеді. Келесі əріптер алдыңғы жəне артқы ретті дыбысты жұпты белгілейді (əдетте жіңішке мен жуан деп аталады): Е — А, Ө — О, Ү — Ұ, І — Ы. Бұл əріптер: Ё, Ц, Ч, Щ, Ъ, Ь, Э, тек кеңестік дəуірде орыс тілінен, немесе орыс тілі арқылы енген сөздерде орыс емле нұсқауларымен пайдаланылған. Һ əрпі тек сиреген араб-парсы кіріс сөздерінде кездеседі, жəне де Х немесе Қ сияқты айтылады. Э əрпі əрдайым Е боп айтылады.
Алфавит атаулыға баға беру үшін оның адамзат қоғамында атқаратын қажетінне қарай жəне бүкілодақтық прогреске қаншалықты пайдасы бар деген тұрғыдан қарау керек. Осыған қоса мəдениетті ертеден дамыған елдің жағдайымен санасу қажет. Қазақ халқының қалауымен қабылданған бұл алфавит қазір отыз жылдан аса уақыт бойы ұлттық мəдениетімізді дамытуға қызмет етіп келеді. Орыс тілі негізінде жасалған орфографиямызды қалыптастыруда қазақ лингвисттерінің еңбегі зор. Қорытынды
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі 1.Қазақ əліпбиінің тарихы: Оқу құралы. -Астана: "Тұран Астана",2011. -158 бет. Досанова А.Ж. 2. https://ulagat.com/2020/08/17/