Дәріс жоспары: Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері



бет1/17
Дата29.09.2023
өлшемі97,46 Kb.
#111385
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Дәрістер жинағы (1)



Дәрістер жинағы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ТЕЗИСІ

1-дәрісбаян
Тақырыбы: «Педагогикалық шеберлік» пәніне жалпы сипаттама.
Мақсаты: Студенттерді педагогикалық шеберлік ұғымына берілген анықтамалармен таныстыру
Дәріс жоспары:

  1. Педагогтың шеберлік туралы ғалымдардың ой-пікірлері

  2. Тәрбиеші сөзінің мағынасы

Педагогтік шеберлік энциклопедияда: “Педагогтік артистизм – бұл жоғары дәрежедегі үнемі жетілдіріліп отыратын іскерлік. Мұндай педагог өз жұмысының шебері, өз пәнін жақсы білетін, жалпы және балалар психологиясымен таныс, ғылым мен искусство саласының кез-келген сұрағына жауап бере алатын адам”,- деген анықтама берілген.
Тәрбиеші тұлғасы мен оның қызметі туралы ойлар мен тұжырымдар өз бастауын ерте грек философтарының еңбектерінен алған. Мәселен, Платон өз еңбектерінде тәрбиешіге жоғары талаптар қояды. Оның: “Білім беруші – тәрбиеші, баласы мен шәкіртінің жан дүниесін толық түсінгенде ғана тұлғаны іске, баланы білімге үйрете алады”,- деген тұжырымы өз дәуірі үшін материалистік тұрғыда болған. Ал, Сократ “... бала қасиетінің, оның туа біткен кейбір ерекше қасиеттерін сақтап қалуды педагогтар мен тәрбиешілер еңбегінің жемісі болуы тиіс”, - деп есептей отыра, тәрбиеші бен шәкірттің арақатынасы туралы нағыз демократиялық бағытты ұстады. Сонымен қатар оның тәрбиеші беделіне үлкен мән бергенін: “Ең біріншіден, тәрбиеші үлкен беделге ие болғанда ғана бала оны сыйлайды”,- деген пікірінен байқауға болады.
Тәрбиеші балабақшаның оқу-тәрбие тиегі. Ол балалардың денсаулығының дамуына, қимыл-қозғалыс іскерлігі мен дағдыларының қалыптасуына, адамгершілік қасиеттері мен интеллектуалдық білімінің жетілуіне көмектеседі. Сондықтан педагог мамандығын таңдаған тәрбиешінің педагогтік шеберлікке жетуінің маңызы зор. Тәрбиеші сөзінің мағынасына В.Дальдың сөздігінде: “Тәрбиеші үйретуші - өзін қалай ұстау керек, қалай өмір сүру керектігі туралы үйретеді, тәрбиеші білім беруші – адамдар жинақтаған білімді кейінгі ұрпаққа жеткізуші”,-делінген. Тәрбиешінің осы аталған екі қызметі өзгеріссіз қалғанымен, өмір, қоғам өзгереді, яғни тәрбиенің мақсаты, міндеті, әдістері, жұмыс формасы үнемі жаңарып отырады. Сондықтан тәрбиеші мамандығын таңдаған әрбір педагог өз бойында педагогтік шеберлікті қалыптастыруға талпынуы тиіс, себебі, оның басты міндеті кез-келген өзгеріске дайын ұрпақ тәрбиелеу.
Әл-Фараби жас ұрпаққа және жеке адамдарға тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, тәрбиешілік жасайтын адамдарды өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам (қазіргі тәрбиеші) – “мәңгі нұрдың қызметшісі”. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі.
Тәрбиешінің жеке басына және педагогтік қызметіне қойылатын талаптарды жүйелеу ісімен Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, И.Гербарт т.б. айналысқан. Мәселен, Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп, тәрбиешілік көрсететін тәрбиешіді өте жоғары бағалады. Тәрбиеші өзі тәрбиелейтін балалардың әкесі деп есептеді. Тәрбиешінің балаға әсер ету күшіне ешбір күш тең келе алмайды деген пікірді айта келіп: “Оларға (тәрбиешілерге) тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары еш нәрсе болмақ емес”,-деді.
Оқытудың зор міндеттерін көрсете отырып, И.Г.Песталоцци тәрбиешілерге үлкен талаптар қойды. Тәрбиеші білімді адам ғана емес, сонымен бірге өз білімін балаларға беруге тиісті дайындығы бар адам болуы керек. Сондықтан тәрбиешінің міндеті әрі ауыр, әрі жауапты, тәрбиеші балаға ата-анасындай қарауы керек, баланы оқытумен тәрбиелеуге қажетті істердің бәрі оның міндеті болып табылады. Тәрбиеші балалардың психикалық ерекшелігін жете білуі керек. Соның негізінде өзінің оқыту және тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруы қажет деп есептеді.
Көрнекті неміс педагогы А.Дистервег тәрбиешідерді педагогтық дағдылар мен шеберлікке үйрету мәселесіне зор көңіл бөлді. Бұл жөнінде: “Жақсы тәрбиеші өз пәнін жете білумен қатар, өз мамандығын және балаларды сүюі қажет. Сабақ үстінде балалар еркін болуы керек, тәрбиеші сабақты қызу қарқынмен жүргізу арқылы, олардың ақыл-ойын дамытып, еркін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастыруы қажет. Ол үшін тәрбиеші үнемі өз білімін жетілдіріп отыруы қажет”,-деді. Сонымен қатар, А.Дистервег, тәрбиешінің еркінің күшті болуының жақсы мінезінің, әсіресе, табанды болуының тәрбиелік мәнін жоғары бағалады.
Тәрбиешінің қызметі жөнінде Адольф Дистервег: “Тәрбиешінің балабақша үшін маңызы күннің жер үшін маңызымен бірдей. Ол алып машинаны қозғалысқа келтіретін күштің бастау көзі”,-дейді.
Н.Г. Чернышевский оқу мен тәрбиедегі негізгі жауапкершілік тәрбиешіге жүктеледі деп есептеді, сондықтан тәрбиешінің педагогикалық қызметі мен қоғамдық орнына ерекше мән беріп, тәрбиешіді өз халқы мен Отанына қызмет етуші қайраткер деп бағалады.
Ресей педагогы К.Д.Ушинский мектепті қоғамдық тәрбиенің орталығы, ал мұның ең маңызды тұлғасы педагог деп бағалайды. Оқу мен тәрбиенің педагогнің сапалы сабағына байланысты екенін ескерте келе: “Тәрбиеде барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуі тиіс... Ешқандай устав және программа, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы, қаншалықты жетілдірілгенімен, тәрбие ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес”,- дейді.
К.Д.Ушинскийдің педагогтар алдына қойған бір талабы – балаларды жан-жақты зерттеп білу болды. “Кімде-кім оқытамын десе, - дейді К.Д.Ушинский, - ол бала талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек”. К.Д.Ушинскийдің педагогтар алдына қойған маңызды тағы бір талабы – олардың үнемі қаламдастарының, алдыңғы қатарлы тәрбиешілердің тәрбие тәжірибесінен туатын идеяларды қабылдап, өз ісіне пайдаланып отыруы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет