Жоспары: Педагог тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби негізі. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті


Ал жалпы педагогикалық əдебиеттерде «құзыреттілік» аясында білім алушылардың мына негізде əрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті түсіндіріледі, яғни нəтижесі



бет3/3
Дата17.02.2023
өлшемі91,17 Kb.
#68678
түріБағдарламасы
1   2   3
Байланысты:
Педагогика -3 — копия

Ал жалпы педагогикалық əдебиеттерде «құзыреттілік» аясында білім алушылардың мына негізде əрекеттің күрделі түрлерін жасай алу қабілеті түсіндіріледі, яғни нəтижесі:
- білімдер болып табылатын танымдық іс-əрекет тəжірибесі;
- іскерліктер түрінде болатын іс-əрекет тəсілдерін іске асыру тəжірибесі;
- проблемалық жағдайда шешім қабылдай алу іскерлігі болып табылатын шығармашылық іс- əрекет тəжірибесі.
Педагогикалық-психологиялық əдебиеттерде құзыреттілік түрлі мағыналық деңгейде қолданылады. Құзыреттіліктің негізгі сипаттамасы — маманда кəсіби іс-əрекетті атқаруды қамтамасыз ететін білімдер, іскерліктер, дағдылар мен тəжірибенің бірыңғай кешенінің қалыптасқан деңгейі болып табылады.
 
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне мұғалімнің оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни оқушыларымен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, мұғалімнің білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б жатқызамыз.
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігіне байланысты зерттеушілер О.А. Абдулина, Ю.К. Бабанский, В.В. Краевский, И.Я. енер, Р.В. Овчарова, И.Ф. Харламовтар болса, мұғалімнің мәдениетіне байланысты зерттеу Б.С. Гершукский, Ш.Таубаева сияқты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.
Мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің құрамына педагогқа тән кәсіби, даралық, қасиеттер болуы керек:
- ірелі және кіріктірілген білімдердің жоғары деңгейінің болуы;
- түйінделген іскерлікті, дағдыны, қабілетті меңгеруі;
- кәсіптік-педагогикалық қасиетке жаңаша көзқараспен қарауы;
- инновациялық технологияларды меңгеруі;
- педагогикалық міндеттерді шешудегі кәсіптік, шығармашылық іскерлігі;
- шығармашылық шеберлігі.
Мұғалім қызметінде өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары: сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі; әзіл-қалжыңға мән бере білуі; оқушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі; шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу; еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы
Егер мұғалім жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда мұғалім өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі де сай болар еді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет