Жоспары: Педагог тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби негізі. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті



бет1/3
Дата17.02.2023
өлшемі91,17 Kb.
#68678
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Педагогика -3 — копия



3- тақырып:Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігі
Жоспары: 1. Педагог тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. 2. Педагогикалық бейімділік пен педагогикалық қабілеттілік педагог тұлғасының кәсіби негізі. 3. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті.
Білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог екені ақиқат. Сол педагогогтың мәртебесін арттыру, абыройын көтеру – көп қырлы үдеріс. Бұл білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасынан орын алған.
Педагог – деп жалпы білім беретін бастауыш, орта, ЖОО мектептердегі білім беру қызметімен айналысатын мамандардың негізгі атауы. Педагог тұлғасына қойылатын қазіргі талаптар. А.Байтұрсынов 1914 жылы «Қазақ» газетінде «Мектеп керегі» мақаласында: «... ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін педагог. Екінші – оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һәм сайлы болуы. Құралсыз іс істелмейді, һәм құралдар қандай болса, істелген іс те сондай болмақшы. Үшінші – мектепке керегі белгіленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығу үшін оның үлгісі я мезгілді өлшеуі балаларға керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс – ол я артық, я кем шықпақшы» – деп мектепке қажетті құралдарды атап өтті.
М.Левитан бойынша педагогтың тұлғалық сапалары:
- өз пәні бойынша жоғары деңгейлі білім;
- өз білімін оқушыларға жете жеткізе білуі;
- талап қойғыштық пен педагогикалық әдеп; - мамандығына деген сүйіспеншілік, шыдамдылық пен әділеттілік;
- өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, ұстамдылық, еңбексүйгіштік;
- артистік қабілеттілік, адал ниеттілік, сезімталдылық;
- оқушылардың болашағына сенуі.
 
Ғалым Э.А.Урунбасарованың зерттеуі бойынша педагогтың тұлғалық сапалары былайша ашылады.
Қоғамдық саяси сапа
- Идеялық сенімі - Азаматтылығы - Патриотизм - Интернационализм -Әлеуметтік белсенділік - Жауапкершілік - Еңбекке шығармашылық қарым-қатынас - Ұжыммен жұмыс жасай алуы - Өз ісіне сыни көзқарас


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет