Моральдық (адамгершілік)- коммуникативтік сапа - Әділдік - Адалдық - Шынайылық - Қарапайымдылық - Адамгершілік - Жылулық сезім - Талап қоюшылық - Талап етушілік - Сезімталдық - Қайырымдылық - Әдептілік - Шыншылдық -
Психологиялық ұйымдастырушылық сапа -Инициатива танытушылық - Өжеттік - Байқампаздық - Көңіл аударушылық -Зейін қоюшылық - Тәртіпшілік - Артистік шеберлік - Өзін-өзі тәрбиелеуі - Іс-әрекетті өз бетінше ұйымдастыра алуы - Өмірге деген құлшыныс
Педагогикалық қабілеттер - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: диагностикалық(танып білу және одан ләззат ала білу),дидактикалық(түсіндіре білу, білім бере үйрете білу),коммуникациялық(қарым-қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу-тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйыдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлеріне еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатты орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан дүниесін ұғына білу, олардың сезімдері мен жай-күйін түсіне білу,эмпатияғақа білеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суттестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік-жігерлік иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі,артистизмі, дауыс ырғағы,ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).
Педагогтың тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі, оны түсіне білуі, ара-қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз ұстанымдылығы, сабырлылығы , адамдарға қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық тәжірибенің даму барысында қалыптасқан жалпы адами мәдениет те бар. Бірақ педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың іс –қимылын ешкім бақыламайды ғой. Ол көбінесе өз қылығын өзі бағалайды, өзі түзетедіСол себепті мұғалімнің моральдік «барометрі» педагогикалық ұяты аса сезімтал жоғары деңгейлі болуы шарт. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты мақсаты мұғалімнің өз-өзіне, педагогикалық еңбекке, оқушылар мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады.
Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас құрам бөлігі ретінде оның кәсіби құзыреттілігі саналады. С.И.Ожегов сөздігінде «құзыреттілік — белгілі бір мəселені жан-жақты білу» екендігі айтылады.