Сурет 1 Шаруашылық субъектілерінің жоспарлары мен олардың орындалуының өз ара байланысы./8/
- жоспарлық көрсеткіштер “қозғалысының” бағыты
- табыстар “қозғалысының” бағыты
- міндетті емес, бірақ керек байланыстардың бағыты
Жоспар жасау логикасы – барлық деңгейде жалпы мемлекеттік жоспарларды әзірлеумен байланысты нақтылы әрекеттердің тәртіпке бағындырылған реті. Оның негізгі идеясы барлық жоспар жасау процесінің басталатын және соған бағынатын негізгі пунктін анықтау. Жоспар жасау логикасының негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:
жоспарлау кезеніндегі экономика дамуының мақсаттарының жүйесін қалыптастыру (логиканың негізгі пункті);
б) базистік кезеңдегі экономика дамуын талдау және оның деңгейлерінің
параметрлерін анықтау;
в) қоғамның қор көлемін, қаржылық мүмкіндіктерін анықтау;
г) жоспарлы кезеңдегі қоғамның қажеттіліктерінің көлемі мен құрылымын
анықтау;
д) қоғамның қорлары мен қажеттіліктерін үйлестіру және жоспарлы
кезеңдегі экономика дамуы жоспарының жобасын әзірлеу;
е) жоспар жобасын талқылау және бекіту.
Жоспар жасау логикасы жоспарлау қағидалары деп аталатын белгілі-бір заңдылықтарға сүйенеді. Олардың негізгілерінің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады.
Басқарудың ғылыми нақтылы және тиімді болу қағидасы. Яғни, жоспарлауда экономика дамуының объективті заңдарының талаптары, отандық және шет елдік тәжірибе мен ғылымның жетістіктері назардан тыс қалмауы тиіс. Жоспардың ғылыми нақтылануы жиналған тәжірибені, нақты қалыптасқан жағдайларды елемеумен және жоспарлаудағы жағымпаздықпен (басшы адамның кез келген идеясын дұрыс деп табумен) сиыспайды.
Жоспарлаудың үздіксіз болуы. Ұзақ мерзімдік жоспарлар бірнеше орта мерзімдік, ал орта мерзімдік жоспарлар, қысқа мерзімдік жоспарлардан құрылуы тиіс.
Жалпы мемлекеттік және жеке мүдделерді үйлестіру қағидасы. Жоспарды ойдағыдай орындау көбінесе жалпыхалықтық мүдделердің, ұжымдар мен жеке адамдардың мүдделерімен қаншалықты тиімді ұйлескеніне байланысты. Аталған мүдделерді назарға ілмеу, экономиканы басқарудың тиімділігін төмендетеді.
Жетекші салаларды белгілеу арқылы экономикада тиімді пропорционалдықты (сандық қатынастарды) қалыптастыру қағидасы. Жетекші салаларды, басыңқыларды белгілеу- бар қорларды дамудың сол кезеңі үшін аса маңызды салалар мен аумақтарды дамытуға, ірі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Жалпымемлекеттік жоспарлардың бірлігі мен кешенділігін қамтамасыз ету қағидасы. Жоспарлардың бірлігін қамтамасыз ету екі жақтан тұрады. Біріншісі-жоспардың методологиясының (әдістемесінің), көрсеткіштер жүйесі мен реттегіштерінің бірлігі, екіншіден – материалдық (әр деңгейдің өзіндік қорларының көлемінің анықтылығы) бірлігі. Жоспарлардың кешеңді болуы кез-келген деңгейдің (аудан, сала, республика) жоспарлары экономиканың барлық жақтарын, байланыстарын бір-бірінен ажыратпай қамту керек екенін білдіреді.
Біз тек жоспарлаудың негізгі қағидаларына ғана тоқталып өттік. Жоспарлау методолгиясына, сонымен қатар жоспар жасау әдістері де кіреді. Жоспарлау әдісі жоспардың бөлімін, көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылатын техникалық есептеулер мен амал-тәсілдердің жиынтығын білдіреді.
Жоспардың жасалу ерекшеліктеріне, қамтитын ауқымына байланысты жоспар жасау үшін бірнеше әдіс қолданылады. Олар: экономикалық анализ (талдау), нормативтік, баланстық, экономикалық - математикалық, бағдарламалық - мақсаттық т.б. әдістер.
Жоспар жасау ісі, біріншіден, экономика дамуының өткен мерзімдегі көрсеткіштерін талдауды, зерттеуді талап етеді. Бұл жұмысты орындау үшін экономикалық талдау әдісі қолданылады. Оның негізгі мақсаты экономикалық даму деңгейін, пайдаланылмаған ресурстарды тауып, оларды қолдану жолдарын, салааралық қатынастардың тиімділігін, өткен мерзімдегі жоспардың орындалуы, не орындалмау себептерін, жоспарлау ісінде жіберілген кемшіліктерді анықтау болып табылады. Ол үшін экономикалық анализ және синтез, топтастыру, теңеу, индекстер мен корреляциялық коэффициентерді есептеу, т.б. статистикалық талдау әдістері қолданылады.
Экономика дамуы жоспарының барлық көрсеткіштерін нақтылау үшін, әсіресе, пайдаланатын материалдар мен шикізат ресурстарының қажетті көлемін анықтау үшін жоспарлау органдары мен ғылыми-зерттеу институттары жасайтын прогрессивті жоспарлау нормалары мен нормативтері пайдаланады.
Баланстық әдіс, жоспар көрсеткіштерін тығыз байланыстыру үшін қолданылатын негізгі әдіс. Бұл әдіс экономикадағы барлық пропорцияларды құру құралы болып саналады. Жоспарлау ісінде баланстардың қалыптасқан жүйесі қолданылады. Баланстар негізінде үш топқа бөлінеді. Олар: материалдық, еңбек ресурстары, құндық баланстар. Бұлардан басқа салааралық және халық шаруашылығы баланстары қолданылады.
Еңбек баланстарының көмегімен экономика салаларында еңбек ресурстарын тиімді пайдалану жолдары, халық шаруашылығын жұмысшы және маман кадрларымен қамтамасыз ету көрсеткіштері анықталады.