Жоспарлау қызметі стратегиялық жоспарлау


-кесте Қарапайым материалдық баланс



бет8/9
Дата25.09.2024
өлшемі53,99 Kb.
#145765
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспарлау қызметі

1-кесте Қарапайым материалдық баланс



Қор

Көрсеткіш

Тұтыну

Көрсеткіш

1.Жылдың басындағы қалдық




1.Өндірісте тұтыну көлемі




2. Өндіру




2.Күрделі құрылыста тұтыну




3. Импорт




3.Халыққа сату қоры




4. Басқа көздері




4. Экспорт










5.Резервтер қорын толықтыру










6.Жылдың аяғындағы қалдық




Барлығы




Барлығы




Құндық баланстар арқылы қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты бөлудегі дұрыс экономикалық пропорциялар құрылады. Мемлекеттің, кәсіпорындардың, халықтың қаржылық ресурстарын дұрыс пайдалану жолдары анықталады.


Жоспардың экономикалық тиімдік тұрғысынан оптималді вариантын анықтау үшін экономикалық-математикалық әдіс қолданылады. Осы әдіске сүйене отырып, экономикалық құбылыстардың математикалық модельдері құрылады. Мысалы, болжамдық халықшаруашылығы балансының моделі, салааралық өнім өндіру және тұтыну балансының моделі, т.б.
Сызықтық программалау әдістерін пайдалану арқылы өндірісті жоспарлау ісінің көптеген күрделі мәселелері шешіледі.
Жоспарлаудың бағдарламалық-мақсаттық әдісі экономикадағы құбылыстарға, ірі мәселелерді шешуге жүйелік, кешенді көзқарас керектігіне негізделген. Себебі, кез келген саланың дамуы басқа да салалардың - шикізат беретін, отын-энергия, қосалқы бөлшектер шығаратын және сол саланың өнімдерін пайдаланатын, сол салаға әр түрлі қызмет көрсететін (тасымал, байланыс т.б.) салалардың даму көрсеткіштерімен тығыз байланысты болады. Сондықтан, алға қойған мақсатқа жету жолдарын көрсететін жоспар жасалған кезде осы байланыстардың бәрі ескерілуі керек.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс мемлекеттік, салааралық және аймақтық бағдарламалар жасағанда қолданылады. Бағдарламаларда алға қойған мақсат анықталады және сол мақсатқа жету жолдары мен құралдары көрсетіледі. Кез келген ірі бағдарлама бірнеше кіші бағдарламалардан тұрады. Бұл бағдарламалардың өзіндік маңызы болады, өзіндік экономикалық тиімді жолдары көрсетіледі.
Бағдарламалық-мақсаттық әдіс: біріншіден – экономика дамуындағы күрделі мәселелер ішінен ең негізі, ең көкейкесті ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтік мәселені айқындауға мүмкіндік береді; екіншіден– сол мәселені шешу үшін керекті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын көрсетеді; үшіншіден – кешенді мәселелерді шешу мақсаты мен мерзімін экономика мүмкіндіктері мен ресурстарын үйлестіреді, соның арқасында жоспардың баланстық үйлестіру деңгейін көтереді; төртіншіден- кешенді бағдарлама көрсеткіштерін салалық және аумақтық жоспарлардың көрсеткіштерімен байланыстырады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет