Жоспарлау қызметі стратегиялық жоспарлау


Жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негіздері



бет6/9
Дата25.09.2024
өлшемі53,99 Kb.
#145765
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспарлау қызметі

Жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негіздері.

Кез келген қоғам, мейлі ол қоғамдық дамудың қай жүйесінде болсын, өзінің болашақтағы даму перспективасын анықтап, болжаусыз өмір сүре алмайды. Экономикалық болжамдар негізінде қоғамның даму мақсатын, сол мақсатқа жетуге қажетті экономикалық ресурстар көлемін, ұзақ-,орта-, қысқа мерзімдік жоспардың тиімді варианттарын, үкіметтің экономикалық, техникалық саясаттарының негізігі бағыттарын анықтау үшін қажет.


Өндірісті басқару тек қана тиімді шешімдерді таңдап, іске асыруы керек, өйткені тиянақтаусыз, қате қабылданған шешімдердің залалы, әсіресе қазіргі кезде, өте үлкен.
Сондықтан, қоғамның даму үрдістерін болжау деңгейі неғұрлым жоғары болса экономиканы басқару ісі де соғұрлым тиімді болады.
Жоспар – алдыға белгілі бір мақсат қойып, соған жетудің нақты жолдарын белгілеу.
Экономикалық және әлеуметтік дамудың барлық жақтары, жоспар мен болжамның мақсаты мен талаптары, қоғамдық өндірістің салалары мен құрылымдарының дамуындағы сандық және сапалық өзгерістер бірімен бірі тығыз байланысқан көрсеткіштер арқылы беріледі. Көрсеткіштер жұйесі мынадай талаптарға сай болуы керек:

  1. Экономикалық және әлеуметтік даму процесінің заңдылықтары мен мұқтаждығын ескеруі керек.

  2. Болжам мен жоспардың мақсаты мен міндетін жеткілікті дәрежеде көрсетуі шарт.

  3. Адрестік негізде, яғни жоспарлардағы көрсеткішті орындаушыны анық, нақты көрсетуі керек.

  4. Кешенді негізде, яғни ұдайы өндіріс пен әлеуметтік дамудың барлық жақтарын қамтуы шарт.

  5. Аймақтар мен салалардың ерекшеліктерін ескеріп, көрсетуі керек.

  6. Қоғамдық өндірістің жоғары тиімділігіне және істің сапасына қол жеткізуді ынталандыруы шарт.

  7. Ақпар мен жоспарды, салалар мен аймақтардың дамуын салыстыра зерттеу үшін, көрсеткіштер бірыңғай, яғни әр көрсеткіш бір ғана мағынада қолданылуы шарт./5/

Жоспар көрсеткіші дегеніміз – басқару шешімінің нақтылы бір тапсырмасын санмен көрсету формасы. Жоспарлық көрсеткіштер өзінің сыртқы белгісіне және атқарар міндетіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Олар: сандық және сапалық; натуралдық және құндық; абсолюттік және салыстырмалық; нормативтік (директивалық) және есептік көрсеткіштер.
Сандық көрсеткіштер жоспардағы тапсырманың сандық белгісін көрсетеді. Олар көлемдік және сандық болып екіге бөлінеді. Көлемдік көрсеткіштер, мысалы, өндірілген өнімнің көлемін көрсетсе, тармақтық (сандық) көрсеткіштер мектептердің, кітапханалардың т.б. санын көрсетеді.
Сапалық көрсеткіштер өндіріс тиімділігі, экономикалық құбылыстар мен процестердің сапалық белгілерін көрсетеді. (еңбек өнімділігі, өзіндік құнның азаюы, материалдық ресурстардың шығын нормасы т.б.).
Натуралдық көрсеткіштер ұдайы өндіріс процесінің физикалық өлшем бірліктерімен өлшенетін жақтарын көрсетеді. Мысалы, өндірілген өнім көлемі (салмағы, ұзындығы бойынша). Кейбір экономикалық құбылыстар шартты-натуралды бірліктермен өлшенуі мүмкін (жемдік бірлік).
Құндық көрсеткіштер экономикалық құбылыстарды натуралдық-заттық құрамынан басқа құндық өлшеммен көрсетеді. Олардың арқасында әртүрлі салалар өнімдерін, еңбек шығыны мен оның нәтижесін салыстыруға мүмкіндік туады. Құндық көрсеткішердің көмегімен экономикадағы көптеген байланыстар мен пропорциялар анықталады.
Абсолюттік корсеткіштер өнім, еңбек ақы, т.б. көлемдерін көрсетеді. Ал салыстырмалық көрсеткіштер салыстырмалы өлшемдермен белгіленеді (үлес салмағы т.б.).
Директивалық көрсеткіштер, жоспардағы негізгі тапсырманы, жоғарғы органның төменгі органдарға, кәсіпорындарға бекіткен тапсырманы көрсетеді. Олардың бір түрі болып нормативтік көрсеткіштер саналады, олар басқарудың барлық деңгейіне міндетті түрде орындалуы шарт көрсеткіштер. Болжаудың негізгі мақсаты экономикалық дамудың балама бағыттарын және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарын анықтау болғандықтан ол экономиканы жоспарлаудың алғашқы сатысы болып табылады.
Енді экономикалық процестерді жоспарлау ісінің методологиялық негіздеріне қысқаша тоқталып өтейік.
Жоспарлау - экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп түсіне білу және оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарларын ғылыми негізде дайындау мен олардың орындалуын ұйымдастыру процесі. Жоспарлаудың негізгі мақсаты – экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белгілі бір пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу./6/
Экономикалық пропорциялар дегеніміз өндірістің әртүрлі элементтері (машиналар, құрал – саймандар, шикізат және материалдық қорлар, жұмыс күші) арасындағы, әртүрлі өндіріс салаларының өнім көлемдері арасындағы, түптеп келгенде өндіріс құрылымдары мен өндіру көлемдері және тұтыну құрылымдары мен тұтыну көлемдері арасындағы белгілі сандық қатынастар.
Экономикалық пропорциялар өздігінен (стихиялық) және адамның мақсатты түрде жүргізген әрекеттері нәтижесінде құрылуы мүмкін.
Капиталистік экономикалық формацияның қалыптаса бастаған алғашқы кезеңінде, пропорциялар нарықтық үйлестіру механизмі арқылы және кризистер арқылы қалыптасады. Оған экономиканың даму заңдары үздіксіз ықпал етіп отырады. Тауар өндірушілер экономикалық заңдардың бар-жоғын сезбесе де, сол заңдардың талабына сәйкес қызмет жасайды. Мысалы, ол өндірген тауарына баға қойған кезде, тек өзінің жұмсаған шығынын есептеп қоймай, сонымен бірге базарда қалыптасқан жағдайды ескереді. Оған құн заңы ықпал етеді. Сонымен, бірінен бірі туындап отыратын, бірімен бірі тығыз байланыстағы тауар өндірушілер қызметі арқасында экономикада пропорциялар жүйесі құрылады. Яғни, экономиканың құрылымдық бөліктері арасында белгілі бір сандық қатынастар қалыптасады. Оны біз пропорционалдық дейміз.
Өндіріс күштерінің дамуы жоғары деңгейге жеткен кезде (коғамдық еңбектің бөлінуі тереңдеген, шаруааралық байланыстар қүрделенген кезеңде), нарықтық үлестіру механизмі де, кризистер де экономикалық пропорцияларды құруға жеткілікті бола алмайды.
Осы жағдайда экономикалық пропорциялар жүйесін, пропорционалдықты саналы түрде құру қажеттілігі туындайды. Саналы түрде құрылған пропорционалдық - жоспарлылық болып табылады.
Жоспарлау төменде көрсетілген міндеттерді атқарады:

  1. қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басыңқы (негізгі) бағыттарын анықтау;

  2. жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу;

  3. материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын (қорларын) орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау;

  4. жекелеген салалар мен аумақтардың даму карқыны мен пропорцияларын (өз ара сандық қатынастарын) анықтау т.с.с.

Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және саналы түрде қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік, кешенділік, жоспар жасау тәртібі,реті мен логикасының бірлігі және жоспарлау қағидалары (принциптері) мен әдістері жатады./7/

Қазақстанның халық шаруашылығы және оның даму жоспары









Халық шаруашылығы салалары және олардың даму жоспары

Қазақстан облыстары және олардың кешенді даму жоспары











Мемлекеттік кәсіпорындар және олардың даму жоспары


Жеке кәсіпкерлер, үй шаруашылықтары және олардың даму жоспары



Қалалар, аудандар және олардың кешенді даму жоспары











Экономика саласын тікелей мемлекеттік реттеу



Тауар және ресурс қозғалысын нарықтық реттеу және нарықтық қатынастардың субектілері











Тауар, ресурс, қызмет көрсетудегі түскен табыс, оларды бөлу мен пайдалану




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет