Жоспарлау қызметі стратегиялық жоспарлау


Стратегиялық жоспарлаудағы экономиканың негізгі даму басымдықтары



бет9/9
Дата25.09.2024
өлшемі53,99 Kb.
#145765
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жоспарлау қызметі

Стратегиялық жоспарлаудағы экономиканың негізгі даму басымдықтары

Елді реформалау мен жалпы әлеуметттік-экономикалық стратегияның мәні – қоғамның жаңа типіне өту.


Ұлттық деңгейде, ұзақ мерзімді перспективаға елдің дамуының жоспарларын жасау қажеттігі келесі міндеттерді шешумен айқындалады

  1. жалпы Үкіметтік, салалық және аймақтық органдардың экономикалық қызметінің процесінде алдыңғы орын стратегиялық жоспарлауға берілуі қажет;

  2. бұл қызмет стратегиялық жоспардың мақсаттарына бейімделуі қажет;

  3. үлкен орынды стратегиялық жоспардың орындалу тиімділігіне беру керек.

Жоспарлаудың тиімділігін жоғарылату мақсатында арнайы органдар құрылды.

  1. Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі (қазір бұл агенттік Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрамына енгізіліп стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті деп аталады).

  2. Стратегиялық ресурстарды бақылау жөніндегі агенттік.

Бірінші орган ел дамуының стратегияларын (министрліктер жұмысының стратегиялық жоспарларын, мемлекеттік комитеттердің, үкіметке кірмейтін басқа да орталықтандырылған атқарушы органдар мен ведомстволардың, экономиканың стратегиялық секторындағы қызмет жасайтын акционерлік қоғамдардың) жоспарларын әзерлейді немесе әзерленуі үшін жауапты. Сондай-ақ бұл органның төмендегідей функциялары бар:

  1. дүниежүзілік тәжірибені оқиды, және елдің дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтайды;

  2. Қазақстанның экономикалық жағдайын талдау, ішкі әлеуетін (потенциалын) бағалайды;

  3. тиісті құрлымдық бөлімдермен бірге ведомствалық стратегияларды әзерлеуге қатысады.

Екінші орган мемлекет мүддесіне байланысты стратегиялық ресурстарды тиімді пайдалануды бақылайды.
Бұл агенттіктер экономика дамуының стратегиялық жоспарларын әзірлеуде үлкен роль атқарады.
Жалпы жоспарларды әзірлеу процесінің негізгі мынадай сатылары бар.

  1. елдің табиғи-экономикалық, материалдық, техникалық, интеллектуалдық әлеуетін ғылыми тұрғыдан және терең талдау ;

  2. алдағы мерзімге әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық,

табиғи-экономикалық болжам жасау.

  1. қажетті тауарлар мен қызметтердің түрлеріне жиынтық сұранысты

болжау;

  1. жоспар жасаудың қағидаттарын анықтау және концепциясын

тұжырымдау;

  1. өндіріс және оның басым бағыттарының дамуының сандық-

сапалық көрсеткіштерін ғылыми негіздеу;

  1. қажетті, маңызды проблемалар бойынша ұлттық бағдарламалар

жасау;
7) баланстар жүйесін құру;
8) жоспардың өзін жасау./9/
Стратегиялық жоспарлар келесі бөлімдерден тұрады:

  1. жоспарланған уақыттағы (мерзімдегі) қоғам дамуының

макроэкономикалық көрсеткіштері;
2) ұлттық бағдарламалар;
3) сыртқы экономикалық байланыстардың нәтижесі мен динамикасын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі;
4) тауарларға (қызметтерге) мемлекеттік тапсырыстар;

  1. елдің әкімшілік-территориялық бірліктерінің даму деңгейін

сипаттайтын көрсеткіштер.
Енді республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарына тоқталып өтейік. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысындағы болашағын бағалау үшін Қазақстан Республикасының Стрстегиялық даму бағдарламасына сәйкес дамудың басым бағыттарын көрсеткеніміз жөн. ҚР-ы үкіметінің шешуші негізгі макроэкономикалық мақсаттарының бірі – экономикалық өсу жылдамдығының жоғарылуына жағдай жасау, экономиканы мемлекеттік басқару, реттеу механизмдерін барынша тиімділікпен қолдану. Осыған байланысты үкіметіміздің бюджеттік шығыс аясындағы саясаты, ел экономикасының әртүрлі саласындағы мемлекеттік әрекет тиімділігін бағалау нәтижесіне негізделеді. Мұның өзі бюджеттік ресурстарды шығындау бағытын іріктеуде комбинациялардың өзектілігін, реттілігін анықтауға мүмкіндік береді.
ҚР-ның 2003-2005 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық дамуының индикативтік жоспарларына сәйкес, еліміздің стратегиялық даму жоспары аясында төмендегідей бағыттар анықталған:

  1. Ұлттық қауіпсіздік.

  2. Ішкі саясаттың тұрақтылығы және қоғамның бірігуі.

  3. Жоғарғы деңгейдегі шетелдік инвестциялар мен ішкі жинақ қоры бай, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. Осы бағытты жүзеге асыру үшін келесі шараларды іске асыру көзделген:

а) аграрлық секторды дамыту және ауыл өмірін сапалық жағынан жақсарту;
ә) өнеркәсіптік секторды дамыту;
б) ғылым мен технологияны дамыту;

  1. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты. Бұл бағытта жүргізілетін шаралар кешені келесідей:

а) білім, денсаулық сақтауды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;
ә) демография және миграция;
б) тұрғын үй құрылысын дамыту;
в) кедейшілікті төмендету және әлеуметтік қорғау.

  1. Энергетикалық ресурстар. Мұндағы жүзеге асырылуы тиіс шаралар:

а) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды басқару.
6) Инфрақұрылым, көлік және байланыс. Іске асуы тиіс шаралар:
а) өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.
7) Кәсіби деңгейі жоғары мемлекет.
а) мемлекеттің қызмет статусын жоғарлату./10/
Осы аталған негізгі басымдықтар ішінен үшінші, төртінші, алтыншы бағыттарды қарастыру біздің дипломдық жұмыста алға қойған мақсатымызға сай келеді.
Стратегиялық жоспарлардың орындалуы ең алдымен олардың ресурстық және қаржылық қамтамасыз етілуіне байланысты екендігі айқын мәселе. Сондықтан жоспарда көрсетілген негізгі басымдықтарды жүзеге асырудың қаржылық қамтамасыз етілу жақтарын қарастыруды жөн санаймыз.
Бюджеттік шығыстағы қысқа және орта мерзімдегі өзекті мәселелердің бірі – аграрлық секторды дамытуға және ауыл өмірін жақсартуға бағытталған шығыстар болып табылды. ҚР-сы Президентінің 2002 жылдың 29 сәуірінде Қазақстан халқына жолдаған "2003 жылғы ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" жолдауында көрсетілгендей 2003-2005 жылдар ауыл жылдары деп жарияланғандығы белгілі. Бұл жылдары ауыл білімін, ауыл тұрғындарының денсаулығын, ауыз суға қажетті құралдарды және облыс, аудан аралық көлік жолдарын жасау мен жөндеу жұмыстарын қаржыландыру үшін бөлінген қаржы көлемінің өсуі 10 млрд теңгені құрайды деп атап өтілген. Мұның ішінде 2004-2005 жылдарда ауылдардағы білім беру объектілерінің құрылыстарына 3,7 млрд теңге және ауыл халқының денсаулығын көтеруге, туберкулезді емдеу мекемелері мен перзетхана құрылыстарына 3 млрд. теңге бөлінбекші.
Тұтастай алғанда мемлекеттің ауыл шаруашылығындағы саясатына 2004 ж. 49,5 млрд. және 2005 ж. 55,2 млрд теңге бөлінетін болады. Сонымен қатар селолардың инфрақұрымы мен әлеуметтік деңгейін дамытуға республика бюджетінен 2003-2004 ж 10139 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 5939 млн. теңге бөлінетін болады./11/
Ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланудағы тиімді жүйелерді құруда келесідей шаралар іске асырылмақшы

  1. тиімділікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік су шаруашылық ұжымдарының су беру қызметіндегі өтеусіз шығындарды жабуға республика бюджетінен дотация беру.

  2. гидромелиоративтік құрылғылар мен шаруашылық аралығындағы қаналдардың бұзылған жерлерін қалыпқа келтіру, ирригациялық жүйе жағдайына мониторинг жүргізу, егістік жерлердегі құрылыстарды жоспарлау қызметін жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме нысанындағы "Қазагромелиосушаруашылық" әдістемелік орталығын құру.

  3. су шаруашылық жүйесінің және құрылғыларының гидротехник-инженерлерімен құрылысшы инженерлерін дайындауды үйымдастыру.

Өсімдік наруашылығы өнімдерінің өндіруді арттыру және оның экспорттық мүмкіндігін дамыту мақсатында:

  1. ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің гербицидтер мен минералды тыңайтқыштарды алудағы субсидиялау көлемін мемлекеттік бюджет есебінен көбейту;

  2. ауыл наруашылығы өнімдерін өндірушілерге шетелдік және отандық техникалар мен қосалқы болшектерді алуға несие беру;

  3. қызмет етудің бастапқы кезеңінде мемлекеттік орындар қатысатын, соңынан мемлекет үлесінің бәсекелеске сатылуымен жүретін қызмет көрсетуші орталықтар мен МТС-дың (машина-технологиялық станциялардың) тиімді түрін құруда жоспарлар жасау мен оны жүзеге асыру;

  4. өсімдіктердің аурулары мен қауіпті паразиттеріне қарсы күресте кешенді фитосанитарлық шаралар жүргізу.

. Мал шаруашылығы өнімділігі мен экспорттық мүмкіндігін жоғарылату мақсатында:

  1. асыл тұқымды өнімдердің ауыл шаруашылық өнім өндірушілеріне қол жетерлік деңгейде болуы, агроөнім бағдарламасымен бағаларды субсидиялау төмендегі бағыттар бойынша анықталды:

  2. асыл тұқымды бұзауларды арзан бағамен (50%) сату;

  3. асыл тұқымды жұмыртқаларды арзан бағамен сату (50%) сату;

  4. өнімдік бұқа тұқымдарын арзан бағамен беру (50%);

  5. асыл тұқымды бұқаларды алу және ұстау, сонымен қатар олардың тұқымдарын сақтау мен мал шаруашылығына қажетті арнайы құралдарды сатып алуға кеткен шығындарды толықтай жабу;

  6. саны жөнінен аз және жоғалып кеткелі тұрған асыл тұқымды жануарлар мен селекциялық-генетикалық орталықтардағы коллекциялық жануарларды ұстау үшін алынған арнайы технологиялық құралдардың құнын толық өтеу.

Ауыл шаруашылық саласы бойынша ауылдық жерлерге мамандар дайындау қажеттілігін ескере отырып, даярлау, қайта даярлау және ауылшаруашылық саласының барлық тармақтары үшін мамандардың біліктілігін жоғарылату, сол сияқты өндірістің, ауыл шаруашылық саласындағы жоғарғы және орта кәсіби оқу орындары негізінде ауылшаруашылық шикізаттарын өңдеуші мамандарды даярлау.
Мәдениет саласын дамыту бойынша
1) жұмыс істемей тұрған мәдениет орындарын (кітапхана, клубтар, кинотеатрлар) қалпына келтіру бойынша шаралар қолдану; ҚР-ның Үкіметі белгілеген нормативтер негізінде, саланың оңтайлы инфрақұрылымын қамтамасыз ету; мәдениет мекемелерінің материалды-техникалық базасын нығайту;

  1. ауыл турғындарын мәдени, ақпараттық-ағартушылық қызметтермен қамтамасыз ету.

Жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелерін жақсарту мақсатында мына шаралар қолданылады:
а) ауыл түрғындарын жұмыс бастылығын арттыру;
ә) тұрғындардың, табиғи-климаттық қолайсыз және экологиялық жағдайы қолайсыз аудандардан көшуіне, қоныс аударуына көмектесу;
б) ауыл тұрғындарын әлеуметтік қорғау;
в) мемлекетпен төленетін зейнетақы мен жәрдемақыны дер кезінде берілуін қамтамасыз ету;
г) атаулы әлеуметтік қолдау жұмыстарын күшейту, барлық елді мекенді жерлерде аз қамтамасыз етілген азаматтарды есепке алу карточкасын толтыру.
д) әлеуметтік төлемдердің барлық түрлері бойынша кезекпен қарыздарын өтеу.
Бюджеттік шығындардың келесі басымдығы – бұл денсаулық сақтаудың дамуы және салауатты өмір салтын жүргізуді насихаттау:
а) тұрғындарға сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсету;
ә) санитарлы-эпидемиологиялық жағдайды қамтамасыз ету,
б) медициналық қызмет нарығында қаржылық құралдармен қамтамасыз етуді жетілдіру;
в) алғашқы медициналық-санитарлық көмекті және диагностикалық орталықтарды дамыту;
г) салауатты өмір салтын жүргізу туралы насихаттау шараларын жетілдіру;
Демография мен миграция бойынша жүргізілетін шаралар кешеніне тоқталайық.
Туу деңгейінің төмендеуі – Қазақстан үшін күрделі проблемалардың бірі. Сондықтан, барлық шараларды қолдану арқылы тууды арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.. Осындай шаралардың бірі – жаңа туылған сәбилерге уақтылы төленетін жәрдемақы. Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында (4 сәуір 2003 ж.) елдегі демографиялық жағдайды жақсарту керектігін баса айтып өтті.
Жалпы миграция – оралмандарды орналастыру мен жұмысқа тұрғызу, оларды орналастырған жеріне үйренуіне көмектесу және жергілікті әлеуметтік ортаға енгізу, біріктіру мәселелерін қарастырады.
Тұрғын үй құрылысын дамыту саласында 3 жыл ішінде әлеуметтік қорғалатын категорияға жататын азаматтардың ішінде 12 мың жанұяны тұрғын үймен қамтамасыз ету:
Басымдылық бойынша өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуы жөнінде айтып өтуіміз қажет.
Жақын арада, көліктік-коммуникациялық кешенді тұрақты қаржыландыру, келесі міндеттерді шешуге көмектеседі

  1. ҚР-сының 2001-2005 жылдарға жасалған темір жол көлігін қайта құру бағдарламасына сәйкес, темір жол көлігінің әрі қарай дамуы;

  2. халықаралық стандартқа сәйкес, респуликадағы автокөлік жолдарын жаңалау және дамыту;

  3. халықаралық стандарттарға сай, тиімді авиакөліктік жүйені қалыптастыру, қоғамның және экономика субъектілерінің барлығына тиімді және жүк пен жолаушыларды аз шығынмен тасуды қамтамасыз ететін халықаралық көлік коридорларын біріктіру.

  4. жоғары деңгейлі порттық инфрақұрылым негізінде, теңіздік сауда флотын құру, ол теңіздік сыртқы саудалық жүк тасуларда елдің қажеттілігін толық қамтамасыз ете алуы керек.

  5. республика экономикасының телекоммуникациялық секторын дамытуға бақытталған, ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымға біріктірілген бәсеке қабілетті жағдайлар жасау және механизмдер құру.

Қазақстанның өндірістік секторын дамытуға арналған бюджеттік қаржылар мыналарға жіберіледі
а) шикізат ресурстарын тереңдетілген өңдеумен байланысты салаларды дамыту;
ә) мұнай химия саласына;
б) машина жасауға;
в) тұтыну тауарлары мен құрылыс материалдарының өндірісіне;
г) ауыл шаруашылық машиналарын (дөңгелектік және шынжырлы тракторлар, астық жинайтын комбайндарды, сиыр сауатын агрегаттар, т.б.)жасауды дамыту.
Ғылым мен технологияны дамыту.
Ғылым мен өндірістің (ассоциация, технопарк, технополис, консорциумдар, өндірістік кәсіпорындар) бірігуіндегі жаңа ұйымдастыру нысандарын, мемлекет тарапынан қызметтің алғашқы даму сатысында, қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.
Кедейлікті төмендету және әлеуметтік қорғау.
Тұрғындардың әлеуметтік қорғауды қажет ететін топтарына мемлекет тарапынан келесідей шаралар қарастырылады;
а) зейнеткерлерге зейнетақының ең төменгі мөлшерін жыл сайын өсіру, зейнетақыны уақытылы төлеу;
ә) аз камтамасыз етілген азаматтарға жанұяның адам басына шаққандағы табысына байланысты, атаулы әлеуметтік көмек көрсету;
б) жетім балаларға білім алуларына және жұмысқа тұруларына жағдай жасау.
Аталған басымдықтарды жүзеге асыруда мемлекеттік инвестициялық саясаттың артықшылықты бағыттары болып көлік-коммуникациялық кешенінің жетілдірілуі, ең алдымен көлік инфрақұрлымы мен электроқуатты тасымалдау объектілері, агроөнеркәсіп кешенін қолдау мен ауыл инфрақұрылымын жетілдіру, сумен қамтамасыз ету, экология, әлеуметтік сектордың дамуы, Астана қаласының дамуы мен мемлекеттік басқару органдарының институционалдық нығаюы қалады.
Мемлекеттік инвестициялық артықшылықты бағыттарды іске асыру мақсатында мемлекеттік бюджеттен 316 жоба қаржыланатын болады, олардың үлесі 2003 жылы жалпы қаржы көлемінің 30%-дан астамын құрайды. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың қаржылану көлемі 2003 жылы 113184,98 млн тг., 2004 ж. 136856,93 млн тг., 2005 ж. 132550,51 млн тг. құрайды, одан басқа жаңа жобаларды қаржыландыру 2003 ж. 17,31 млрд тг. құрайды.

Прогнозирование и планирование экономики. Под ред. В.И. Кандауровой и др. Минск,2000


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет