ЖОСПАРЛАУ ҚЫЗМЕТІ 1. Стратегиялық жоспарлау Көп жылдан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің — «генерал өнері» деген сөзінен шыккан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында колданылып келгенмен, қазіргі кезде бұл атау кәсілорын қызметінін жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегиядегеніміз ұйымныц міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жакты жоспар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы қабыддаған әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.
Стратегиялык жоспарлау басқару шешімін кабылдауға кажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті — ұйымдағы жаңадан енгізілгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялык жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін камтиды: ресурстарды болу; сырткы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялык болжалдау. Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілер. 1. Стрптегияны көпшілік жағдайда жоғарғы басшылар түжырымдайды және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға баскарудын барлык деңгейіндегілердің катысуы көзделеді.
2. Стратегнялык жоспар жеке бір ұйьшға ғана емес, бүкіл корпораишшың болашағы үшін жасалады.
3. Стратегиялык жоспар келемді зерттеулерден және нақты деректермен негізделуі тиіс. Казіргі әлемдегі бизнеспен тиімді бәсекелесу ушін фирма сапа, рынок, бәсеке және баскдцай факгорлар гуралы толып жяткан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
4. Стратегиялык жоспар фирманың айқындылығьш, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардьщ белгілі бір жұмыскерлерді тартуына ыкпал етеді.
5. Стратегиялык, жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы гутаетығын сакгаумен коса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және кайта бағыттауды жұзеге асыратындай икемді болуы тиіс.
Жалпы стратегиялық жоспарды бағдарлама ретінде қарастыру кажет, сонда үзак уакыт бойы фирманың қызметін бағыттауға, әрі кажет болған жағдайда өзгертуге болады.