«Жұқпалы аурулар және фтизиатрия» кафедрасы БӨж тақырыбы: Балалардың жедел ішек инфекциялары Жоспар


Балада диарея болмау үшін, мынандай алдын алу шараларын сақтау керек



бет3/4
Дата30.03.2023
өлшемі1,1 Mb.
#77587
1   2   3   4
Балада диарея болмау үшін, мынандай алдын алу шараларын сақтау керек:
1. Баланы 2 жасқа дейін емшек сүтімен тамақтандырыңыз. Есте сақтаңыз, ана сүтінде баланың алғашқы өміріне қажетті барлық нәрлі заттар бар, сонымен қатар, ана сүті баланы жұқпалы аурулардан сақтайды.
2. 6 айлығынан бастап қосымша тамақты дұрыстап беріңіз. Тағамды ішер алдында дайындаңыз. Баланы қасықпен тамақтандырыңыз.
3. Емізер алдында және тамақ дайындар алдында қолыңызды мұқият жуыңыз. Тамақты таза жердежәне таза ыдыста дайындаңыз.
5. Жеке бас тазалығын сақтаңыз. Ойыншықтарды үнемі таза ұстаңыз, ластанған кезде жуыңыз. Баланың дәрет тазалығын дұрыс қадағалаңыз. Баланы дәреттен кейін бірден жуындырыңыз. Содан соң өзіңіздің және балаңыздың қолын жуыңыз.
4. Пайдаланылатын су қайнатылған, таза жеткілікті мөлшерде болу керек.
Балалардың ішек инфекцияларымен ауырғандағы белгілері
Инкубациялық мерзім 15 сағаттан 3-5 тәуліке дейін. Сырқат жедел, кейде аяқ астынан басталады. Бірінші көрінісі көбінесе-құсу, бірреттік құсу болады, кейде қайталама түрде, көбінесе ауру басталғаннан бірінші тәулігінде басталады. Кей науқастарда құсу іш өтумен бірге бір уақытта болады. Нәжісінің түсі жасылдау, сарғыш-жасыл түсті болады. Кейбіреулерінде нәжісінде шырыш болады, тәулігіне 1-2 рет өтеді. Ауырсыну толғақ тәрізді эпигастрии, мезагастрии аймағында болады. Іші құрылдайды. Сонымен қатар гастроэнтерит синдромына интоксикация синдромы қосылады.
-әлсіздік
-бас ауруы
-бас айналуы
-адинамия
-тәбеттің төмендеуі
Ас қорыту жүйесінің зақымдалуы төмендегілермен көрініс береді:
Гастрит – эпигастрийдегі ауырсыну, жүрек айну, құсу (жиі көп рет);
Энтерит – оң жақ мықын аймағында кіндік маңында толғақ тәрізді ауырсыну, жүрек айну, көп рет құсу, диарея – жиі, сұйық, көп мөлшерлі қорытылмаған тағам қалдықтарымен нәжіс иісі мен түсінің өзгеруімен;
Колит (дистальді колит) – толғақ тәрізді сол жақ мықын аймағында ауырсыну, тенезмдар, жалған шақырулар, нәжісі жиіаз мөлшерде, нәжістік сипатын тез жоғалтады, патологиялық қоспалармен (қан, шырыш).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет