Жұқпалы аурулар



бет3/9
Дата24.05.2023
өлшемі35,6 Kb.
#96360
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жұқпалы аурулар

1. Энтеральды топ –фекальдық жолмен жүретін әдеттегі ішек жұқпасы, оған А вирустық гепатиті және Е вирустық гепатиті жатады.
2. Ас қорыту жолынан тыс тобы – әдеттегі қанталау инфекциясы – жұғу жолдары – қан және де организімнің сұйық ортасы (сілекей,сперма, емшек сүті). Бұл топтың өкілдеріне – В вирустық гепатиті, С вирустық гепатиті, D вирустық гепатиті жатады.
Қазақстан Республикасы вирустық гепатиттің А түрінің көп тараған өңірлердің біріне жатады, сырқаттану вирустық гепатитпен ауырудың барлық жағдайының 60 %-нан 90 %- на дейін жетеді.
Бауырдың қабынуының Е вирусымен ауырған жағдай біздің республикада тіркелмеген. Аурудың бұл түрі, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары нашар ұйымдастырылған, көбінесе Азия және Африка елдеріне тән.
Бауырдың қабыну вирусының В түрі әр түрлі жолдармен таралатын аурулардың қатарына жатады. Аса көп тараған түрі – жыныс жолдарымен және гепатитпен ауырған адамның қанымен араласқан түрі. Бауырдың қабыну вирусының В түрімен тіс емханасында, шаштаразда, пирсинг, татуировка жасау кезінде жұқтырып алуға болады – осыған ұқсас салондарда, операция барысында қан құю кезінде, жұқтырылған егу шприцін пайдаланғанда, сонымен қатар науқас ананың жүкті кезінде балаға жұғуы немесе туу кезінде жұқтырылуы болып табылады.
Балалар үшін В гепатиті өте қауіпті, себебі сәби кезінде өткен аурудың түрі созылмалы ауруға, кейін рак ауруына ауысатын бауырдың қабынуына әкеліп соғады. Жас кезінде науқастанған болса, солғұрлым созылмалы вирусты тасушы болуы мүмкін. Жаңа туған сәбилердің 90-95% — да аурудың белгісі білінбейді, сары ауру белгісінсіз және 70-90 % созылмалы вирус тасушы, ал 35-50 % созылмалы түрде болады.
D вирустық гепатит, тек вирустық гепатиттің В түрі болғанда, суперинфекцияны күшейтіп, өрбиді.
Бауырдың қабыну вирусының ауыр түрі болып С түрі немесе қан құюдан кейінгі бауырдың қабынуы болып саналады.
Посттрансфузиялық бауырдың қабынуы — бұл аурудың көбінесе қан арқылы – қан құю кезінде немесе зарасыздандырылмаған егу инесі арқылы өтеді. Жыныс жолдары арқылы бауырдың қабыну вирусының С түрі сирек кездеседі немесе тікелей анадан ұрыққа өтеді. Бауырдың қабыну вирусының С түрі вирустың басқа түрлерімен қосылуында науқастың жағдайы күрт нашарлайды, ауру барысы асқынып, өлім халіне әкеліп соғуы мүмкін. Ғалымдардың осы бағытта бар күшін салып отырғанына қарамай, қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының С түрінің тағы бір қауіптілігі, сау адамды науқас адамнан қорғау үшін әсер ететін вакцинаның болмауында.
Соңында, вирустық гепатиттің G түрі – бауырдың қабыну вирусының соңғы өкілі болып саналады – өзінің белгілерімен ол бауырдың қабыну вирусының С түріне ұқсас болады.
Бірақ, ол біршама қауіпсіз, себебі бауыр қабынуының С түріне тән бауыр циррозының өрбуі және бауыр ісігіне әкеліп соғатын инфекциялық үдерісі G түріне жатпайтынында.
Алайда, бауырдың қабыну вирусының С және G түрінің бірге қосылып өрбуі циррозға әкеліп соғуы мүмкін.
Қазіргі күні бауырдың қабыну вирусының барлық түрлеріне жетік диагностика жүргізіліп, анықталады және аурудың енді ғана басталу кезінде емделгенде, көп жағдайда жазылатын ауру деуге болады. Алайда, бауырдың қабыну вирусының өрбуіне жол бермей, өндіріс орындары мен медициналық мекемелерде жүргізілетін алдын алу шаралардың аса күрделі емес талаптарын орындау қажет, тұрғындар мен жеке тұлғаларды дер кезінде вакцинациялау жұмыстарын ұйымдастыру қажет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет