Жүректің дамуы. Жүректің қалыптасуының дәйекті үш сатысындағы ұрықтардың көлденең кесіндісі (Штраль, Гисс және Борн бойынша):
а — жүректің жұп бастамалары; б — олардың жақындасуы;
в — бір тақ бастамаға қосылуы. 1 —эктодерма; 2 — энтодерма;
— жүйке науашығы; 11 — жүйке үйемелері; 12 — төмендеуші қолқа(жұп);
13 — қалыптасып келе жатқан басты ішек; 14 — басты
ішек; 15 — арқалық жүректік шажырқай; 16 — жүрек қуысы;
17 — эпикард; 18 — миокард; 19 — эндокард; 20 —жүрек қабы; 21 — перикардиалдық қуыс
22 — кері дамушы қурсақтық жүректік шажырқай
Жүректің құрылысы
Жүректің қабырғасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы эпикард (грек. эпи - үстіңгі + кардиа -
жүрек), ортаңғы -миокард (грек. миос - бүлшық ет + кардиа) және ішкі -эндокард (грек. эндон
- ішкі + кардиа). Жүректің еті -миокард- ерекше құрылымды көлденең жолақты ет
ұлпаларынан тұрады. Оның калыңдығы жүректің әр жерінде әртүрлі. Ең жұқа жері
жүрекшенің қабырғасында 2-3 мм, ал ең қалың жері -- сол жақ қарыншаның қабырғасының қалыңдығы бұдан 3-4 есе артық. Миокард ырғақты жиырылып және босап, қанның үздіксіз ағуын қамтамасыз етеді. Бұл жүрек еттерінің қалыпты жиырылуы.
Эндокард. Эндотелий – жалпақ полигональды жасушалардан құралған Эндотелийасты- аз дифференцияланған жасушаларға бай БТД ұлпа.
Миокард- жүректің ортаңғы ең қалың қабығы.ол жүректің типті қысқарғыш бұлшықет жасушаларынан-жасушалы кардиомиоциттерден тұрады. Сонымен қатар миокардта атиптік,
жүректің өткізуші жйесінің миоциттері орналасады. Миокардтың бұлшықет элементтері
арасында БТД ұлпаның жұқа қабаттары , коронарлық тамырлар, нерв ұштары бар.
Эпикард- жүректің сыртқы, сероздық қабығы перикардтың висцеральды жапырағы болып
есептелінеді. Эпикард дәнекер ұлпаның астындағы миокард пен тұтасып бітетін нәзік қабаты.
Бұл эпителий өндіретін сұйықтық перикардиалды қуысқа бөлініп майлау рөлін атқарады.
Перикардтың паиретальді жапырағының негізін жақсы дамыған дәнекер ұлпасы құрайды. Оның да перикардиальді қуысқа қараған беті мезотелиймен қапталған. Эпикард пен перикардта көптеген нерв ұштары аяқталады.