Жүрек-қантамырлар жүйесінің эмбриогенезі және жасқа байланысты морфологиясы


V.Адамның жасына байланысты өзгерістері



бет6/7
Дата22.09.2022
өлшемі487,95 Kb.
#39833
1   2   3   4   5   6   7

V.Адамның жасына байланысты өзгерістері


Онтогенез барысында жүректің гистологиялық құрылымдарының өзгерістері жүретін үш кезеңге бөлуге болады: дифференциялану кезеңі, тұрақтану кезеңі, инволюция кезеңі. Ұрықтық кезеңде басталған жүректің гистологиялык кұрылымдарының дифференциялануы 16—20 жасқа қарай аяқталады. Кардиомиоциттердің дифференциялануына және қарыншалардың морфогенезіне гемодинамикалық жағдайлардың өзгеруі — кіші қан айналу шеңберіндегі қан қысымы мен кедергінің төмендеуіне, ал үлкен қан айналым шеңберінде қысымның көтерілуіне әкелетін, сопақша тесік пен артериялық өзектің жабылуы үлкен әсер етеді. Онымен бір мезгілде, оң карынша миокардының физиологиялык семуі және сол қарынша миокардының физиологиялык гипертрофиясы байкалады. Дифференциялану барысында жүрек миоциттерінде саркоплазма көбейіп, ядролық-цитоплазмалық арақатынас төмендейді. Миофибриллалардың саны қарқынды көбейеді. Өткізгіш жүйенің бұлшықет жасушалары, жиырылғыш кардиомиоциттерге қарағанда, тез дифференцияланады. Жүрек стромасының дәнекер тінінің дифференциялануы барысында ретикулярлық талшықтардың санының біртіндеп азаюы және олардың жетілген коллаген талшықтарымен алмасуы байқалады.Қалыпты қызметтік күштеме жағдайында 20—30 жас араларындағы адам жүрегі салыстырмалы тұрақтану сатысында болады. 30-40 жастан асқан адамның миокардының стромасында дәнекер тінінің мөлшерінің өсуі байқалады. Сонымен бірге, жүрек қабырғасында, әсіресе эпикардта, адипоциттер пайда болады.Жүректің жүйкелену дәрежесінің деңгейі де адамның жасына байланысты өзгеріп отырады. Аумақ бірлігінде жүрекішілік өрімдердің ең көп және медиаторлардың белсенділігінің жоғары болуы жыныстык жетілу кезеңінде байқалады. 30 жастан кейін адренергиялык жүйке өрімдерінің тығыздығы және олардағы медиаторлар мөлшері ұдайы азайса, холинергиялық жүйке өрімдерінің тығыздығы мен олардағы медиаторлардың мөлшері бастапқы деңгейде дерлік сақталады. Жүректің автономды жүйкеленуіндегі тепе-теңдіктің бүзылуы патологиялық жағдайлардың дамуына әкеледі. Егде шақта жүректің холинергиялык өрімдерінде де медиаторлардың белсенділігі төмендейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет