Жүрек неге тасқа айналады?



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата15.09.2022
өлшемі403 Kb.
#39214
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
әдепсіз 
сөз 


27 
сөйлемеңдер», – деп насихат қылған 
(әл-
Хаким)

Қабірге және онда жатқан кісілердің 
ахуалына қарап ой жүгірткен кісінің қатайған 
жүрегі жібіп мейірімі арта түседі. Аллаһтың 
құзырына шыншыл әрі бойсұнушы адамның 
кейпінде барады. 
4. Құран Кәрімнің аяттарына назар салу. 
Құран аяттарын оқып, ондағы Аллаһтың 
берген уәдесі мен жазалары, әмірі мен 
тыйым салған үкімдері турасында ойлану 
қажет. Кім Құранды ықыласпен ойланып 
отырып 
оқыса, 
көздерінің 
жасаурап, 
жүрегінің дүрс-дүрс етіп соққанын байқайды. 
Иманы тереңінен тасып Аллаһпен қауышуды 
қалайды. Құран оқыған адам немесе Құран 
аяттарын естіген адам Аллаһтан туған 
қорқыныштан міндетті түрде жүрегінің 
соғысы мен тұла бойының дірілін сезінеді. 
Аллаһ Құранда бұл турасында: «Аллаһ 
аяттарды бір-біріне ұқсас, қайталанып 
отыратын сөздің ең көркемін Кітап 


28 
түрінде түсірді. Аллаһтан қорыққан 
(кісілердің) Құраннан түктері үрпиеді. 
Кейін олардың терілері мен жүректері 
Аллаһтың зікіріне жібиді. Бұл (Құран) – 
Аллаһтың тура жолы. Онымен кімді 
қаласа дұрыс жолға салады. Аллаһ кімді 
адастырса оған дұрыс жолды сілтеуші 
табылмайды», – деп айтқан 
(Зумар, 23)

5. Ақыретті еске алу және Қияметтегі 
ахуал жайында ой-жүгірту.
Сонымен қатар Аллаһтың бойсұнушылар 
үшін 
уәде 
қылған 
тұрақты 
жаннат 
нығыметтері мен күнәкарларға әзірленген 
анық от азабы туралы ойлану. Себебі ол 
бойға үйірілген ұйқыны сергітеді, тұрақтап 
қалған уайымды қозғайды және әлсіреген 
шешімдерге қуат береді. Сонда барып оның 
жүрегі жібиді де Раббысының алдына 
тәубесіне келген шыншыл құлы ретінде 
барады. 


29 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет