Жүрек неге тасқа айналады?


Аллаһқа көптеген зікір айту және



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата15.09.2022
өлшемі403 Kb.
#39214
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
2 5307900749684933426

6. Аллаһқа көптеген зікір айту және 
жарылқау тілеу.
Расында да, тас біткен жүректі тек Аллаһты 
еске алумен ерітуге болады. Сондықтан 
пенде қатайған жүрегін Аллаһ тағаланы зікір 
қылуымен емдеуі қажет. Бір кісі әл-Басраға 
келіп: «Уа, Әбу Сағид! Жүрегім тасқа 
айналып барады», – деп шағымданады. 
Хасан оған: «Жүректегі тасты Аллаһты еске 
алу 
арқылы 
жібіт. 
Себебі 
жүректі 
бейқамдылық басқан сайын соғұрлым тасқа 
айналады. Егер Аллаһты зікір қылатын 
болса, онда қорғасынның отта балқығаны 
сияқты жүректегі тас та ериді. Жүректің 
тасын Аллаһтың зікірі еріткені сияқты 
ешнәрсе ерітпейді», – деп жауап берген. 
Ғұламалар: 
«Жүрек 
екі 
нәрсемен: 
бейқамдылықпен және күнә жасаумен тат 
басады. Сол сияқты екі нәрсемен: Аллаһты 
еске алумен және жарылқау тілеумен 
тазарады», – деп айтқан. 


30 
7. Салихалы кісілермен достасу, араласу, 
сұхбаттасу және соларға жақын жүру.
Салихалы адам әлсіреген кезіңде қолыңнан 
ұстап демейді, Аллаһты ұмытқаныңда есіңе 
салады, білімсіздікке дұшар болғаныңда жол 
сілтейді, жоқтықта барын бөліп береді және 
оны көргеніңде есіңе Аллаһтың аты түсіп 
құлшылыққа бас ұрасың. Аллаһ тағала: 
«(Мұхаммед!) 
Ертелі-кеш 
Раббыңның 
дидарын іздеп жалбарынғандармен бірге 
өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің сәнін 
қалап, көзіңді басқаға аударма. Сондай-ақ 
(Біз) жүрегін Бізді есіне алуға немқұрайлы 
еткен, әуесіне ерген және әрекеті шектен 
асқан біреулерге бағынба», – деген 
(Кәһф, 
28)

Жағфар ибн Сүлеймен: «Жүрегіме тас 
түскенін байқасам келесі күні ерте тұрып
Мұхаммед ибн Уасиғқа (салихалы кісінің 
есімі) барып, оның жүзіне қарайтын едім», – 
деп айтқан. 


31 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет