Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!»



бет1/10
Дата12.04.2023
өлшемі45,65 Kb.
#81891
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жерсуауа


«ҚОШ КЕЛДІҢ – ӘЗ НАУРЫЗ!»


Мақсаты: Наурыз туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Армысыздар ата-аналар, қонақтар, балалар! Бәріміздің асыға күткен «Ұлыстың – ұлы күні!» наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. «Гүлдер» аулының, «Қош келдің – Әз Наурыз!» атты мерекесін тамашалаңыздар.
Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы. Наурыздың 22-де күн мен түннің теңеліп, жер жаңарып, көк шығып, төрт түлік мал түлеп, көктем келіп, тіршіліктің бастауы, яғни қазақтың жаңа жылы – Наурыз мерекесі.
Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік, жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға
Жырдан шашу шашайық!
Ән: «Қош келдің төрлет Наурызым!»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар! Сендермен «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал» ойынын ойнағым келіп тұр. Қане, олай болса ортаға шығайық.
Ойын: «Ормалды қағып ал, сөз жалғасын тауып ал!»
Жүргізуші: Ұлы оң болсын,
Раяна:
Ақ мол болсын.
Жүргізуші: Ұлыс бақты болсын,
Мұхаммед: Төрт түлік ақты болсын.
Жүргізуші: Ұлыс береке берсін,
Байтақ: Бәле-жала жерге енсін.
Жүргізуші: Бір тал ексең,
Абдрахман: Он тал ек.
Жүргізуші: Атаңнан мал қалғанша,
Айзере: Тал қалсын.
Жүргізуші: Бұлақ көрсең,
Сымбат: Көзін аш. 
Жүргізуші: Енді біздің кішкентай ұлдардың мерекеге арналған жыр-шумақтарын қабыл алыңыздар.
Мирас: Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Жаңа жылым бармысың .
ЖанайымОсыншама жақсылық ,
Алып келген Наурызым.
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет