Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Берекелі алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Жанәділ: Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.
Азиз: Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді
Ерсұлтан: Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық – ау
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық – ау.
Мансур: Келді міне күз,
Айнала сары түс.
Керемет, тамаша,
Қандай әсем күз.
Зайнаб: Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
Жүргізуші:Cары жібек көйлегін желбіретіп
Жапырағын ағаштардың селбіретіп
Тойға бөлеп елімізді күзім келді
Нұр тамшысын аспанның мөлдіретіп.
Олай болса, төрге шық, Алтын күз. Мерекеміздің қадірлі қонағы бол!
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Балалар сендер бүгін қандай әдемісіңдер ,көңіл күйлерің де жаксы екен,мен сендерге жай келген жоқпын,жұмбақ ,ойындарымды ала келдім. Ал, енді жұмбақ жасырайын жауабын тауып көріңдер.
Таңмен көзін ашады
Әлемге нұрын шашады (Күн) 1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс) 2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонын шешсе жыладық. (Пияз) 3. Сырты жасыл қатты,
Іші қызыл тәтті. (Қарбыз)