Мариям: Кун суытып
Жапырақтар түседі.
Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Күз ханшайымы:өте жақсы балалар ,енді ойын ойнап көрсек қалай қарайсыңдар
Ойын: Егін жина (екі топқа бөлініп 1 топ көкөніс, 2 топ жемістерді себетке жинайды) Жүр: Оте тамаша осы ойынның арқасында балаларымыздың Көкөніс пен жемісті айыра алатынын түсінікті болды,ендеше мерекемізді жалғастырамыз
Ән: Жау, жау, жаңбыр
Елнұр: Апорт деген алма бар
Жер жаратын атағы,
Ондай алма қайда бар.
Алматы оның Отаны
Нұрсәт: Сау - сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді
Қоңыр тартып атырап,
Көкте құстар тізілді.
Азалия: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Әбілмансұр: Тапталды табанға
Сылдыр-сылдыр жапырақ
Өрттей сары бояуға
Боянғандай атырап.
Мұқан: Сары ала тон жамылған,
Күз атамыз секілді.
Қойны толы дәмді нан
Тәттісі көп не түрлі
Әлішер: Алтын нұрдай тамшылап
Жапырақтар төгілді
Біздің өмір таң шуақ
Біздің өмір көңілді
Би: Бұлттар биі. Рамазан, Әбілмансұр, Исмаил, Нұрсәт, Мансур, Мұқан, Амир
Күз ханшайымы: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екенсіңдер. Рахмет, балалар, маған мереке қатты ұнады. Ал енді менің орманға баратын уақытым,Сау болыңдар балалар!,Келгенше жыл айналып.
Балалар: Күз ханшайымымен қоштасады.
Тәрбиеші: Осымен, Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Тамашалағандарыңызға рахмет!