Жүргізуші



бет2/3
Дата17.10.2022
өлшемі21,34 Kb.
#43680
1   2   3
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар балалар!

Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар ,тақпақ айтып қана қоймай, билеуді де біледі.

Би: Жаяу. Әлішер, Самир, Омар, Азиз, Ерсултан, Дидар, Елнұр, Жанәділ

Жүргізуші: Балалар неге күзді «Алтын күз» дейміз? (Балалардың жауаптары.)
Ал неге жомарт дейміз? (Балалардың жауаптары.)
Дұрыс айтасыңдар Өйткені күзде жеміс-жидектер, көкөністер, астық піседі. Барлығы мол болады. Сондық- тан алтын күз — жомарт күз дейміз. Алтын күздің құрметіне тақпақтар айтып берейік.
Самир:
Сап - сары маңай,
Сап - сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Амир:
Алақай! Алақай!
Шаттанды балақай!
Күз түсті, дән пісті.
Айтамыз алғысты.
Айғана:
Құстар қайтты ән салып,
Бұлт шарлады аспанды,
Қыс келеді жар салып
Күзгі суық басталды.

Нұржауар:
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
Омар:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
Жүргізуші: Аққудай қалықтаған көл бетінде,
Теңіздей толықсып тербетіле.
Қол соғып қарсы алыңыз бишілерді,
Шығады өнерлерін көрсетуге. дегендей
қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: Қолшатыр биі. Мариям, Зайнаб, Азалия, Айғана, Мөлдір, Нұржауар.
Исмаил:
Жеміс - жидек пісті,
Қамбаға астық түсті.
Қызу жұмыс басталып,
Жинап алды жан салып.
Мөлдір:
Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.
Дидар:
Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.
Рамазан:
Күздің қазан айында
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет