Пайдаланылған әдебиеттер:
1. В.Г.Крысько. Словарь-справочник по социаль-
ной психологии. М., Спб.: Питер, 2003. 201-с.
2. Н.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»
Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2007.
3. Мұғалім – оқу үрдісін ақпараттық технология
жабдықтары арқылы ұйымдастырушы. // Бастауыш
мектеп. №4, 2005, 10-11-б.
Күләш РАХЫМБАЕВА,
Қапшағай қаласындағы «Ш.Уәлиханов атындағы
№2 гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
«МИҒА ШАБУЫЛ» СТРАТЕГИяСЫ
30
31
«Миға шабуыл стратегиясы» – оқушыны
қалыптастырудың алғашқы баспалдағы, жеке тұлғаны
дамытып, білімге деген сенімін нығайтып, іскерлігі
мен дүниетанымын қалыптастырып, оқуға деген
қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге
біліктілігін ұштап, жан - жақты дамуын қамтамасыз
етеді. Сондықтан мен өз сабақтарымда бұл әдісті жиі
пайдаланамын.
«Миға шабуыл стратегиясы» - бұл ұжымдық
талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын
тиімді әдіс. «Миға шабуылдың» негізгі ережесі
бойынша, басқарушылар және бағынушылар
болмайды, қатысушылардың тарапынан айтылған
нәрселер талқыға салынбайды, сыналмайды,
керісінше, кез келген оқушыға өз пікірін айтуға
мүмкіндік жасалады. Мұндай психологиялық
бостандық өзін барынша емін-еркін ұстауға,
ыңғайсыз жағдайға қалудан, күлкілі боламын деуден
қорықпауға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда
небір төтенше ойлар туады.
Таңдап алынған тақырып төңірегінде оқушылар
өз ойларын ортаға салу арқылы жүйелі сөйлеуге
дағдыланады. Сонымен қатар бұл әдіс өз ойын
көпшілік алдында айта алмайтын оқушыларға
көмектеседі. «Миға шабуыл» әдісі – берілген сұраққа
кез келген оқушы жауап алатын әдіс. Маңыздысы
–
айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек,
барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының
пікірін тақтаға немесе ақ қағазға жазған дұрыс.
Қатысушылар өз ойларын қысқа және жүйелі
түрде жеткізуге тырысуы қажет. «Миға шабуыл»
әдісі бойынша туындаған мәселені шешу үшін аз
уақыт ішінде жеткілікті ұсыныстар жинау керек.
Іс-тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде
көптеген пікірлер, яғни, шешімдер табуға болады.
Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты
саналы шешім қабылдауға негіз болады.Бұл әдістің
мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген
қиындықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр
түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі
пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға
үйрету қажеттігі айдан анық болады.
32
33
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Ұмсынай ҚОСУМОВА,
Астана қаласындағы
№1 мектеп-лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
МӘҢГІЛІК ӨМІРДІ АҢСАҒАН
ҚОРҚЫТ
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың
Қорқыт атаның өмірі туралы білімдерін тереңдетіп,
толықтыру; дамытушылық – оқушылардың
шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау
шеберлігін, сөйлесу, жазу мәдениетін жетілдіру,
білімге деген құштарлығын арттыру; тәрбиелік –
адамгершілікке баулу, саз өнері, бейнелеу өнеріне
сүйіспеншілігін арттыру.
Типі: аралас. Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-
жауап, шығармашылық жұмыс, көрнекілікпен жұмыс,
мәнерлеп оқу, аудару, топпен жұмыс. Көрнекілігі:
Қорқыт атаның суреті, атақты адамдардың Қорқыт
туралы сөздері, домбыра, үнтаспа, т.б. Пәнаралық
байланыс: тарих, бейнелеу, ән-күй, қазақ тілі.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды
түгелдеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Үй тапсырмасын тексеру.
I. Ой туғызу – побуждение.
- Балалар, қазір сіздерге тақтада жазылып тұрған
бірнеше эпиттерді ұсынамын, ал сендер кім туралы
екенін айтыңдар.
(Тақтада алдын ала жазылып, қағазбен жабылып
тұрған сөздер ашылып оқылады) – «Әлемге әйгілі
ақын, қобыз деген музыкалық аспап жасаған».
- Дұрыс, бұл сөздер ұлы Қорқыт ата туралы.
Бүгінгі сабағымыз Қорқыт атамызға арналады.
Мұғалімнің кіріспе сөздері: -
Сегізінші ғасырда
Сырдария өзенінің бойында түркі халқының атақты ақыны,
күйші Қорқыт өмір сүрген. Ол – қобыз деген музыкалық
аспапты алғаш жасаған, ел есінде сақталып қалған талай
тамаша күйлерді шығарған күйші.
Қорқыттың өз бейнесі түркі халықтарының арасында
аңызға айналған. Көптеген аңызда Қорқыт бабаның
желмаясына мініп, адамзатқа бақытты өмір сүретін, ешқашан
өлім болмайтын жерлерді іздегені туралы айтылады.
II. Сабақ тақырыбының мағынасын ашу.
Қорқыт туған кезінде
Қара аспанды су алған,
Қара жерді құм алған.
Ол туғанда ел қорқып,
Туғаннан соң қуанған.
Содан оның есімі Қорқыт деп қойылған.
Cөздік жұмысы:
Әлемге әйгілі – известный на весь мир;
Әуен, саз – музыка;
Зират – могила;
Мәңгілік өмір – вечная жизнь;
Желмая – одногорбый верблюд-скакун;
34
35
Ажал – смерть;
Құтылуға болмайтынын – не спастись;
Өмір сүру – прожить.
ІІІ. Топпен жұмыс.
Оқушылар алдын ала дайындап әкелген
тапсырмаларымен өз ойларын ортаға салады.
1-топ оқушылары Қорқыттың өмірі мен
шығармашылығы туралы жаңадан жинақтаған
мәліметтерімен таныстырады. 34-35-бетте.
2-топ оқушылары Ә.Қастеевтің «Қорқыт» атты
суретіне сипаттама береді.
3-топ оқушылары Қорқытты тек қана ақын емес
сазгер екенін көрсетуі қажет.
ІV. Сергіту сәті.
Үнтаспада Қорқыт атаның күйі орындалады.
V. Бекіту кезеңі.
1) КЕЖ тәсілі.
А) КЕЖ тәсілі бойынша әр оқушы кестені
толтырады.
Ұнаған сөйлемдер
Өз пікірі
1. Қорқыт осы толқындардың
үстінде отырып, қобызын
толассыз тарта берді.
2. Сөйтіп, күйден үріккен
ажал Қорқытқа жолай алмай
қойды.
Ол өте дарынды және
еңбекқор адам болған.
Ауруға, өлімге берілмейтін
адам.
Күйдің, музыканың ажалдан
күшті екенін көрсетеді.
2. Кластермен жұмыс.
А) Топта жұмыс. Кластер парағын толтыру.
Ә) Тұсаукесері.
Б) Талдау.
VI. Қорытынды кезеңі.
Қазақ даласында саяхат жасаған Қорқыт не
түсінді?
Мәңгілік өмір жоқ, сондықтан әр адам өмір
сүріп, артынан із қалдыруы керек. Мәңгілік өлмей-
тін нәрсе: жақсының аты, ақынның хаты.
VII. Рефлексия және бағалау кезеңі.
Әр оқушы алдында жатқан түсті жетондарды
таңдайды.
Сары түсті – Сабақта маған ыңғайлы болды.
Қызыл түсті – Мені қызықтырған сұрақтарға жауап
алдым.
Ақ түсті – Маған сабақта қызық болған жоқ.
VIII. Үйге тапсырма:
1. «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» мәтіні
бойынша түсінік дайындау.
2. «Қорқыттың ажалмен күресуі» тақырыбына
эссе жазу.
Қорқыт
ата
Туған, өмір
сүрген жері
Арман
Кім?
Қорқыт ата
кітабы
36
37
Бақыт ЕРЖАНОВА,
Орал қаласындағы
№7 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ. «ЖЕТІ»
Мақсаты: білімділік – өлеңнің тақырыбын,
идеясын ашу, мазмұнын түсіну; дамытушылық –
оқушыға қазақ халқының ұғымында жеті санының
қасиетті сан екенін ұғындыру, салт-дәстүрлер туралы
түсінік беру, дүниетанымын кеңейту, халықтық
педагогикамен таныстыру; тәрбиелік – халықтық
дәстүрлерді
сыйлауға,
үлкенді
құрметтеуге,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: өлеңді алгоритм бойынша талдау, сұрақ-
жауап, баяндау. Түрі: дәстүрлі сабақ. Көрнекілігі:
Қадыр Мырза Әлінің портреті, шығармалары,
интерактивті тақта, суреттер.
Сабақ айдары:
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі
берілді.
а) Шығармадағы оқиға қай жылдары болған?
ә) Шығармада кімдер туралы баяндалады?
б) Қазақ халқының мейірімділігі қалай көрсе-
тілген?
в) Ахмет шал Зигфридті алғанда жұрт неге ду
ете түсті?
г) Әңгіменің өзегі не деп ойлайсың?
III. Мұғалім сөзі: - Сонымен, әңгімеден қазақ
халқының
мейірімділігі,
адамгершілігі,
жан
дүниесінің тазалығын білдік. Қиын-қыстау жылдары
өзге ұлттың баласын бауырына тартқан қазақ
халқының бауырмалдығын көрдік.
Бүгін сабағымызда қазақ халқының белгілі
ақыны, жерлесіміз Қадыр Мырза Әлінің «Жеті»
өлеңімен танысамыз.
1.
Ақынның
қандай
шығармаларымен
таныссыңдар?
2. Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды
білесіңдер?
Қазақ халқының ұғымында жеті саны – қасиетті
сан. Сондықтан болар жеті санына байланысты
ұғымдар көп. Жеті нан, жеті түн, жеті қазына, жеті
ырыс, жеті көк.
1. Жұма күні әжелерің неше шелпек пісіреді?
2. Қазақ баласына неше атасын білуді үйретеді?
3. Наурыз көжеге неше түрлі дәм салынады?
4. Тұрмысқа байланысты қиыншылықтар
кездескенде жұт неше ағайынды дейді?
5. Баланы бесікке салғаннан кейін бесікті неше
жабынмен жабады?
Сөздікпен жұмыс:
Жеті саны – число семь;
Тіркеседі – сочитается;
38
39
Есте сақтаңыздар – запомните;
Жаттатқан – учили;
Киелі – священное;
Бөлінбейтін – не делится;
Қымбат – дорог.
Жаңа сөздермен жұмыс.
Жеті саны – киелі сан. Жеті санын есте сақтаңыздар.
Адамды жерлеген соң жетісін береді. Мұсылмандар
баласына жеті атасын жаттатқан.
Өлеңді талдау алгоритмі.
1. Өлеңді түсініп оқу.
2. Түсініксіз сөздермен жұмыс.
3. Өлең идеясы:
Жеті санына байланысты туған ұғымдарды,
салт-дәстүрлерді білу.
4. Өлең тақырыбы:
Жеті саны-қасиетті сан.
5. Өлең құрылысын талдау.
__________________________________________
1шумақ 2шумақ 3шумақ 4шумақ 5шумақ 6шумақ
4тармақ 5тармақ 4тармақ 7тармақ 6тармақ 6тармақ
11буын 1,2,3-11 1,4-11 1,4,5-4
буыннан буыннан буыннан
4 тармақта 2,3-12 2 тармақта
7 буын буыннан 7 буын
3,7 тармақта 11 буыннан
6 тармақта 5 буын
6. Көркемдегіш тәсілдер.
Жеті санына байланысты ұғымдар: жеті жұлдыз,
жеті күн, жеті ата, жеті түн, жеті төбе.
7. Әр шумақтағы ой-толғаныс.
1-шумақта Жеті – қасиетті сан.
2-шумақта Жеткен бала жетіге күрт өседі.
3, 4, 5-шумақтарда Жеті санына байланысты
ұғымдар.
8. Өлең мақсаты.
Қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу, сыйлау.
9. Тірек шумақ.
6-шумақ. Ерлерді мен сыйлаймын елім дейтін.
10. Пайым шумақ. Жеті – киелі сан.
1-тапсырма. Берілген мақалдардың мәнін ашу.
Интерактивті тақтада мақалдар.
1. Жігітке жеті өнер де аз,
Жетпіс өнер де көп емес.
2. Жеті атасын білмеген – жетімдіктің белгісі.
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
2-тапсырма. Жеті атаны біліңдер. Дәптерлеріңе
жазып алыңдар.
Бала, әке, немере, шөбере, шөпшек, немене,
туажат.
3-тапсырма. Суреттен ер жігіттің жеті қазынасын
табыңдар.
Бекіту:
1. Өлеңнің тақырыбы не?
2. Өлеңнің идеясы не?
3. Жеті санына байланысты қандай ұғымдарды
білесіңдер?
4. Ер жігіттің жеті қазынасын ата.
Үйге: Қадыр Мырза Әлінің «Жеті» өлеңін оқу.
Жеті санына байланысты ұғымдарды жазып алу.
40
41
Тарихи тұлға тағылымы
Гүлжанат АБАКАШЕВА,
Шығыс Қазақстан облысының
Өскемен қаласындағы
«Дарынды балаларға арналған
«Восток» дамыта оқыту ғылыми-зерттеу
арнайы мектеп-кешен-орталығы» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ОЙ-
ПІКІРЛЕРІНІҢ ТАҒЫЛЫМДЫҚ
МӘНІ
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе!
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
С.Торайғыров.
Ұлы Абай бар асыл ойын өз халқына, келер
ұрпағына арнады. Ол педагогикалық психологияның
қалыптасуына зор үлес қосып, бұл салада аса
құнды пікірлер айтты. Сөйтіп ұлы ойшыл өз
халқының педагогикалық ой-парасатын ақыл тезі,
жүрек қылынан өткізе келе, өзіне дейінгі әлем
ойшылдарының еңбектерімен таныса отырып,
келешек ұрпаққа ғибрат боларлық ой өрбітеді.
Көреген ақынның педагогикалық-психологиялық
пікірлеріне ой жүгіртіп, астарына терең үңілсек,
оның бүгінгі заман талап-тілектерімен жан-жақты
астасып жатқанын байқаймын.
Абай, ең алдымен, жастардың алдында тұрған
басты міндет-ғылым, білім үйрену жолы екенін атап
көрсетті. Адам бойындағы қазынаны үлкен, әрбір
жігерлі жастың талпынатын ғылым болуы керектігін
ашып айтты. «Дүниенің кілті өнер мен ғылымда
тұр. Соны мақсат қылып ғылым табу керек өзіңе
табылмаса балаң тапсын. Ғылымсыз оқыған намаз
тұтқан ораза қылған қаж ешбір ғибадат орынына
бармайды дейді оныншы қара сөзінде».
“Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек” дей келе ақын
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің
тілін білмек,- деп ғылымды аса жоғары бағалайды.
Білім ғылым үйренбекке талап қылушыларға: Адам
көңілі мейірленсе білім ғылымның өзі де мейірленеді,
тезірек қолға түседі. Ғылымды үйренгенде ақиқатты
мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Басқасына
бола үйренбе...” деп ескерту жасайды. (32 қара сөз).
Абай адам бойындағы мінез-құлық, ақыл-парасат,
білім-ғылымды бір-бірімен тығыз байланыстырады.
“Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым,
ар, мінез, деген нәрселермен озбақ. Одан басқа
нәрселермен оздым демектің бәрі де ақымақтық”
деген қорытынды жасайды. (18 қара сөз).
42
43
Бұл Абайдың айтып отырған педагогикалық ой-
толғамдары, келер ұрпаққа беріп отырған кеңесі
болатын.
Абай жастардың адам болу үшін жаман
қылықтардан аулақ болуын қалайды.
“Егіннің ебін, сауданың тегін үйреніп мал ізде”
деп ақыл береді.
Ұлы ойшыл өзінің өмірден көрген-білгенін,
түйгенін екшей келіп ”Бес нәрседен қашық бол, Бес
нәрседен асық бол, Адам болам десеңіз” деп санап
шығады:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз...
Сөйтіп, Абай бес асыл іс пен бес дұшпанның ара
жігін ажыратып, келешек ұрпағына тағылымы мол
өсиет қалдырды.
Абайдың ойынша тәрбиеге көнбейтін, тәртіпке
бағынбайтын, түзелмейтін адам болмайды. “Мен егер
закон қуаты қолымда бар кісі болсам адам мінезін
түзеуге болмайды деген кісінің тілін кесер едім”
дейді. (37 қара сөз)
Абай Құнанбайұлының жастарға үлгі етіп ұсынған
адал еңбек, ар-ождан, ғылым-білім, қанағат-инабат,
әділет-шапағат, шынайы достық қай дәуірде болсын
көнермейтін, адамды қиыншылық атаулыдан аман-
есен алып шығатын тіршіліктің тұтқасы, жастарды
алға жетелер жарық жұлдыз нысанасы екені даусыз.
Ұлы ақылгөйдің терең толғаныстарынан туған
ғибратты ақыл-кеңестері ұрпақ тәрбиесінде өз құнын
мәңгі жоймайды.
Пайданы көрсең, бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Азапқа қалма езбенен,-
деп, жастарға насихат айтады. Оларға күншілдіктен
аулақ жүріп, бос мақтанға салынбау керектігін
ұқтырады, пайданы ойлап ардан безу адамдықты
аздыратын қылық екенін. Толық адам болғысы келген
әрбір жастың алдына мақсат қойып, соған жету үшін
талпынуы, ізденуі, ерінбей еңбек ету керектігін
ескертеді.
«Егер де есті кісілердің қатарында болғың
келсе,күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, не
болмаса айына бір өзіңнен өзің есеп ал» дейді.
Ұлы ғұлама надандықты, еріншектікті, зұлым-
дықты «күллі адам баласын қор қылатын кеселдер»
деп есептейді. (38-қара сөзінде)
3-қара сөзінде еріншек, жалқауға мынадай си-
паттама береді:
44
45
«Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады.
Әрбір қайратсыз қорқақ мақтаншақ келеді.Әрбір
мақтаншақ қорқақ, ақылсыз,надан келеді. Әрбір
арсыз жалқаудан тойымсыз, тыйымсыз,өнерсіз,
ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
«Залымдық – адам баласының дұшпаны» дейді
Абай. Алдау, арбау, қулық, екіжүзділік, жалақорлық,
күншілдік мінездерді залымдық деп қатаң сынайды.
Данышпан ақын жастардың осындай адам
баласын қор қылатын, адамдықтың дұшпаны болып
табылатын кеселдерден аулақ болуын көксейді. Әрбір
саналы жастың пайдалы іспен айналысып, өнер
үйренуін талап етеді. 33-қара сөзінде «Егер де мал
керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды,
өнер жұтамайды. Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан
қолөнерші-қазақтың әулиесі» дейді.
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын,- дей отырып еңбекті
сүймеушілік, жұмыссыздық адамды теріс жолдарға
түсіріп, бұзатындығын дәлелдейді. Қазіргі уақытта
да жұмыссыз сандалып, жеңіл жүрісті кәсіп еткен
жастардың бар екенін жоққа шығара алмаймыз.
Абай адал еңбекті адамның барлық рахатының көзі
санайды. «Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан
бала артық» дей келе еңбекті сүйген адамның жан
қасиеті ізгі болатындығын дәлелдейді.
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Жанат ЖҰМАБАЕВА,
Семей қаласындағы
№9 жалпы орта білім
беретін мектептің мұғалімі.
МЕНІҢ ҚАЛАМ
(9-сынып)
Мақсаты: білімділік – білімдерін жүйелеу,
ойларын
байланыстырып
сөйлеу
дағдысын
қалыптастыру; дамытушылық – қазақша сөйлеу
мәдениетін, ой-өрістерін дамыту, пәнге деген
қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын
молайту; тәрбиелік – ұйымшылдыққа, ұстамды-
лыққа үйрену, патриоттық сезімдерін ояту, елін,
жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, тілді құрметтеуге
үйрету.
Әдістемелік мақсат: коммуникативтік техно-
логия арқылы интерактивті әдіс-тәсілдерін қолдану.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, сөйлету,
қарым-қатынасқа түсу. Көрнекілігі: нақыл сөздер,
компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, қаланың
суреттері. Пәнаралық байланыс: география, тарих,
әдебиет.
Сабақтың ұраны:
«Біле бер қанша білсең тағы біл.
Жетерсің мақсатыңа біле-біле».
Жүсіп Баласағұни.
46
47
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Алғы сөз.
- Балалар, уақыт бір орынында тұрмайды, қалалар
жылдан-жылға көріктенеді, көркейеді. Өзіміз өмір
сүріп жатқан қаламыз қай қала?
- Семей, дұрыс.
- Иә, бұл қасиетті ұлылардың топырағы.
- Бүгін біз осы туған өлкемізге саяхат жасаймыз,
әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргіземіз.
Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді жазып
қойыңыздар.
Мына үлестірме парақтарды сабақтың барысында
толтырамыз, одан кейін үйде толықтырып әкелеміз.
Оқушының а
ты
Өзі тұра
тын қа
ла
Тұра
тын ұлт өкілдері
Қа
ланың көрік
ті ж
ер
лері
Оқу орындары
А
тақты адамдары
Еск
ер
ткіш
Мұражайлар
Мыс
алы, Св
ет
а
С
емей
Қазақ, орыс, өзб
ек, т
ат
ар,
кәріс.
әдемі ғим
ара
тт
ар,
кино
те
ат
рлар, кіт
апх
ана
лар
Ж
оғары оқу орындар
А
бай, Мұх
тар,
Шәкәрім, Шоқан мен До
ст
оев
ский.
А
бай, Мұх
тар,
Шәкәрім, Шоқан мен До
ст
оев
ский.
Өлк
ет
ану
, А
бай,
До
ст
оев
ский.
1) Сұрақтарға жауап беру.
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіз.
- Жері қандай?
- Ұлан-байтақ.
- Жақсы.
2) Қазір біз өзіміздің еліміздің картасымен
жұмыс жүргіземіз. Біраз қалаларды орналастырамыз.
- Біздің қала Қазақстанның қай бөлігінде
орналасқан?
- Шығыс Қазақстан облысында.
- Дұрыс. Енді Семей қаласын дұрыс
орналастырыңыз.
- Облыс орталығы қай қала?
- Өскемен (көрсетеміз).
- Енді Оңтүстік астанамызды көрсетеміз. Ол қай
қала?
- Дұрыс. Алматы.
- Енді Отанымыздың жүрегі, бас қаланы көрсе-
теміз. Қай қала?
- Астана.
- Дұрыс. Міне, балалар, сіздер география пәнінен
алған білімдеріңізді көрсеттіңіздер.
3) Балалар, туған қаламызға арналған өлеңдер
бізді толғандырады, асқақтатады.
Мұғалім өлеңді оқиды.
Семейім менің, Семейім
Қасиетті орманы көк қорғаған,
Жанға жайлы саяжай көп қоршаған.
Әсем қала – Семей бірлік, достықтың
Ортасында ерке Ертіс толқыған!
48
49
Асқақтап, биіктеп,
Түрленші, Семейім!
Сүйкімді, сүйікті,
Гүлденші, Семейім!
Болсыншы үстем мерейің,
Семейім менің, Семейім!
Тоғыз жолдың торабында жайнаған,
Бар салада оқу, еңбек қайнаған.
Қысса нарық, полигонның зардабы,
Қиындыққа қарсы тұрып, таймаған!
Халқы бар ұлылардан нәр алған,
Дәстүр-салты бар әлемге тараған.
Рухани бесігі қазақ елінің,
Болашаққа үлгі – өнеге жалғаған.
Жергілікті әуесқой ақынымыздың өлеңі.
- Қай қала туралы?
- Семей.
- Қазір біз, балалар, қаланың куәлігімен таны-
самыз?
4) Қаланың куәлігі.
5) «Бізге таныс, бірақ әлі де құпиялары көп қала».
Қаланың куәлігі:
Достарыңызбен бөлісу: |