Жүсіп Гүлфайруз ҚФ-201 Публицистикалық стиль (мақала)



бет1/5
Дата10.03.2023
өлшемі23,14 Kb.
#73249
  1   2   3   4   5
Байланысты:
психология ттт


Жүсіп Гүлфайруз
ҚФ-201
Публицистикалық стиль (мақала)
Екінші Зейнолла, үшінші Әуезов

Қай адамға болмасын мұғалімнің орны ерекше. Сол мұғалім ұстаз деңгейіне көтерілсе, тұтас өмір жолына жетерлік азық болары даусыз. Сондай бір дара, дана оқытушы, адамдық пен мамандыққа, білім мен білікке қатар үйреткен Жолдасбек ағай Мәмбетов туралы бірер сөз.


Ағайды ең алғаш көрген күнім. Студенттің әрбірімен танысып, тең отыра сөйлесіп, қабілеттері туралы сұрады. Тап сол тұста өз қатар-құрбыларыммен енді ғана танысқандай болдым.Дарынды студенттердің көздерінен жалын байқалды.
Осы бір жүрекке жылы, жанға жайлы таныстықтан кейін біз әр сабағымызды асыға күтетінбіз. Оқушы аңсаған жайлылық та, білім де, адамгершілікке тәрбиелейтін қасиет те Жолдасбек ағайдың бойынан табылды. Біліміне әңгімешілдігі әдемі үйлескен оқытушыны дәрісте ұйып тыңдамасқа болмайтын. Тек әдебиетті емес, тарихты да, басқа да өнердің түрлерінен де сөз қозғап, әңгімені әріден әкеледі.
Төл әдебиетімізді ғана емес , әлем әдебиетімен танысуға мүмкіндік берген, жол сілтеген оқытушы. Ағай берген көп шығарманы қызыға, бір-бірімізден қызғана оқитынбыз. Әсіресе, Мұхтар Әуезовтің болмысын аша білгеніміз, шығармашылығымен жақын таныс болғанымыз да ағайдың тапсыруымен еді.
Бар студентке тең қарауы, шынайы жанашыр һәм қамқоршы болуы ізгілік үстіне үстелген ізгілік еді. Біз асыға күтетін сабақ, біз асыға күтетін оқытушы. Кей тұста ағайдың орнына өзге оқытушы беретін күндерде жылап жіберуге дайын тұрушы едік. Бірде ағайдың орнына Тұрсын ата Жұртбай дәріс оқитын болды.Тұрсын Жұртбайдың өзі дәріс оқитынына қуанып тұрсақ та ағайымыздың бір дәрісінен шет қалғанымызға көңіліміз түсті. Осындай сәттерде ағайдың да, сабақтың да құндылығын түсінген үстіне түсіне түстім.
Тек маман тәрбиелеуді емес, адам тәрбиелеуді мақсат еткен оқытушы бізге көп дүние үйретті. “Аудитория–аэродром. Біз сіздерді мұнда ұшуға дайындаймыз. Бұл жерде бір-бірімізге күліп-күліп алайық, ұшқанда басқаларға күлкі болып жүрмейік” деп жиі қайталап отыратын. Талаптыдан талант ашатын ұстаздар көп болғай!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет