Көркем әдебиет стилі (әңгіме)
Адамдық пен мамандыққа қатар үйреткен ұстазым Жолдасбек ағайым Мәмбетовке арнаймын.
Бұл дүниеде сезімнің, мінездің биігі, ізгілігі, әділдігі, адалдығы, асқақтығы нәтінде намыстан ба деп қалам.Кей тұста қазақтың намысы болмашыда қылаң беріп өзін де, өзгені де әуреге салып қоятын сияқтанады.
Арал даласы.Әр жерде бір арагідік жусанның ба, адыраспанның ба басы қылтиып шығып тұр.Соңғы жылдары жаңбыр атаулының тамшысы түспегеніне қарап бұл өңір табиғаттан таралғы алмады ма деп те қаласың.Шетте тұратын ағайын не демесін?! Көзге тұрпайы көрінетін ұшы қиыры жоқ жазық дала бұл даланы мекен еткен ақұдайларға жұмақтан бір кем емес. Жаз дегенің болмаса жасыл жамылған дала жоқ.
-Қане, әкелші бері
Қыз қолындағы гүлді жігітке ұсына бергенде жігіт қыздың білегінен қаттырақ қысып өзіне тартып әкетті.Мәриям қысыла денесіне жуытқысы келмей, қашқан болды. Жігіт байқамады, байқаса да мән бермеген сыңай танытты. Жуан, жұмысқа піскен алып алақанымен қыздың бетін жанай өтті. Одан әрі қыздың аппақ бетін сипалап ұзақ отырды. Ол ендігі бойы босаңсып, қорқуға, қашуға себеп таппай болашақ күйеуінің ырқына көніп отыра берген-ді.
-Қашанғы осылай жүреміз?
-Бұлай айып қоятындай мен ешкімнің меншіктеп алған ақ некелі жары емеспін!,- үні дірілдей, зілді шықты. Реті келсе жылап жіберуге шақ қалды.
Жігіт күліп жіберді.Сәлден соң :
-Қалқам, үйленсек те сен менің меншігім болатын зат емессің.Меншіктеуге хақым жоқ.
Ал некелі жарға келетін болсақ оның ауылы алыс емес.
Қыз таяз түсінігін енді ғана аңғарғандай. Түсінгеннен бұрын жігітке әлдеқалай өкпе-реніш артты ма, онысы бұлыңғыр.
Оралбайдың Нарша деген жалғыз ұлы бар болатын. Жуастығы жасықтыққа айналған жалғыз ұл әкесін риза қылып болмай, маңдайын талай тасқа ұрған. Ақыр аяғы осы жаман, жалғыз жаман өзі өз болып, әйел алуға да шамасы келмеген. Бір баланың бетіне қарап отыра берудің жөні жоқ. Сол ауылдың шетінде қысы-жазы жалғыз үй отырады. Жуас кісінің жүндеуге дайын дию қатыны бар. Жалғыз қызы және бар.Бұ екеудің тағдырындағы таңдау сыйы да осы әйелге берілген. Он жетіге жаңа ілінген жалғыз қызын кем болса да кеңге беруге бекінген-ді.Сөйткен Нарша әкесінің арқасында елден кем болмай, қалыңсыз қыз алды. Алты қанат ақ боз үй. Ауылдың игі жақсылары осы отауда. Алдыға ас қойылды. Ұлықбек Мәриямның әкесі Сейітқұлға “Құдеке, астан алыңыз. Әуелі құдама ұсынайын” деп етті жылжыта берді.
Дүние төңкеріліп, астан-кестеңі шыққандай күйде Сейітқұл отырған орнында қалшиды да қалды. Болмаған “құдасы” Сейітқұлдың мұнысына қысылып, не жақпай қалғанын болжап біле алмай абдырап қала берді. Артар кінә астан ба деген жорамалмен асқа шұқшияды кеп.
Сол той “құдалар” үшін аяқсыз қалды. Сейітқұлдың ашуы, Ұлықбектің сыйлауы, қайсысынікі орынды екенін жан баласы ажыратып біле алмады. Бір білері бұлар болмаған құдалар еді, енді болмайтын құдаларға айналды. Рас, солай.
Мәриям әке сөзінен аттап, сүйгенінің соңынан кетті. Адамдар мәре-сәре. Ақ тілек айтылып, отау құрған екеуге бақыт тілескен тумаластар да тарқады.
Шұға қыздың кейпіне еніп Мәриям қалды. Баласының бақытынан бұрын орынсыз жерде төбесін көрсететін намысқа налыды. Ата-анадан ала алмай кеткен ақ батасын ойлады. Көңілі құлазып, бара-бара аурудан жатып қалды. Еліне хабаршы жіберіп, қыздың көз алдында солып жатқанын айтқан қайын жұртының сөзіне ата-анасы пысқырып та қарамады. Ұялмады. Именбеді. Іздемеді. Сағынбаған да шығар-ау. Онысы бұлыңғыр.
Қыз байқұстың жағдайы одан әрі нашарлай берді. Іш-құса болған бейшара тұрудан қалып, екі көзімен есікті күзетті. Келер деді.
Келмеді.
Апасын апталап күткен Мәриям қыз көзін әрең-әрең ашып, есікке қолын созып жатып үзіліп кетті. Айта да алмады. Көзі жұмылған сәтте ып-ыстық көз жасы жерге үзіліп түсе берді…
Достарыңызбен бөлісу: |