Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)


Псиxология (жан жүйесі) мен өнер таңдау



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі63,43 Kb.
#12643
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жүсіпбек Аймауытов

Псиxология (жан жүйесі) мен өнер таңдау

(үзінді)

«Неге арналсаң соны істе» деген алғашқыда жәй сөз сияқты көрінсе де, бұл мағынаның астында әлеуметке, қала берсе әр адамға маңызы зор терең мәселе жатыр. Мәселені дұрыс шешу үшін ғылым жолымен зерттеу керек.

Әлеумет тұрмысындағы зор кемшіліктің бірі - әлеумет мүшесі әр адам «өз орнында» қызмет етпеу. Естеріңізде болсын: адам қалай болса, солай сүйреуге көне беретін тулақ та емес, қалай қақса солай домалай беретін «алланың добы» да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін зат… Өмірде түк жұмысқа икемі жоқ жан сирек болады, ең болмаса өтірік айтуға зерек болып жаралады. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек. «Өз орнында» істеген адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ. Қайғы сол, өз жолын шүу дегеннен-ақ тауып алатын адамдар сирек болады. Адамның көбі ана жолға бір, мына жолға бір түсіп, өмір бойы өз соқпағын таба алмай, сенделумен күні өтеді. Өз жолымен қызмет істемеген адамның жұмысы берекесіз болғаны өз алдына, ондай адам ісіне көңілі жарымағандықтан өмірге, тағдырға налып, зарланып, бақытсыз жан болып күнелтеді.

Әр адамның еңбегі қашан жемісті болмақ? Әркім «өз орнында» қызмет істегенде ғана. Олай болса, бұл негізгі мәселе.

Әр адам бір жағынан әлеуметтің мүшесі болып, әлеуметке пайда тигізуі қажет. Екінші, әр адам өз пайдасын, өз мақсұтын көздемек керек. Бас мақсұтын біржола ұмытып, әлеумет қызметіне түгел берілетін адам болуы мүмкін емес; ондай адам кемде-кем. Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды, біреу бойын тежеп, бас мақсұтын көбірек сағалайды. Айырма жалғыз осында. Әр адам табиғатына, ыңғайына, зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе, сонда табылады.

…Әлеумет тұрмысы оңдалу үшін, онымен бірге әр адамның тұрмысын түзету үшін , әр адам қолынан келерлік, пайда берерлік іс істеу керек. Әр адам қабілетіне, ыңғайына қарай өз орнында қызмет етпесе, әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді. Екінші, әр адам өз жолымен жүре алмай, бөтен жолға түссе, оның бар таланты (озаттығы) жарыққа шыға алмай, жерге көміледі. Ондай адам өміріне разы да болмайды. Сондықтан әр адам сүйегіне біткен икемділігіне қарай қызмет ету керек. Ол үшін адам өзінде қандай талант, қандай зеректік, қандай қабілет, бір сөзбен айтқанда, қандай қасиет барлығын білу керек. Өзін-өзі танымаған өзгені де тануға шоршақ келеді.

Адамның өзін тануы, өз жолын табуы өте қиын. Бұл қиындық, әсіресе, жастардың басында: олар тәжірбиесіз , олардың көңілі, ойы құбылмалы, толқымалы, сондықтан өзін сынай алмайды. Өмір жолдары сан тараулы. Жастар тоқсан жолдың торабында: қай жолға түсерін білмей дағдарады. Егер жазатайым болып, теріс жолға түсіп кетсе, өмірі өкініші кетпейді. Әр адам әлеуметке мүше болғандықтан, әлеумет ісіне көмектесуге міндетті. Көмектес болу үшін өнер (профессия) таңдау керек.

Әрбір өнер белгілі мінез қасиетін тілейді. Ондай қасиеті болмаса, қызмет жемісті болмайды. Белгілі бір өнерге арналып, бейім бола туған адамда ондай қасиет анық байқалады. Мысалы, артистің бойына біткен мінез қасиеті: біреудің басынан кешірген жолын ұға білу, өзін өзгенің орнына қоя білу , басқалардың кейпәне түсу. Оның үстіне артист болуға өткір сезім, күшті қиял, жаттау қабілеті, ұстамдылық сипаттары да мол болуы керек… Жақсы оқытушы болу үшін ілтипаты тұрақты, кеңпейілді, мінезі ауыр, жатық, өз бойына берік, ұстамды болу керек. Шәкірттерінің қылт еткен қылығын байқап, жауабына әзір тұру керек.

Өнерге ыңғайлы болу үйретумен, машықтанумен жүре табылмайды, адам туа өнерге бейiм бола туады. Менің табиғатым нені қалайды? Ыныдыным нені сүйеді? Ішімдегі дауысым мені қайда шақырады? Менің «мендігімді» сыртқа шығаратын ең басым, күшті ыңғайым, талабым қайсы? Сол дауыстың айтқанына жүруім керек. Адамның өзге сипаттарының бәрінен артық жетілетін талабыосы болуы керек. Өмір жолының тоғысында тұрған әрбір адам осыны істеу тиіс. Бірақ бұл оңай iс емес. Бұл мəселенi шешуге әзір мектеп жаралған жоқ. Мектеп те, үй-iшi де әзір бұ жағына келгенде, жас буынға түзу жөн сiлтей алмай келедi. Үй-iшi баласын белгiлi өнерге арнағанда, оның ыңғайымен есептеспейдi, көрнектi орында шен алатын, мал табатын қызмет еткенiн қалайды. Ал ендi жас буынның өз таңдауына жіберсек,өзі одан әрі адасады. Кейде ол білімнің бір тарауына әуестенеді; кейде жолдасы қай жолды таңдаса , о да соған елiктейдi; кейде бiреудiң орнына, дəрежесiне қызығып соның жолын көксейдi, сонымен терiс жолға түсiп кетедi. Ыңғайы келмейтін қызметті істегеннің сазайын онбай жігіт келешекте мықтап тартады, барсағын шайнайды. Өмір бойы өз жолына түсе алмаған адам бір пұшаймен сорлы-дағы. Өз жолында қызмет ету ырыстың басы. Шүу дегеннен өзінің тура жолын тауып алатын ырысты адамдар да бар. Ондай адам өз жолына не қиуадан кез келіп қалады, болмаса жасынан-ақ бір өнерге үздік құлауы анық көрінеді де, бейімделген жағынв ауып кетеді. Қайғы сол, үздік адам өмірде сирек ұшыайды. Көпшілік өмір бойы қараңғыны қармалап, әр өнердің басын бір шалып, өз жолынатүсе алмайды. Мұндай жандар да белігілі бір өнепге жығыла құмарлық яки белгілі мүдде болмайды, болса да артық байқалмайды. Іштегі жасырын дауыс өмір жүзіндегі істе көмекке шақыру, сол дауыстың сілтеген бетіне жүру, әсіресе осындай адамдарға керек.

Өмiрде ешбiр iске ыңғайсыз, қабiлетсiз адам сирек болады. Асылында әркімде бір қабілет болуға тиіс. Бiрақ сол қабiлет қандай қызметке керектiгiн табу керек. Əрине, бiреудiң қабілеті артық, бiреудiкi кем, бiреудің жұмысы өрге домалайды; ол жұмысты екiншi бiреу iстесе, орнынан да мызғыта алмайды. Бiреудiң басы милы, бiреудiң қолы ептi. Мұның екеуi де əлеуметке керек.

Бiр iске олақ адамды ешнəрсеге икемсiз , топас адам деуге болмайды. Рас, адамның көбi iске тұрлаусыз, табансыз, бiрдi бастап, бiрдi тастағыш келедi. Тура жолына түсуге адамды табиғаты тура жетектей бермейдi жəне адамның жетiлуi де дəйiм бiр бағытпен жүре бермейдi. Әр адамның өмір ағымын зерттесек түрлі қабілеті түрлі мезгілде өсіп-өнетінін байқаймыз. Біреу салғаннан кең жолға түсетін болса, енді біреу өмірде әр қызметті бір ұстайтын болып жаралады; бір қызметтен екінші қызметке көшіп, қабілетінің әр тарауын жетілуді қалайды, оның мүддесі өзі-өзінен өзгеріп отырады.

Кісінің өзі байқамай жүрген қуатын, кейде тұтқиылдан өмір, іс туғызады, ірі адамдардың өмірін оқыған жас бұларды байыптар еді, олардан өнеге, тәжірибе алар еді. Өмір бойы еңбек еткен адамның қандай кемелдікке жеткенін сол адамдардың өмірінен көруге болады. Кемелдікке жету үшін ірі адамдарда келешекте игілікке зор үміт, өзінің күшіне зор сенім болған. Бір нәрсені іздеп, зерттеп, соңына түскен адам, егер ынтасы, қабілеті, таланты болса, түптің-түбінде мақсатына жетпей қоймайды.

«Қуат» пен «ниет» серіктесіп, бір жүреді. Бірі болмады-ақ талап босқа кетеді. Адамның талабы іске тез асуы үшін сыртқы шарттың жағымдылығы бір керек болса, туыста сүйегіне біткен қасиет екі керек. Кейбіреу туғаннан белгілі өнерге қабілетті, енді біреуде қабілет кем. Бастапқылардың өмірде өз жолын табуға мүмкіндігі бар, соңғыларда аз. Туыста бір өнерге қабілетсіз жаралған адам, қанша үйреніп, машықтанғанмен, ол өнерге қабілет жасап ала алмайды. Қазақтың "Көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен болады" деген мақалы әр жағында көсемдігі, шешендігі таяу тұрған адамға ғана айтылуы керек. Таяу тұрған өнерің болмаса, таң атқаннан күн батқанша сөйлесең де, шешен бола алмайсың, қырт-мылжың боласың. Бұны ғылым сипаттап, бекітіп отыр.

Адамның қабілеті, икемдігі жетілуге, я болмаса җетілмей қалуы өзінен болмаған сыртқы шарттардың ықпалы бар. Бұл күнде адамның қызмет таңдауына сыртқы жағдайдың салмағы күшті… Бұл қиын мәселені шешуге ұйымдасқан көмек керек. Өмірде адасқандарға жолн сқау керек. Жол нұсқаушы кім болмақ? Бұл міндетті мойнына алатын мектеп, бұл мәселені шешетін жай жүйесі (псиxология) болу керек.

Алдымен жан жүйесінің әдебиетімен танысу қажет. Жан жүйесі адамға ең жақын, ең керекті, әркімнің кім екендігі, жан өмірі жайлы әңгіме құрады. Біз көбінесе өзгелердің мінезін, мінін көргіш келеміз; өз мінезімізді, өз қасиетімізді, өз мінімізді көрмейміз, көргіміз келмейді. Біздің сыр-сыпаттарымызды басқалар байқайды.

Өзін білу, өз қасиетін тану жанның тереңдігін тілейді. Басқаша айтқанда, асқан ақылды, дана кісілер өзін сынай алады. «Мен» менен «менікінің» мағынасы екі басқа деп Абай айтқандайындай, «мен» деген мағына әр түрлі. Адамда «меншік мен» бар, «мендік мен» бар, «әлеуметтік мен» бар. Біздің «менікі» деп меншіктеп жүрген денеміз (тәніміз) «меншік мен». «Менікі» жалғыз денемен тәмәм болмайды: менің ой, ісім, әке, шешем, олардың қызығы, қуанышы, қайғысы менің де қуанышым, менің де қызығым, менің де бір мүшем. Ендеше, олар да – «меншік мен». Киетін ҡиім, тұратын үй, кітабым, сайманым, тағы маған меншікті мүліктің бәрі – «меншік менге» жатады. Жалпы көп өмірде «меншік менді» артық көреді, соны бағалы санайды.

Айналамыздағы дүниені мен не деп ұғамын? «Өзім» мен өлшесем, олар сыртқы зат. Бұл - «әлеуметтік мен» болады.

Бәрінен жоғары санайтыным - «мендік мен». Бұл менің ішкі өмірім, менің жан дүнием, руқым.

Менің ең алдыңғы орынға қоятыным мұратты (идеальный) жағым болуы керек. Бұл адамның ең қадірлі жағы. Дүниеде неге нанамын? Не үшін жасаймын? Не үшін қызмет істеймін? - міне, мұратты жақ дегеніміз. «Жүрек келешекпен жасайды». Сол келешектегі үміт үшін жан қиюға шыдаймыз. Өйткені «меннің» ең қадірлі, қымбатты жағы келешекте деп білуіміз керек.

Осы туралы «мендерді» жекелеп қарастырайық.

Маңайымыздағы адамдар бізді кім деп біледі? Яки біз өзгелердің көзінде кім болғымыз келеді? Осыны «әлеуметтік мен» дейміз. Біздің күнде көріп, жолығып, айналысатын адамдарымыз біздің суретімізді түсіретін түрлі айна. Біз ол айналарды аса қадірлі көреміз, өйткені әрқайсымыз суретіміздің жақсы жағы көрінгенін қалаймыз. Бұл қалаудың аяғы неге соғады десеңіз, ондай адам өзі туралы өзгелердің пікірін «құдай» көзіндей шын көріп, солардың пікіріне құл болып кетеді. Өзіміз туралы өзгелердің жақсы пікірлі болуын күйттей берсек, еріксіз өзге пікірге бағынамыз. Айналамыздағы өзгелер қанша болса, біздің «әлеуметтік мен» де сонша қырланбақ. Біз туралы пікір қанша болса, қырымызда сонша көбейе бермек. Неғұрлым өзгелердің мысы жеңе берсе, соғұрлым «мендік меннен» айырылып, өзгелердің пікірі оған ықпалдырақ болмақ.

Кейбір адам өзгелердің пікіріне әбден құл болғандықтан, өзіндік «мендігін» жоғалтып, жұтылып кетеді: басқалардың пікіріне мойын бұрмай бағынады, өзінде пікір болмайды. Сондай «мендігінен» айырылған адам, анығында басқалардың сынағанындай болмай, сыр-сипаты мүлдем өзгеше адам болуы мүмкін. Өзгелердің пікірі, көзі шалыс айнаша, оның шын суретін бұзып, қисайтып жіберген болады. , Жұрт мені «ақылды» дей берсе, расында, «ақылды» екемін деп, өзііме-өзім ден қойып аламын. Кім біледі, анығында мен ақымақ шығармын. Көбінесе, өзгелердің пікірі кейбіреулерді мүлде «ақымақ», не «мақтаншақ», не «жынды», не «құл» қылып жібереді.

«Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, өзіңді-өзің күзет, кел, шырағым», - дейді Абай.

Өзгелердің «мен» туралы пікірі ұшқары болса, өзімді қалай тануым керек? Маған жапсырған өзгелердің пікірін, сынын қалайша өзімнен алып тастауым керек. Қайткенде, өзімнен-өзім жекеленіп, өзімді білемін? Міне, қиын, мәселе осы. Бұл туралы «Дживани-Папиный» деген жазушы терең пәлсафалы ертегісінде әлеумет пікірінен тазарып, өзіне-өзі берілген адамның жан xалін шебер береді… «Мен кім?» деп өзінен-өзі сұрап білу үшін, өзгелердің жапсырған пікірінен тазару керек екен. Сонда ғана біздің нағыз «мендік мен» алдымызға келеді екен. Ол нағыз «мен» - біздің санамыздың халі, біздің қабілеттеріміз, зеректігіміз, тілегіміз, ойымыз, көңіліміз… Өз жанымызға өзіміз қанша үңілсек те, барлық ішкі сезімдеріміздің бәрі бірдей көзімізге жақын келіп елестемейді екен. Қалай десең де жүру мен сезу бір емес: шындыққа жүруден сезу жақынырақ, біздің нағыз «мен» жұрнағымыздай бола бермейді; біз адасамыз: қанша тырыссақ та өзімізге бейтарап көзбен қарай алмаймыз; өзімізге таққан өз сынымыз, қалай дегенмен, өзімшілдіктен құтыла алмайды: жақсы, жаман сипаттарымызды әлде асырамыз, әлде жасырамыз. Өзімізге өзіміз қандай қолма-қол, жақын болсақ та, өзімізді білу үнемі дұрыс болып шықпайды.

Және санамызды қайда жұмсасақ та, жанымыздың кейбір күйін (халін) тексеру, зерттеу мүмкін емес.

Өзімізді бақылау, сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына қоя білу керек. Қақ жарылып бір өзін екі кісінің орнына қоя білуге, әрине, дағды, әдет керек. Өзін білу оп-оңай біржолата табылмайды: Бұл ілтипаттың күшейіп, жетілуімен табылады. Ілтипатымызды күшейте-күшейте қақ жарылуды үйренеміз. Өзін-өзі дұрыс, анық бақылап жазған жазушылардың шығармаларын оқудың пайдасы зор. Анық өмірді суреттеген өнерпаздардың сырлы шығармалары жақсы үлгі. Адамның жан құбылыстарын зерттеп, таныс болу үшін сол шығармалардағы кейіпкерлердің (типтің) бастан кешірген халдерін бақылау керек: өзін бақылауға бұл құрал болады. Әркімге өзінің басынан кешірген хал-жайын күнделікке (дневник) жазып отырудың да өзін бақылауда маңызы күшті. Күнделікте адам өз түрін айнаға түсіріп, өзіне-өзі есеп береді. Кейде өткенде жазған сөздерін көріп, жазушы, өзіне-өзі тең қалады. Өткендегі «мен» мен қазіргі «меннің» зор айырмасын тапқанда, «меннің» терең сырлы, ұғымсыз екендігі айқындалады. Жан мен тән дүниесіндегі әрбір құбылыста бір себеп болмақ. Жан дүниесіндегі себепті сананың ар жағында мұнартқан санасыздық дүниеден іздеу керек: «сана» деген ұғымнан «жан» деген үғым анағұрлым кең, әлдеқайда терең. Өйткені «жан» деген ұғымды әлемге теңестірсек, әлемнің ішінде жер дүниесі бар: сонда «сана» жер дүниесі, «санасыздық» көк дүниесі болады. Жер мен көк қосылып, әлем болғаны сияқты, «сана» мен «санасыздық» қосылып «жан» болады.

«Меңнің» санасыздық жағының ықпалын көрсету үшін «көңіл-күйін» алайық. Әркімде бір талпыну, шабыт бар. Осы шабыттар түрлі себептермен кейде көтеріліп, кейде төмендеп тұрады. Санамыздың қармағына бір рет ілініп қалған нәрсе, кейде мүлдем ұмытылып кеткендей көрінсе де, анығында ол ұмытылмайды: тек орны ауысып, санасыздық дүниесіне кетеді. Мәлімсіз бір қуаттың ықпалымен сол ұмытылған нәрселер өзінен-өзі түртіліп, кейде санамызға қайтып келеді. Ол келсе, қиялымыз қозғалып, іске кіріседі; жүрекпен сырласып, жүйелі, тізбекті үлгілер, кейіптер туғызады. Сонда біз не көтеріліп, шабыттанамыз, не кірбіңдеп, жабығамыз. Міне, жанның осындай халін - көңіл-күйі дейміз. Олай болса, санасыздық дүниесі біздің көңіл-күйімізге де әсері тиеді екен. Кейбір жұмысты жақсы істеуге көңілдің көтеріңкі болуы жағымды шарттың бірі…

Тағы бір ескерту: күнделік жазғанда, жанның кейде, кенеттен, тосыннан жолығатын соқпақтарын дайымғы, орнықты халдерінен айыра білу керек. Жас адамның жан дүниесі құлпырмалы: кейде біріне-бірі ұқсамайтын, бақан-тіреу, қарсы халдер де ұшырасады. Әрбір жас адам өзін жақсы тануға, өз жасындағы адамдардың жан жүйесімен таныс болуы пайдалы.

Адам өзін және өзгелерді ұғу үшін ғылымнан жол басшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым жан жүйесінің жеке адамдар өзгешелігін зерттейтін бөлімі. Рас, бұл бөлім әлі жас, жеке адамда болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл бөлімнің болашығы алдында. Бірақ жаста болса, әр адамның өзгеше сипаттарын тексеруге болады, бұл бөлімнен азды-көпті көмек табылады.

Әр адамда болатын өзгеше қасиеттерді жіктеудің ең жабайы, қолайлы жолы: сыртқы әсерлерге әрбір адам жанының қалай тебіренуін, қалай жаңғыруын бақылау. Айналадағы дүниеге адамның жаңғыруын яки серпілуін «жан ағыны» дейміз. Осы серпілудің айырмасы әр адамдардың өзгеше қасиеттерін көрсетеді. Адамдардың сыртқы әсерге серпілу мінездерін байқағанда екі түрлі негізді айырма бары байқалған: тез серпілу, созалаң серпілу. Серпілудің осындай айырмасына қарап, әр адамның мінезін айырамыз. Алдымен бұл айырма бір адамның сыртқы дүниеге, сыртқы затқа қалай қарайтындығын көрсетеді. Тез серпілетін адамдардың қарасында өзіндік мінез болады; олар қандай іс болса да белсеніп, құлшынып кіріседі. Бар мақсаты: оның өзі істегені. Айналадағы нәрселердің өзіне қатынасы қандай болса, маңызы да сондай көрінеді: бұлар не нәрсе болсын, көбінесе, өз көзімен қарап, өз сүйемімен өлшейді. «Ашуын қолына ұстап отырады» деп кей ашуланшақтарды айтады ғой жұрт. Сол сықылды бұл кейіптес адамдар өзінің «мендігін» қолына ұстап отырады;. «мен» бұрын жүреді, «мен» қашан да болса әзір тұрады. Сондықтан бұл кейіпкерлер тез серпіледі, тез қайталайды. Өзін ұстау оларға қиын. Бұлар өзімдік (субъективный) кейіпкерлер.

Енді біреулер сырттан алған әсерге жуық маңда селт етіп, серги қоймайды. Бұлар өзгелік (объективный) кейіпкер. Өзімдік кейіпкерлердің ынтасы, ілтипаты, көбінесе, қозғалысқа, қимылға ауады. Өзгелік кейіпкерлердің ілтипаты терең ойландырарлық әсерге түйіледі. Соңғылар, егер ілтипатын өзіне аударды бар ғой, мәселені өзі сезгенімен, өз қарасымен шешпейді. Сырттан бір түрткі жолыққанға шейін қозғалысын тоқтата тұруға да шамасы келеді. Қайталаудың осындай айырмасы келешектегі мінездің ұрығы іспетті, адамда жас басынан-ақ байқалады. Жас баланың қозғалысында есейгенде болатын мінездің өзгешелігі көрініп тұрады...

Кейбір қызметте өзгелерді өз беделіне бағындыра білу асығыс, өрге домалаудың бір белгісі. Бұл, мәселен, әскерлік қызметі. Әскерді бастап, соңынан ерту, оларды бағындыру, оларға әмір жүргізу - әскер қызметінде зор маңызды өнер. Сондықтан бар әскер җұмысы барлық әскер басыға байлаулы. Әскербасы қандай болу керек деген мәселе әскер жайында көбірек қозғалған, көбірек тексерілген мәселе. Бастық (командир) болуға қандай қасиет керек? Бастыққа керекті басты қасиеттер мыналар болу керек: күшті қайрат, кейде үздік жетілген қайрат, өз бетімен ойлау, өздігінен істей білу, кейде кенеттен ұшыраған жұмыста тез жол тауып, айла құрып, шығыс табу. Оның үстіне осы қызметім пайдалы деген сана болмаса, өзге қасиеттер қандай күшті болса да, жарытпайды. Қызметін сүю жан, тәннің барлық күшін дәуірлетіп, шабыттандырады, қыздырады, ерлікке, батырлыққа айдайды.

Өзгелерге бұйрық беріп, бағындыра білуге тағы да түрлі қасиеттер керек. Азды-көпті көсемдігі (инициатива), тапқырлығы, қызметке құнды, батылдығы, тәуекелшілдігі, ұстамдылығы, шыдамдылығы болмаса, жақсы басшы да бола алмайды. Әрине, жалғыз шыдамдылық та жетпейді, бірақ шыдамдылық болмаса, өзге қасиеттері түкке де тұрмайды.

Қажет қасиеттің бірі: өзіне-өзі сенімділік. Жаңылып кетем бе, жоғары ұлықты ренжітіп алам ба деп өзіне-өзі сенбей, қорқа берген әскер басы берекелі іс шығара алмайды.

Қызметке қызу наным, өзіне ығдиқат – көпке ықпал жүргізудің бір шарты. Наным мен қызулық (желік) қатар жүреді. Қызу ығдиқаты бар адам көпті ұйытып әкетеді. Адам өзі ден қоймаған нәрсеге өзгені еліктіру мүмкін емес.

Жұмыс өнімді болуға тағы да бір керекті сипат: жан, тәнімен түгел берілу. Арманына жетуге бар талабын, ақыл, айласын, жігерін салған әскер басы өзгелерді де ұйытып, соңына ертіп, мұратына қарай жетектеу күші арта береді.

Әскер баслардың көбіне көтеріңкі көңіл керек. Ол дене қозғалысымен, қызулы дауысымен, сыртқы сыйқымен құбылтып, көпке де жан кіргізеді. Әрине, көтеріңкі көңілді қолдан жасап алуға болмайды, ол жанға біткен, бір күшті құмарлықтан туатын сипат. Ішкі құмарлық сыртқа шықса, бастықтың жаны сая табады, тыңнан тың сезім туып, көңіл көтерілуі арта береді.

Беделді бастықтың жан сипаттары қандай болу керек? Бұл мәселеге дәл, толық жауап беру қиынырақ: өйткені адамның тоқсан алуан мінезін тексеріп білу өте қиын. Қайткенмен, басқаларды бағындыра алатын кейіпкерлердің мінезіндегі айырмасын айтуға әбден болады. Безбеннің бір басында беделді әскер басы – «батырдың» кейіпкері тұрса, екінші басында бұйығы, бағынышты – қызмет орындаушының кейіпкері тұратыны ап-анық.

Тәуекелшіл, ер, батыл кейіпкерді қайдан көрсең де, ол - ұйым жасаушы, ол үгітші, ол басшы, ол көсем: әлеумәт тұрмысы оларсыз мүмкін емес; олар әлеуметтің жаны. Олар келді - сөз гулейді. Топ қызады, көпті ертеді. «Оларға еру оңай, қарсы тұру қиы», - дейді Бен деген ғалым.

Қайратсыз, жасық кейіпкерде жоғарыда аталған сипаттардың бірі де болмайды. Оның өзгелерге ықпал жүргізуге икемі келмейді... Өзгелерге ықпалды адамның мінезіне, көбінесе, қайраты әсер береді. Профессор Мейман адамның қайрат жағын тексеріп («Зиялылар және қайрат» деген кітабында) бірнеше жікке бөлген. Қайраттың түрлі болуынан мінез қасиеттері әр түрлі. Және қайрат жанның басқа қуаттарымен (ақылмен, көңілмен) астасып, әр адамға өзгеше сипат береді. Нағыз қайрат жағынан қарағанда, төрт түрге бөлуге болады.


  1. Адамның жан дүниесіне қарап сипаттағанда қайраттың бір белгісі – екпінді я жігерлі болмағы…

  2. Қайраттың енді бір өзгеше қасиеті – қайрат күшінің аз уақытқа я көп уақытқа шейін созылуы..

  3. Қайраттың өрлеуі, жетілеуі жағынан қарап, адамды негізді (принципный), негізсіз деп айыруға болады…

  4. Қайраттың төртінші қасиеті саналы қайрат, әдетті қайрат болады...

Қайратқа әдеттің де ықпалы бар. Кейбір адам әдеттенген сайын іс оңайлана береді, өзінен-өзі істеліп дағды болып кетеді. Енді біреулер әдет болған жұмысты қаламайды, әдеттің шегінен шығып істеуді ұнатады.

Қайраттың одан соңғы бір парқы ақыл мен сезімнің (көңіл) әсер беруі. Бір нәрсені істеуге ақылы мен сезімі дұрыс тауып, көне ме, жоқ, теріс тауып, тая ма? Міне, осы жағын айтамыз. Ақыл сезімнің құп көруі я қостамауы кейде тез, кейде шабан болады. Сондықтан адамның қайраты да не батыл, не тайғанақ болады. Батыл қайратты адам алды-артына көп қарамайды, іске белсеніп түсіп кетеді. Тайғанақ кісі көпке шейін толқып, жуырда ештеңеге табан тірей алмайды, кейде белгілі бір қорытындыға келе алмай, дағдарып қалады.

Таза қайрат түрлері осылар. Бірақ адамның жан өмірі, деректі заттар сияқты жекелеп бөлшектеуге келетінмнәрсе емес. Жанның бір сипаты мен өзге сипаттары астасып, айқасып, қайнасып біткен: таза түрінде ешбір сипат жоқ. Мысалы, қайрат, ақыл, сезім бірімен-бірі байланысып, біріне-бірі реңк беріп отырады...

Адамдарды мінезіне қарай жіктегендегі өмірге ең жақын жанасатын жіктес – проф. Лазурскийдікі… Лазурский орта қолды адамдар үшін мынадай (таза) кейіпкерлердің мінездерін айырып суреттейді: ғалым, суретшіл (xудожниктер), шаруашыл, әлеуметшіл, діншіл-болжаушыл, көпшіл.

... Гейманс жан сипаттарын үш жұпқа бөледі; Үш жұп бірімен-бірі айқасып, түрлі кейіпкер жасайды дейді ол. Өмірді зерттеу Гейманстың жоруын расқа шығарады. Гейманс үш жұп сипаттарды қосып, түрлі мінездер туғызады. Оның айтуынша, мінез түрлері соңғыдай болмақ: 1) күйгелек (нервный); 2) аяныш жанды (сентиментальный); 3) ыстық қанды (сангвиник); 4) салқын қанды (флегматик); 5) қызбалы (холерик); 6) құмартпалы (страстный); 7) ұйытқымалы (аморфный); 8) сары уайымшыл (апатичный).

Ынтамызды аударған мәселені күндердің күнінде жан жүйесі, пәні шешеді деп жұбануға, қашан шешіп, қашан көңілімізді тындырары, мәлім емес, көзіміз жетпейді. Өмір бізден бұл мәселені күнбе-күн шешуді тілейді. «Өзгенің ойындағысып тап, ішіндегісін біл!» - дейді; өзгені қандай білсең, өзіңді де сондай біл, сыншыл, сыршыл бол дейді. Неге? Жан табиғатымыздың қандай қызметке жарамдылығын білу үшін қандай қызметті алыңыз, ол қызмет өзгелердің жан дүниесін айыра білуді тілейді. Кейбір қызметте жұмысымыздың өнімді болмағы, өзгелерді қаншалық танып, соншалық ықпал жүргізуге байлаулы. Қай жолды, қай қызметті алсақ та бізге тамыршы болу қажет.

Өмір жүзінде көреміз: кейбіреу өзгелердің «жүрегін білгіш» болады; бірақ олардың білісі ғылымға тірелген, жүйелі біліс емес, тәжірибеге, болмаса сүйегіне біткен бір қуатқа сүйенген біліс.

Өнер таңдау жолында жастарға көмек көрсетуге алғашқы тәжірбие Америкада істелді. Бұл жұмысқа басшы болған Бостон профессоры Парсон… («Мамандық таңдау» атты кітаптың авторы С.Ж.)

Бостон ұйымының бір қызметі: пәлен өнерге жанның пәлендей қасиеттері керектігін табуға тырысқандығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет