Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)



бет7/7
Дата06.01.2022
өлшемі63,43 Kb.
#12643
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жүсіпбек Аймауытов

Әдет заңы

Оқытушы әдет заңын жақсы білу керек. Әдеттің жақсысы да, жаманы да бар… Өмірдің өзі белгілі әдеттерден құралып, өмір болады. Әдет іс жүзінде де, ақыл, сезім, көңіл жүзінде де болмақ.

Әдет заңына бағынбайтын адам жоқ. Here? Денеміз, миымыз бар. Миымызда сондай бір қасиет бар: әуелде қиын көрінген нәрсе қайта-қайта істеле берсе жүре бара оңайланып кетеді. Тіпті көп дағдыланса, ойланбастан машина тәрізденіп істейтін болады… Ми саламыз сол тәрізді машықталған бетінде қалыптасып жетіледі.

Өмірде әдеттің күштілігін сонан біл: Әдет адамның екінші табиғаты" деген мәтел болған… Киім кию, шепу, ішу, жеу, амандасу, қол ұстау, қош айтысу, біреуге жол беру, кешірім сұрау, күндегі сөйлеп жүрген сөзіміз, еткен ісіміз бәрі әдеттің жемісі. Көп сөздерге ойланбай беретін жауабымыз даяр тұрады; «Жол болсын!» - «Әлей болсын!», «Алыңыз», «Рахмет», «Ғафу етіңіз» деген сықылды. Осылардан келер-кетер болмаса да, әдет боп кеткен. Қысқасын айтқанда, біз - әдеттерді ішіне толтырған бір жанды қапшық тәрізді міз… Бұл әрине, қалыптасқан ересек адамның басында болады. Бала әдетті жасынан тамыздақтап жинайды.

Ендеше оқытушының міндеті балаларына алдыңғы өміріне пайдалы боларлық әдеттерді сіңіру болады. Адам іске бола тәрбиелену керек; істің табан тірейтін дерегі не десеңіз - әдет.

Бұл заманғы дәуірлеп тұрған нәрсені мысалға алсақ, әдет - бір сақтаулы қазына (капитал)… Адам қымбат әдеттердің өсімін жеп, өмір сүруі керек. Ол үшін балаға пайдалы амалды жасынан бойына жапсырып, зиянды істен ерте бастан сақтандыру керек. Неғүрлым күндегі істейтін амалдарымыздың көбі ойландырмай, зорландырмай оңай істелетін болса, соғұрлым ақылымыздың еркіндігі молырақ болады. Кім де кім осындай жаман әдеттің шеңгеліне түссе, шама келгенше құтылуға талпыну керек. Егер әзір аман болса, бойды аулақ ұстау керек.

Жаман әдеттен құтылуға, жақсы әдетті табуға құнт етсе, шара бар. Ол шара - табандылық, қажыр. Жаңа әдет қонуға не жәрдем беретін болса, сонымен пайдаланыңыз; жаңа жолға түсетін жағдайдан шықпаңыз. Ескі әдет маңайласатын міндеттерден бойды аулақ ұстаңыз. Өзіңізге-өзіңіз уәде беріп, тіпті әлеумет алдында ант етіп, жаңа жолға түсуге қолдан келген құралды аямаңыз. Осы шарттар күнде орындалып отырса, жаңа әдет жамала береді, ескі әдет жоғала береді.

Адамгершілік жүзіндегі әдеттерде біріне-бірі қарсы екі күш болады. Бірі жақсылық жаққа, екіншісі жамандық жаққа тартады. Бір жаманы сол: жаман әдет бір рет жеңсе де, жақсы әдеттің талай жеңгеніне төтеп береді. Жаңа әдет дендеп, жаман әдетті бас көтерместей айыққанша бір жағын демеп, екінші жағын әлсіретуден тоқталмай, тізгіннің бір жағын қысып ұстап басты бір байлаған істі несиеге қаратпай, алғашқы кездескен қолайлы кезекпен пайдаланып қалу керек.

Адамда жақсы ереже, ізгі ниет қаншама мол болса да, ол адам бұларды амалына айналдыруға келген кезеңмен пайдалана алмаса, мінезі түзу болуына ешбір пайдасы тимейді…

Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу. Кезенген жақсы ниет, лепірген шын көңіл, кінә өзімізден болып, іске аспай қалса, онда амал ететін кезеңнен жүдә болғанымыз былай тұрсын, ол жақсы ниеттер келешекте де орындалуына да кесір болады. Дүниеде анаған бір, мынаған бір жалтақтап, бос қиялдан арылмай өмір бойы «Ой, бәрекелді!» дегізерлік бір іс ете алмаған сарыуайыммен, байбаламмен күні өткен езден жақсы адам болмайды.

Бұдан шығатын түйін сол: шәкірттерге дерексіз жақсы сөздерді, үгіт-насихатты көп сөйлей бермей, оның орнына баланың ойын, сезімін, амалын қатар өркендету үшін кез келген жерде аңдып отырып, қолданған ережеңді іске асыруға талпын. Бөлек-бөлек амалдар ғана мінезге жаңа сурет беріп, жақсы әдеттің өрмегі құрылады. Уағыз, насихат, құрғақ сөз тыңдаушыны тез қажытады. Жасымызда болғымыз келмейді? Өз ойымызша өнерлі, сегіз қырлы жігіт болғымыз келеді. Көркем сөз, көркем сурет, ән-күй сықылды өнерлерді, асса өзіміз біліп қалуды, олардан ләззат алғымыз, түсінгіміз келеді, заманымыздағы қандай жақсы идеялар (мұраттар) бар, пәлсапа жүзінде қандай басты ағымдар бар - олардан да қара жаяу болмасам деп қиял етеміз, тәтті құр алақан қаламыз деп ешқайсымыз ойламаймыз; үміт пен қиял қос тізгіндеп алып, қияс әлде қайда алып қашады. Аз болса өз басымыздық, одан артсақ, әлеуметке пайдалы кісі болғымыз келеді. Мүмкін одан да зор үміттер болатын шығар. Енді төңірекке көз салайықшы! Егде болған неше еркек, неше әйелдің жалынды үміті, тілектері орнына келген екен? Некен-саяқ болмаса, көбінің-ақ үміті бос қиял болып қалғаныңда дау жоқ. Неліктен бұлай екенін әдет заңы бізге ашып беріп отыр.

Сол айтылған нәрселерге бір кезде азды-көпті ынта әркімде-ақ болады: бірақ сол ынталар кезінде ұдайымен тиісті сусын ала алмайды да, өмірде қайтпас болаттай қару (әдет) болудың орнына күндегі уақ мүдделер жол бермегендіктен өзінен-өзі сөніп қалады. Өмірде керекті болатын ынталарымыз жетілетін шарттарды ескермей кетеміз…

Талай жақсы ниетті ой ойлап, аузымыз айтса да, қиялымыз дәлелденсе де соларға дереу кірісіп, орындауға даяр тұрмаймыз. Жетпек болған игілік күнде жаңғыртылып естілумен, күшпен табы- латынын ұмытып кетеміз. Игілік арзанға түспейді, көп еңбек, көп күштің құнымен қолға түседі. Біз күнде ертең, күнде ертең деп жүргенде уақыт өтеді, игілікті ала кетеді.

Өткен өмірде күн сайын адам қай бағытта машықтанып әдет етсе, егде болғанда да, сол бағытта өзгереді…



Кейде ескі әдет жойылып, жаңа әдет тез-ақ орын тебетін болады. Бұл-рас, бірақ тым сирек. Ондай тосыннан өзгеретін мінезге де жоғарыдағыдай ақылдар пайдалы.

Жаңа әдетті жаңа түрткі, жаңа ояныс орнатады, соңғылар өмірде жиі ұшырайды, көбінесе, тәжірибемен байлаулы болады. Адамның мінезін өзгертуге тәжірибенің ықпалы күшті, кейде адамның дүниеге көзқарасын, сезімін өзгертіп, жаңа туғандай жаңа мінезге салады. Ондай кезде ескі әдеттен ат құйрығын кеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет