3.«Аллаһу Акбар» - «Алла Ұлық» - Алланың ұлықтығын ұлықтайтын жақсы жаңалық болғанда немесе жамандық, қиындыққа ұшыраған сәтте де, мұсылман қауымы осы бір сөзді айтады. 4.«Субханналаһ» - «Алла кемшілік атаулыдан пәк». Жақсы жаңалық, ғажайыпқа тап болған сәтте айтылады. 5.«Әлхамдулилләһ» - «Аллаға шүкір», «Аллаға мадақ». Берілген барлық ризық-несібенің Алла Тағаладан келгенін біліп, оған иман келтіру. Оның берген немесе бермеген нәселеріне ризашылық білдіру. 6. «Ма ша Аллаһ» – «Алланың қалағаны болады» – Бұл сөз бір нәрсеге таң қалғанда, ісі оңынан болғанда, қуанғанда айтылады. 7. «Ин ша Аллаһ» Бір істі бастауға ниет еткенде, біреуге уәде бергенде, үміттенгенде айтылады. 8.«Хәсбунәл-лаһу уә ниъмәл- уәкил». – «Бізге Алла жетіп асады, Ол нендей жақсы Көмекші».
Қорыққан сәтте, көңілің алаң-елең болғанда, сәтсіздікке душар болғанда айтылады. 9.«Әъузу бил-ләһи минәш- шайтанир ражим» «Қуылған шайтанның азғыруынан Аллаға сыйынамын» - деп күмән етіп жатқан ісінен тиылады. 10.«Астағфируллаһ» – «Алладан кешірім тілеймін». Күнә жасап қойып тәубеге келгенде, Алладан кешірім тілегенде айтылады. 11.«Аллаху Мустаан» - «Алланың көмегі жеткілікті». Шарасыз күй кешкенде айтылады. 12.«Инна лилләхи уә инна иләйхи раджиун» - «Бәріміз бір Аллаға тиесіліміз және түбінде Оған қайтамыз». Жақын адамыңды жоғалтқанда, бір кісі қайтыс болғанда айтылады.