Жумагулова айша алгабековна



Pdf көрінісі
бет55/71
Дата19.05.2023
өлшемі1,47 Mb.
#95138
түріДиссертация
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Байланысты:
Диссертация ЖУМАГУЛОВА АЙША(1)

нағыз дос, ақымақ, оңбаған) қолдану; 
2) эмоцияны немесе сезімді білдіру (мысалы: «Мен алаңдаймын», «Мен 
ұяламын», «Мен саған ризамын», «Мен қорқамын»); 
3) эмоциялар мен сезімдердің салыстырмалы немесе метафоралық 
сипаттамасын (мысалы: «төбесінен жай түскендей болды», «кірерге тесік 
таба алмады») қолдану; 
4) өзінің қалауын сипаттау (мысалы: «Мен қашып кеткім келеді», «Мен 
оны көргім келеді», «Мен бүкіл әлемді құшақтағым келеді», «Мен билегім 
келеді»). 
Адам өзінің эмоциясын білдірген кезде оның күйін тыңдаушының қате 
түсіну жағдайы айтарлықтай азаятынын байқауға болады. 
Бұл ретте алдымен адамдардың эмоционалды қарым-қатынасының 
мынадай стильдерін білу керек:
тұрақсыз (жеке тұлғаның өзінің шын эмоциясын жасыруға деген 
ұмтылысына негізделген); 
– агрессивті (өз күштерін көрсетуге бағытталған); 
ашық немесе сенімді (оның мақсаты – адресатқа адресанттың өз 
сезімдерін түсіндіру, тіпті ол жағымсыз эмоция болса да, адресаттың өзін кінәлі 
сезінуіне емес, керісінше, адресантты түсінуге деген ықыласын оятып, сол 
арқылы агрессия тудырмау) [211]. 
Аталған стильдердің әрқайсысына сәйкес келетін хабарламалар 
құрылымы бойынша әртүрлі болады. 
Тұрақсыз стиль эмоция мен сезімдерді жасырып қалуға тырысатын 
жалтарма жауаптармен, кейде тіпті қорлау сөздеріне де жауап бермеумен 
ерекшеленеді. 
Агрессивті хабарламаларда бағалауыштық сипат басым болады және 
құрылымы «Айтылым-сен» болып құрылады, мұнда жауапкершілік басқа 


122 
адамға жүктеледі («Сен менің жыныма тидің», «Мұның бәрі сенің кесіріңнен», 
«Сен мені шаршаттың», т.б.). Мұндай мәлімдемелердің екіжақты әсері 
болады: бір жағынан, айыптаулар адресаттың жағымсыз эмоцияның себебін 
түсінуіне емес, қорғануына итермелейді; екінші жағынан, адресант өзінің 
эмоциясы үшін жауапкершілікті серіктесіне жүктей отырып, адресатқа өзін 
билеуге мүмкіндік береді, өйткені оның эмоционалды жағдайының өзгеруі әрі 
қарай сол адамға байланысты болады. 
Коммуникацияға 
қатысушылардың 
өзін-өзі 
бағалауына 
нұқсан 
келтірмейтін және сөйлеушіге өз эмоциялары үшін жауапкершілікті өз 
мойнына алуға мүмкіндік беретін хабарламалар (тіпті жағымсыз эмоциялар 
туралы хабарламалар болса да) басқаша құрылады. «Зорлықсыз коммуникация» 
тұжырымдамасының авторы М. Розенберг осы мақсаттарға жету үшін 
«Айтылым-мен» моделін қолдануды ұсынады. Бұл модель сөйлеушінің 
эмотивтік құзыреттілігін көрсететін келесі міндетті құрылымдық бөліктерден 
тұрады: 
1) эмоцияны тудырған жағдаятты сипаттау;
2) осы жағдаяттан туған немесе туатын эмоцияны атау немесе білдіру 
(өзінің эмоционалдық күйін анықтай алу қабілеті);
3) сол эмоцияның тууына себеп болған қажеттілікті анықтау (эмоциялар 
мен адамның қажеттіліктерінің арасындағы байланысты түсіну) [211, с. 150]. 
Мысалы:
1) сенің кететініңді білгенде (эмоцияны тудырған жағдаятты сипаттау); 
2) мен ашуландым (эмоцияны білдіру) / мені ашу қысты (эмоцияны атау); 
3) себебі мен сенің қолдауыңа мұқтажбын (эмоцияның тууына себеп 
болған өз қажеттілігіңді анықтау); 
1) сен өтірік айтсаң (эмоцияны тудыратын жағдаятты сипаттау); 
2) мен ренжимін (эмоцияны білдіру); 
3) себебі мен сенің адал болғаныңды қалаймын (эмоцияның тууына себеп 
болатын өз қажеттілігіңді анықтау). 
Өзінің эмоциясын ашық білдірудің бұл моделі, әсіресе, басқа адамға 
соған қатысты туындаған жағымсыз эмоцияларды білдіруде өте тиімді, себебі 
бұл жағдаятты агрессиясыз шешуге мүмкіндік береді. 
Сондықтан осы кезеңде білім алушыларға өзіндік жұмыс ретінде 
төмендегідей жаттығу түрлерін ұсынуға болады (12-кесте). 
Білім алушылар мұндай үлгідегі тапсырмаларды орындау арқылы 
эмоцияны жасырудың, басудың орнына өз эмоционалдық триггерлерін (эмоция 
тудыратын жағдайлар, сөздер, адамдар, т.б.) анықтап, оны басқаларға 
агрессиясыз көрсету қабілетін игереді. Дәл осындай әдіспен басқа адамның да 
эмоциясын тануға болады. 


123 
Кесте 12 – Эмоцияны тану қабілетін дамыту үшін ұсынылатын жаттығу үлгісі 
Күні 
Оқиға, жағдаят, 
ақпарат, адам, 
т.б. 
(Бұл эмоцияны 
кім немесе не 
тудырды?) 
Менің ойым, 
қорытындылар 
(Бұған қатысты 
не ойлайсыз? 
Қандай 
қорытынды 
шығардыңыз? 
Қандай күйдесіз?) 
Эмоциялар 
(Не сезесіз? 
Қандай 
эмоцияға 
берілдіңіз?) 
Менің 
реакциям 
(Осы күйде 
не істедіңіз? 
Өзіңізді
қалай 
ұстадыңыз?) 
Менің 
қажеттіліктерім 
(Мен нені 
қалаймын? 
Маған не керек? 
Бұл маған не 
береді?) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет