121
Болашақ мұғалімдерге эмоционалды сөйлеу әсерін үйрету
барысында
мынадай жаттығулар беру ұсынылады:
– күрделі тапсырманы дұрыс орындаған оқушыңызға өзіңіздің
көзқарасыңызды білдіріңіз;
– тапсырманы орындай алмаған оқушыны жігерлендіріңіз;
– сабақта талқыланатын нысанға қатысты сезімдеріңізді білдіріңіз.
Бұл кезеңде білім алушылар эмотивті лексика мен фразеологизмдер
бойынша жұмыстың жүйелілігін түсініп, эмотивті
құралдарды таныстыруды,
бекітуді және қолдануды қамтамасыз ететін әдістемелік тәсілдердің
комбинацияларын үйренуі керек. Ол үшін білім алушыларға өз бетінше сабақ
жоспарын құрып, оның жеке фрагменттерін орындауды ұсынуға болады.
Бұл жаттығуларды жоғарыда аталған кезеңдер
мен сатылар аясынан
шықпай, игеріліп жатқан эмоционалды концептке байланысты өзгерте беруге
болады.
Бұл кезеңде эмоционалды күйлерді вербалдау дағдысын игеру маңызды.
Ол төмендегідей сипатта жүзеге асады:
1) эмоционалды-бағалау лексикасы мен сөз тіркестерін (мысалы:
ақылды,
Достарыңызбен бөлісу: