130
Анықтау экспериментінің келесі кезеңінде біз 13-кестеде ұсынылған білім
алушылардың эмотивтік құзыреттілігінің жалпы коммуникативтік және кәсіби-
коммуникативтік аспектілерін қалыптастырудың сандық және сапалық
көрсеткіштерінің жүйесін жасадық.
Дайындық жұмыстары шеңберінде білім алушыларға эмотивтік
құзыреттіліктің жалпы коммуникативтік және кәсіби-коммуникативтік
аспектілерін қалыптастыру деңгейін диагностикалауға бағытталған жазбаша
және ауызша тапсырмалар, сонымен қатар өзіндік жұмыстарын орындау
ұсынылды.
Біздің зерттеу жұмысымыздың аясында
білім алушылардың эмотивтік
құзыреттілігін қалыптастыру деңгейін бағалау компоненттер бойынша емес,
жалпы коммуникативтік және кәсіби-коммуникативтік аспектілер бойынша
жүргізілді. Бұл эмотивтік құзыреттілік құрылымының күрделілігімен және
диагностикалық шаралардың уақыты мен көлеміндегі шектеулермен
байланысты.
Бұл экспериментке қатысушылардың әрқайсысының жинай алатын ең
көп ұпай саны 90 (бөлінген кешендердің әрқайсысында тапсырмаларды
орындағаны үшін 45 ұпай берілді) болды.
Жалпы коммуникативтік және кәсіби-коммуникативтік кешендердің
тапсырмалары барысында алынған нәтижелерді 14 және 15-кестелерде
ұсындық.
Кесте 14 – Білім алушылардың эмотивтік құзыреттіліктің жалпы
коммуникативтік аспектісін меңгеру деңгейінің
негізгі статистикалық
сипаттамасы (экспериментке дейін)
Деңгейлер
Сандық көрсеткіш
Пайыздық көрсеткіш, %
Төмен (1-15 ұпай)
11
26,2
Орта (16-30 ұпай)
31
73,8
Жоғары (31-45 ұпай)
-
-
Кесте 15 – Білім алушылардың эмотивтік құзыреттіліктің кәсіби-
коммуникативтік аспектісін меңгеру деңгейінің негізгі статистикалық
сипаттамасы (экспериментке дейін)
Деңгейлер
Сандық көрсеткіш
Пайыздық көрсеткіш, %
Төмен (1-15 ұпай)
27
64,2
Орташа (16-30 ұпай)
15
35,7
Жоғары (31-45 ұпай)
-
-
14-кестеден көріп отырғанымыздай, білім алушылар бірінші кешеннің
тапсырмаларын сәтті орындап, орта есеппен 23 ұпай жинады. Бұл эмотивтік
құзыреттіліктің жалпы коммуникативтік аспектісін меңгерудің орташа
деңгейіне сәйкес келеді.
Білім алушылар екінші кешеннің тапсырмаларын
әлдеқайда нашар
орындады (15-кесте), ең жоғарысы 17 ұпайдан аспады. Бұл эмотивтік
131
құзыреттіліктің жалпы кәсіби аспектісінде орташа деңгейдің төменгі деңгейіне
сәйкес келеді.
Жалпы коммуникативті кешеннің тапсырмаларын орындау кезінде білім
алушылардың негізгі қиындықтары: 1) сөздің немесе сөз тіркесінің денотаттық
мағынасын
толық
түсінгенімен,
эмотивтік
мағынасын
білмеу;
2)
коммуникацияның вербалды және вербалды емес эмоционалды құралдарын
үйлестіре алмау; 3) эмотивті коммуникацияның амалдарын білмеу: арнайы
стратегиялар
мен
тактиканы
қолдана
отырып,
сұхбаттасушымен
коммуникативті байланыс орнату, эмоционалды сөйлеу әсерін тигізу
дағдыларының болмауы.
Білім алушылардың кәсіби-коммуникативтік кешеннің тапсырмаларын
орындаудағы негізгі қиындықтары мыналар болды: 1) оқу материалын игеруге
деген талпыныс пен жағымды эмоционалды фон қалыптастыру үшін эмотивтік
бірліктерді
қолдана алмау; 2) білім алушылармен коммуникативтік байланыс
орнатудың қиындығы; 3) оқушылардың эмоциясын басқара алмау, оларды
жағымды бағытқа бағыттай алмау; 4) кәсіби және коммуникативтік қызметті
жоспарлау кезінде де, оны жүзеге асыру барысында да креативтіліктің
болмауы.
Анықтау экспериментінің нәтижелері
арнайы оқыту экспериментін
жүргізу қажеттігін анықтады.
Достарыңызбен бөлісу: