Сынып жетекшісінің циклограммасы Күн сайынғы міндеті: • Сынып журналына сабақта жоқ оқушыларды белгілейді • Сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады • Оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі болуын бақылап отырады • Сыныптың өзін- өзі басқару ұйымдарына және мектептің өзін- өзі басқару ұйымдарының өкілдеріне педагогикалық көмек көрсетеді Апта сайынғы міндеті
Оқушылардың күнделіктерін тексереді; Пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап отырады; Сынып сағатын және жарты сағаттық шаралардан ақпарат беру, өзара байланыста болу үшін өткізіп тұрады; Мектеп ішіндегі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын бақылап отырады;
Ай сайынғы міндеті: • Сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастырады; •Жолда жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді; • Кабинетке және сыныпқа бекітіліп берген аумаққа тазалық жұмысын жүргізеді; • Мектептегі кештер және басқа іс -шаралар кезінде кезекшілік етеді;( кестеге сәйкес) • Өз сыныбындағы педагогикалық қамқорлықты талап ететін оқушыларды үйірмелерге, секцияларға басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды: Тоқсан бойындағы міндеті:
Оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері ұсынымдарын орындалуын ұйымдастыру; Сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады; Мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отырады; Ата -аналар жиналысын өткізеді; Сынып жетекшілердің семинарларына,өзге де сынып жетекшінің іс -шараларына қатысады; Сынып оқушыларының мектеп ережесін орындауын қадағалайды: