Журналистика кафедрасы


Лекция 8. Радиожарнама туралы түсінік



бет15/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Лекция 8. Радиожарнама туралы түсінік

Радиожарнамада 3 құрамды элементпен жұмыс істеледі: жүргізуші дауысы, әуен және арнайы әдіс-тәсілдерді (эффектілер). Ролик радиостанцияның студиясында немесе кез-келген дыбыс жазу студиясында жүзеге асырылады. Жарнамалық ролик басқалардан ерекше болуы үшін жаңа идеялар ұсына алатын шығармашылық талантты адамдар жұмыс істеуі керек. Жарнамалық ролик алғашқы 3 сек ішінде тыңдарман назарына ілігуі керек.


Дауыс: айтылған ақпаратқа сай болуы керек, кәсіби диктор оқуы керек;
Әуен: егер фирма радио мен телевидениеге үнемі жарнамаланып тұрса, қысқа мелодия мен әнге (музыкалық логотип) тапсырыс бере алады. Музыка роликтің тыңдарман жадында сақталуына көп көмектеседі.
Ролик 3 мақсатты алға қояды:
- алғашқы 3 сек. тыңдарман назарын аудару;
- ұсынысыңызды жеткізу;
- ұсынысыңызға сай толық ақпарат беру.
Жарнамалық роликте қысқа уақытқа бергіңіз келген ақпаратты сыйғызу үшін түсінікті сценарий болуы керек. Ол үшін алдымен жоспар құрылады. Мұнда міндетті түрде фирманың аты, жұмыс уақыты, адрес, телефон айтылуы керек. Егер көп ақпарат айтқыңыз келсе, мұны бірнеше роликке бөлуге тура келеді. Кейбір фирмалар өздерінің жеке ұстанымдары бойынша әрбір роликте фирманың атын тыңдарман назарына 3 рет салады. Кейбірі музыкалық фразаны «талисман» санайды.
Радиожарнаманың ерешеліктері
Радиожарнаманы тұтынушысы жеткіліксіз кез-келген фирма қолдана алады. Бұл ерекшелігімен радио кез-келген мақсатта қолданылатын әмбебап жарнамалық канал бола алады. Кез-келген сауда маркасы, фирма жайында, тіпті қарапайым мекен-жай мен телефон ғана айтылуы тиіс ақпараттық жарнамаға дейін. Мұндай жарнаманы маңызды, аудиториясы ауқымды бағдарламаның арасына кірістірген жөн.
Радиотыңдарман жарнамада айтылып жатқан мекен-жай мен көрсетілген телефон нөмерін жазып алуға көп жағдайда мүмкіндігі бола бермейді. Жарнама соңында осы фирманың газетіне не журналға сілтеме жасаған жөн. Жарнамалық роликті дайындаумен мамандандырылған агентстволар жұмыс істейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет