Журналистика кафедрасы


Лекция 12. ҚР аумағындағы жарнаманың негізгі талаптары



бет21/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Лекция 12. ҚР аумағындағы жарнаманың негізгі талаптары

ҚР аумағындағы жарнаманың негізгі талаптары «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508-ІІ заңға сәйкес жасалады:



  1. Жарнама таратылу, орналастырылу нысанына немесе пайдаланылатын құралына қарамастан, тiкелей ұсынылу сәтiнде арнаулы бiлiмсiз немесе арнаулы құралдарды қолданбай дәйектi әрi түсiнiктi болуға тиiс;

  2. Мерзімді баспасөз басылымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы жарнама мемлекеттік және орыс тілдерінде, сондай-ақ жарнама берушінің қалауы бойынша басқа да тілдерде таратылады;

  3. Бұл ретте теледидар мен радио арқылы мемлекеттiк тiлде берiлетiн жарнама күн сайынғы эфирге шығатын барлық уақыт бойы бiркелкi таратылуға тиiс;

  4. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында таралып, өнідірілуге тыйым салынған тауарларды (қызмет, жұмыс) жарнамалауға жол берілмейді;

  5. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркелмеген діни ұйымдар мен рухани оқу орындарын жарнамалауға тыйым салынады;

  6. Жарнама Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге пайдаланылмауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтердi және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды тарату үшiн пайдаланылмауға тиiс;

  7. Түсініксіз жасалған жарнама құрылымы байбалам туғызбауы тиіс, себебі ол әр адамда түрліше болады.

Бұл талаптар бұзылған жағдайда айыппұл салынады:

    • жеке тұлғаларға оннан жиырма айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі мөлшерде;

    • жеке кәсіпкерлікке, қызметтік тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі АЕК аралығында;

    • орта және шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық ұйымдардың субъектілері саналатын заңды тұлғаларға, —жүзден екі жүзге дейін;

    • ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғалар үшін, — екі жүзден төрт жүз АЕК мөлшерінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет