Журналистика кафедрасы


Лекция 14 . Жарнама бюджеті



бет24/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Лекция 14 . Жарнама бюджеті

Жарнама науқанын қаржыландыру ақпаратты тарату құралдарын жоспарлау процесінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, себебі неғұрлым қолайлы тарату құралын таңдап алу жарнаманы жүргізуге бөлінген қаражат мөлшеріне байланысты болады. Бюджеттің жеткіліктілігі қаржыны тез арада жұмсап жіберу дегенді білдірмесе керек. Ең бастысы - жарнаманы жүргізудің оңтайлы құралдарын таңдап алудың тиімді тәсілдерін табуда. Ал, жарнама бюджетінің жеткіліксіз болуы істі күрделендіріп, жарнамалық ақпаратты таратудың қосымша мүмкіндіктерін іздестіруді талап етеді.


Жарнама бюджеті ынталандыру кешені ауқымындағы өзге де қызмет түрлерінің бюджеттері сияқты ынталандыру жөніндегі шығындардың жалпы сомасының шеңберіне сыюға тиіс. Жалпы алғанда жарнамаға қажетті қаржыны есептеудің түрлі әдістемелері қолданылады, алайда олардың ешқайсысы әмбебап әрі жетік еместігі аян. Міне, сондықтан да олардың неғұрлым кең тарағандарына тоқталып өтеміз. Елімізде жарнама нарығына қатысып келе жатқан ірі «ойыншылардың» бірі - банк жүйесі болгандықган, қаржы-несие саласы үлгі есебінде алынады.
«Мүмкіндікке қарай қаржы бөлу» принципі бойынша есептеу. Бұл - жарнама бюджетін анықгаудың өте бір қарапайым тәсілі. Ол қолда бар қаржыны бөлуге келіп саяды. Мүлдай тэсілді әдетте шағын банктер қолданады. Оның кемшін тұстары бірден көзге ұрып тұрады: жарнама бюджетін қалыптастырудың қалдықтық принципі жарнама жөніндегі шаралар кешенінің адымын аштыр-майды, бөлінген қаржы ауқымында кең мақсатты жұмыс жүргізу мүмкін емес. Бұл банктің жарнама саласындағы стратегиясын жасауға бөгет болады, сөйтіп, маркетинг кешенін және банктің бүкіл қызметін жоспарлауды күрделендіре түседі.
Жарнама бюджетін жасаудың қаржы-несие мекемелерінде депозиттік база пайызына негізделетін тәсілі кең таралған. Оған арқау болып жарнамаға бөлінетін қаражат депозит базасының үлғаюына орай өсіп отыруға тиіс деген тұжырым алынған. Бұл тәсілге сәйкес жарнама бюджеті орташа салалық жарнама шығыны мен депозиттік база мөлшерінің арақатынасы тұрғысынан есептеледі. Мәселен, банк индустриясында орта есеппен алғанда мұндай арақатынас 1 : 500 (яғни эрбір жарнамалық долларға депозиттің 500 доллары сәйкес келеді) болса, бұл біздің мысалымыздағы банктің жарнама бюджетінің деңгейін айқындайды (бұл үшін депозит базасының шамасын 500-ге бөлу қажет). Алайда бұл тәсілдің маркетинг мақсаттарына сай келмеуі мүмкін, сондықтан да маркетологтар мен жарнамашылар тарапынан қолдау таба алмай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет