Журналистика кафедрасы



бет22/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Жарнама қызметі:
а. Клиенттерді тарту — оларды жаңа тауарлар, қызметтер, жаңа сатылымдар жайлы ақпараттандыру. Жарнамалық хабарламаларда, асылында жарнамалаушы компанияның клиенттері тартатын бәсекелестік артықшылықтары, жетістіктері жазылады.
б. Сатуды арттыру — жарнама маркетингтің құралы іспеттес, сатылым көлемінің артуына әсер етеді. Алайда клиент жарнамадағы дүкеннің (компания, банк, сервис және т.б.) үлесіне таңдау жасау үшін бір ғана жарнама азшылық етеді. Егер клиент жарнамалаушы компанияға келсе немесе қоңырау шалса , оған жарнамадағы жазулармен бірге, ондағы уәделердің шынайылығы маңыздырақ болуы мүмкін. Клиетті қалай қарсаы алады, ол сөрелерден қандай тауарлар көре алады, қандай бағаны қалтасы көтереді – міне осы сияқты көптеген факторлар сатылымның көтерілуі немесе түсуіне әсер етеді. Жарнама тек бағыттап, есте сақтауға көмекші құрал сияқты.
в. Тауар өтімін реттеу — егер жарнаманың бұл қызметін ұмытар болсақ, кері имидж қалыптастыруымыз ғажап емес. Тауар санының жарнама кампаниясы (сіздің және клиентіңіз) күткендей сәйкес болуын есте сақтау керек. Егер (мысалы) күзгі киімдердің жиынтығы сатылып кеткен болса, жарнаманы назардан алып, БАҚ-қа жариялауды тоқтату керек.
Жарнаманың күші мен ролі әлемдік бизнес тәжірибесінен белгілі. Алдымен жарнама сығылған, көркем суреттелген түрде, эмоционалды безендірілген және түсінуге жол ашардай, әлеуетті тұтынушылардың назарын аударардай тауарлар мен қызметтер туралы дәйектер мен мәліметтерді келтірердей ақпараттарды қамтиды. Егер жарнама тек ақпарат болып келсе, ақпараттық әркез жарнама бола бермейтінін ескеру қажет. Жарнама бір жағынан тұтынушыларды сатып алуына, бұйымдарды пайдалануына қажетті барлың мәліметтермен қамтамасыз етеді. Бір жағынан өз ақпараттылық, сендірерлік пен иланушылықты үйлестіре отырып, жарнама адамға эмоционалды-психологиялық әсер қалдырады. Сондықтан көпшілік жарнаманы бизнес әрі өнер деп таниды.
Әдебиеттер:
Негізгі: [1.11.14]; [ 1.15.14]; [1.11.12;]; [1.3.18]
Қосымша: [1.7.4]; [1.3.5]; [2.7.6]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет