Журналистика кафедрасы


Бәсекелестермен салыстыру тәсілі



бет25/42
Дата03.06.2022
өлшемі430,5 Kb.
#36262
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
amangeldieva zharnama tarih

Бәсекелестермен салыстыру тәсілі. Банк индустриясында «серкенің соңынан еру» тенденциясы сақталып келеді. Міне, сондыктан да көптеген банктер серке-банктердің болмаса өз бәсекелестерінің жарнамаға бөлетін қаржысының деңгейін жіті қадағалау және салыстырмалы теңдікті ұстану тактикасын жиі қолданады.
Нарықтық үлес тәсілі банк қызмет көрсететін нарық үлесі мен жалпы жарнамадағы үлес арасындағы белгілі бір корреляцияның болуын білдіретін тәжірибеге сүйенеді. Сонымен қатар, мұнда жарнаманың маркетинг кешеніндегі рөлі, оның орындалу сапасы, сондай-ақ өзге де маркетинг факторлары ескерілмейді. Өзінің нарықтағы үлесін ұлғайтуға тырысқан банктер кей кездері жарнамаға объективті қажеттіліктен тыс қаржы бөлуге тырысады. Алайда мұндай тәсіл күтілетін нәтижені бере бермейді.
Мақсаттар мен міндеттерге негізделетін тәсілді қолдану банктің айқын тұжырымдалған міндеттері мен мақсаттарының болуын талап етеді (игерілуге тиісті рыноктың мақсатты үлесінен бастап жарнаманың жекелеген құралдарын пайдаланудағы нақты мақсаттарға дейінгі). Бұл тәсілдің мәні тиісті мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін жекелеген жарнамалық шаралар ауқымындағы шығындарды есептеуге саяды. Барлық шығындардың сомасы жарнама бюджетінің мөлшерін береді. Егер банктің қажетті қаржысы болмаса, жарнаманың ықтимал қаржысы кемітіледі, мұның өзі оны жүргізгеннен түсетін тиімділікке әсер етуі мүмкін. Әдетте мұндай жағдайда алға қойылған мақсаттарды қайта қарау талап етіледі. Бұл тәсілді қолдану барысында есептеулерді жүзеге асыру әжептәуір күрделі әрі көп уақыт алады. Міне, сондықтан да оған банктердің көпшілігі бара бермейді.
Баспасөздегі жарнама ең бұқаралық, пәрменді де тиімді жарнама құралы болып қалуда. Ол жеделдігімен ерекшеленеді: соңғы жарнамалық хабарландыру көптеген оқырмандарға соңғы оқиғалармен және жаңалықтармен бірге жеткізіледі. Газеттерге жиі шығу оқырман қауымға оң әсер етуге, банктің жағымды бейнесін жасап, бекітуге мүмкіндік береді.
Бірқатар жетекші республикалық газеттермен бір ай, жарты жыл көлемінде шарт жасасуға, онда банк жарнамасын жеңілдікті тарифпен орналастыруға болады. Материалдарды әзірлеуге республиканың белді журналистерін қатыстыру қажет. Сомасы – 10-90 мың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет