Жүйенің жалпы сипаттамасы
Қоршаған ортаны қорғаудың негізін қоршаған
ортаны қорғау бойынша мемлекеттік бақылау
мен Қазақстан Республикасының экологиялық
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында табиғат
ресурстарын пайдалануды мемлекеттік басқару
ережесі құрайды.
Қазақстанда кез келген шаруашылық қызмет
мемлекет тарапынан экологиялық қауіп туды-
рушы фактор ретінде қаралады. Сондықтан,
шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға және
халықтың денсаулығына әсерін анықтау аса
маңызды.
Мемлекет экономикалық және әкімшілік шек-
теулер арқылы табиғатты тұтынушылар тарапы-
нан табиғатқа келетін қауіптерді, қалдықтардың
мөлшерін, қоршаған ортаның тазалығын
бақылауда ұстап отырады.
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
ЖҮЙЕСІ
14
Мекемелер атауы
Жауапкершілік аймақтары
Қоршаған ортаны
қорғау министрлiгi.
Экологиялық
бақылау комитеті
Мемлекеттік экологиялық
бақылау, мониторинг, сарапта-
ма, ғылыми зерттеулер, табиғат
пайдаланушыларының тізімі,
табиғатты қорғауға қатысты
өткізілген іс-шаралар, І дәрежелі
мекемелер үшін табиғатты
пайдалануға рұқсат алу
Денсаулық сақтау
министрлігі
Мемлекеттік
санитарлық-
эпидемиологиялық
қадағалау комитеті
Кәсіпорындардағы жұмыс
орындарын бақылау, халықтың
денсаулығы, жер асты және жер
үсті суларының сапасы, ауаның,
жердің сапасы, радиациялық
жағдайлар мен физикалық фак-
торлар әсері
Индустрия және
жаңа технологиялар
министрлігі
Атом энергиясы
комитеті
Радиациалық сәулелерді бақылау
және радиоактивті материалдар-
ды пайдалану
Индустрия және
жаңа технологиялар
министрлігі Геология
және кен пайдалану
комитеті
Пайдалы қазбалар мен жер асты
сулары
Ауыл шаруашылығы
министрлiгi
Балық шаруашылығы
комитетi
Балықтар, балық ресурстары
өндірісі, балық ресурстарын
сақтауды қадағалау
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Орман және аң
шаруашылығы
комитеті
Ерекше қорғауға алынған
табиғи аймақтар, өсімдік әлемі
және жануарлар әлемін қорғау.
Аңшылықты реттеу және басқару
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Су ресурстары
жөніндегі комитет
Су ресурстары, оларды қорғау,
су асты жануарларының мекені,
суды тиімді қолдану
Мұнай және газ
министрлігі
Ғылыми экологиялық зерттеулер
Жер ресурстарын
басқару агенттігі
Жердің жағдайы, жер кадастры,
жер есебі
Табиғиресурстар
және табиғатты
пайдалануды
реттеу облыстық
басқармасы
Мемлекеттік экологиялық
сараптама, ғылыми зерттеулер,
табиғатты қорғауға байланысты
өткізілетін іс-шараларды өткізу,
I,II,III,IV категориялы мекемелерге
табиғатты қолдануға рұқсат беру
Мемлекеттік мекемелер
Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау жүйесіне
жауапты бірнеше мекемелер тіркелген. Ең
негізгісі – Қоршаған ортаны қорғау министрлігі.
Заңнама
Журналистер білуге тиіс негізгі құжаттар:
1. ҚР Экологиялық Кодексі
2. Жоспар алдындағы, жоспарлы және жоба
алдындағы және жоба құжаттамаларын
әзірлеген
кезде
көзделіп
отырған
шаруашылық және өзге де қызметтің
қоршаған ортаға тигізетін әсеріне баға беруді
жүргізу жөніндегі нұсқаулық. ҚР Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28
шілдедегі № 204-п бұйрығымен бекітілген.
3. Мемлекеттік экологиялық сараптамасын
жүргізу ережелері. ҚР Қоршаған орта-
ны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 28
шілдедегі № 207-п бұйрығымен бекітілген.
4. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарла-
масын және өндірістік экологиялық бақылау
нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын
талаптарды келісу ережелері. ҚР Қоршаған
ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы
24сәуір № 123-п бұйрығымен бекітілген.
5. Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесі. ҚР
Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
2007 жылғы 7 маусым № 135-п бұйрығымен
бекітілген.
6. Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған
ортаны ластау көздерін мемлекеттік есеп-
ке алу Ережесі. ҚР Қоршаған ортаны қорғау
министрлігінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N
252-п бұйрығымен бекітілген.
7. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне
және көзделген шаруашылық және басқа
да қызмет бойынша шешімдер қабылдау
процесіне жататын экологиялық ақпаратқа
қол жеткізу ережесін бекіту туралы ҚР
Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007
жылғы 25 шілдедегі № 238-п бұйрығымен
бекітілген.
15
Өндірістік объектілерді жобалау
Өндірістік объектілерді жобалауда кәсіпорын-
дардың қоршаған ортаға ықпалын бағалау
маңызды жайт болып есептеледі. Жоспарланған
кәсіпорынды
салуда
табиғатты
қорғау
нормативтеріне жүгіну керек.
Жоспар алдындағы, жоспарлы және жоба
алдындағы
және
жоба
құжаттамаларын
әзірлеген кезде көзделіп отырған шаруашылық
және өзге де қызметтің қоршаған ортаға
тигізетін әсеріне баға беруді жүргізу әр кезең
бойынша жүреді. Оны мемлекеттік экологиялық
сараптама мақұлдауы тиіс.
Қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ)
формасы,
пайдаланылған
материалдар
көлемі, экологиялық ғылыми зерттеулердің
деңгейі, сондай-ақ, өндірістік объектілердің
қоршаған ортаға және адам денсаулығына
әсері жобалау кезеңдеріне байланысты
анықталады.
ҚОӘБ материалдары құжат түрінде жоба
кезеңдеріне сәйкесінше жасалады. Олар жоба
алды және жоба құжаттамаларының ажырамас
бөлігі болып табылады.
Кестеде ҚОӘБ-дың кезеңдері және құрылыс жо-
басымен сәйкестігі көрсетілген. Қоршаған ортаға
әсерді бағалау нысанның күрделілігіне және
төндірер қаупіне байланысты.
ҚОӘБ материалдарын жасау кезеңдері
Тағайындалған өндірісті салудағы Нысанның
құрылыстық жобалау кезеңі
1. Қоршаған орта жағдайына шолу жасау (ҚОӘБ -ң
бірінші кезеңі)
Өндірістік объектілерді салуға ниет білдіру
2. Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау. Алдын
ала жасалған ҚОӘБ. (ҚОӘБ-ң екінші кезеңі)
Инвестицияларды негіздеу, бизнес жоспар
және т.б. жобаға қатысты құжаттар,
технологиялық сызбалар
3. Қоршаған ортаға әсерді бағалау. Үлкен көлемді
және экологиялық қауіпті қызметтерге арналған
ҚОӘБ. Оларға жобалау құжаттамалары екі кезеңде
жасалады. (ҚОӘБ-ң үшінші кезеңі)
Орнатылған жобалар
4. «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі. Бұл жұмыс
құжаттарының құрамында жобаға арналған ҚОӘБ
енгізіледі. (ҚОӘБ -ң төртінші кезеңі)
Жұмыс құжатнамасы
«Жұмыстық жоба» құжаттарының құрамындағы
экологиялық қауіпті емес және экологиялық аса
қауіпті әрекеттерге анализ жасалады. ҚОҚС-ң үшінші
кезеңі бойынша орындалады
Жұмыс жобасы
5. Жобадан кейінгі сараптама (шығарылған қорытын-
дылар қаншалықты шындықпен сәйкес келеді).
16
Кәсіпорындар
Қазіргі
уақытта
жұмыс
жасап
жатқан
кәсіпорындар қоршаған ортаға әсерді бағалау
үшін жобалар жасамайды. Олар эмиссия-
ларды нормалаумен, өндірістік экологиялық
бақылау жасаумен айналысады. Сонымен
қатар, табиғатты қорғауға қатысты іс-шаралар
ұйымдастырады.
Жылына бір рет кәсіпорындар эмиссияға рұқсат
алады. Лимиттен асып кеткен жағдайда үлкен
көлемде айыппұл салынады. Барлық эмисси-
ялар үшін бюджетке ақша аударылады. Егер
лимит мөлшерден асып кетсе, он есе төленеді.
Эмиссия мөлшерін нақтылау үшін арнайы жо-
балар жүзеге асырылады. Онда сыртқа шығатын
қоқыс мөлшері, өндіріс қалдықтары есептеледі.
Барлық көрсеткіштер ШРК орнатқан мөлшерден
асып кетпеуі тиіс.
Қоршаған ортаның жағдайын жіті бақылауда
ұстап отыру үшін, кәсіпорындар барлық
қоршаған орта компоненттеріне әсер ететін
факторларға экологиялық бақылау жасайды.
Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін ар-
найы тазалау құралдары қолданылады.
Экологиялық бақылау мен
мониторинг жүйесі
Мемлекет табиғатты тұтынушылардың әрекет-
теріне байланысты қоршаған ортаның жағдайын
анықтау мақсатында мемлекеттік экологиялық
бақылау және мемлекеттік экологиялық мони-
торинг жүргізеді. Ал кәсіпорындар өнідірістік
экологиялық бақылау және экологиялық зерт-
теу жүргізеді. Сондай-ақ, қоғамдық ұйымдарға
ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік
беріледі. Қоршаған орта жағдайын анықтау
мақсатымен жүргізілетін зерттеу жұмыстарымен
айналысатын ұйымдардың зерттеу жұмысымен
айналысу үшін берілген аттестацисы және ак-
кредитациясы болуы керек.
РМК «Казгидромед» жүйесі
Қоршаған орта жағдайын бақылау мақсатындағы
мемлекеттік
мониторинг
жүйесі
келесі
кезеңдерден тұрады:
•
Атмосфералық
ауа
мониторингісі.
(Стационарлық бақылау пунктері 28 елді-
мекеніндерге орналасқан)
•
Атмосфералық жауын-шашын және қар
жамылғысы жай-күйінің мониторингісі. (45
метеостансаларды қамтиды)
•
Беткі
сулардың
сапалы
жай-күйінің
мониторингісі (200-н астам гидропосттарды
қамтиды)
•
Топырақ жай-күйінің мониторингісі
•
Радиациялық мониторингті (43 метеостан-
сада-жиынтық бета–белсенділікті анықтауды
және 79 метеостансада-гамма-сәулененудің
экспозициялық мөлшерінің қуаттылығын
өлшеуді қамтиды.
•
Трансшекаралық су ағыстарының монито-
рингісін қамтиды.
•
Жалпы мониторинг (халықаралық желі-
мен байланысқан станция Бурабайда орна-
ласқан)
Бақылау нәтижесінде белгілі болған барлық
көрсеткіштер бюллетендерге (тоқсандық, жар-
ты жылдық, жылдық) жинақталады. Олар ҚОҚМ
сайтында, Экологиялық бақылау комитетінің
сайтында, Орхус Ұлттық орталығының сайтында
жарияланады.
Табиғат пайдаланушылар және қоршаған
ортаны ластау көздерінің мемлекеттік
есебі
Табиғат пайдаланушыларды және қоршаған
ортаны ластау көздерін мемлекеттік есепке алу
17
жүйеленген, кезеңмен толықтырылатын және
нақтыланатын табиғат пайдаланушылар және
оған тиесілі қоршаған ортаны ластау көздері
туралы біріңғайланған қысқа мәліметтердің
жиынтығынан құралады. Ластаушы заттардың
әрқайсына тізімдемелік паспорт жасалады.
Табиғат пайдаланушылар мен ластану көздерін
мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру-
да екі тізімдеме жүргізіледі. Олар табиғат
пайдаланушылардың мемлекеттік тізімдемесі
және Қоршаған ортаны ластау көздерінің
мемлекеттік тізімдемесі.
Мемлекеттік тізімдемелер табиғат пайдала-
нушылардың есептілігі, ғылыми зерттеу-
лер, жобалық іздеулер және экологиялық
ақпараттардың басқа да көздерінің деректері
бойынша жүргізіледі.
Жыл сайын барлық табиғат пайдаланушыларды
ҚОҚМ жанындағы экологиялық бақылау комитеті
тексереді. Тексеріс нәтижесі бойынша акт жа-
салады. Табиғат пайдаланушыларға ескертулер
болған жағдайда ескертулер қоса жазылады.
Басқа мекемелер жүргізетін мониторинг
жүйесі
Қоршаған ортаны қорғауға қатысы бар кез кел-
ген мекеме өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізе
алады. Алайда, олар қамту аймағы бойынша,
деректері мен қорытындылары бойынша «Каз-
гидромед» РМК желісімен бәсекелесе алмайды.
Су ресурстары комитеті «Казгидромед» РМК
ұсынған мәліметтерді пайдаланады. Себебі,
өздерінің бақылау желілері жоқ.
Өндірістік экологиялық бақылау және
біртұтас экологиялық зерттеулер
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды табиғат пай-
даланушы әзiрлеген өндiрiстiк экологиялық
бақылау бағдарламасы негiзiнде табиғат пайда-
ланушы жүзеге асырады.
Өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарла-
масында өндiрiстiк экологиялық бақылау
процесiнде қадағаланып отыратын мiндеттi па-
раметрлер тiзбесi, оның мерзiмдiлiгiн, ұзақтығы
мен өлшемдер жиiлiгiн айқындау критерийлерi,
есептiк әдiстері белгiленедi.
Біртұтас экологиялық зерттеулер табиғатты
пайдаланушылардың шаруашылық жұмыстары
басталмас бұрын қоршаған ортаның бастапқы
жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Өндірістік экологиялық бақылау және біртұтас
экологиялық зерттеу көрсеткіштерін салыстыру
арқылы кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізер
әсерін анықтайды.
Аймақтық экологиялық жобалар
Кәсіпорындар емес, мемлекет тарапынан
жасалған жобаларға:
Қала ауасын мөлшерлі рұқсат етілген
деңгейде ластау жобасы
Су ресурстары мен өзен бассейндерін ра-
ционалды пайдалану мен қорғау сызбасы
Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы
Су сақтау қоймалары мен өзен жағалаулары
бағдарламасы
Әр түрлі тақырыптардағы ғылыми зерттеулер
Мемлекеттік экологиялық
сараптама
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресур-
старды қорғау, молықтыру мен пайдалану
саласындағы мемлекеттiк бақылаудың мақсаты
экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, табиғи
18
және энергетикалық ресурстарды үнемдеу,
биологиялық ресурстарды орнықты пайдалану,
ұлттық өнiмнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру
болып табылады.
Табиғатты пайдаланушылардың халық денсау-
лығына тигізетін әсерін анықтауға арналған
мемлекеттік экологиялық сараптама бекітілген
құқықтық, шаруашылық және басқару шешімдері
негізінде жасалуы міндетті.
Мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге
асырушылар:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкiлеттi орган және аймақтық бөлімшелері.
І категориялы нысандарға бақылау жүргі-
зетін арнайы мекемелер;
жергілікті атқарушы органдар. ІI, III және
IV категориялы нысандарға бақылау
жүргізетін арнайы мекемелер.
Мемлекеттiк
экологиялық
сараптаманың
қорытындысы сараптама қорытындыланғанда
белгілі болады. Табиғатты пайдалану мен
қоршаған ортаға, халықтың денсаулығына әсер
етудегі құқықтық, ұйымдастырушылық және
шаруашылық шешімдерді қабылдау жүргізіледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң
қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға
тыйым салынады. Мемлекеттiк экологиялық
сараптаманың оң қорытындысы экологиялық
сараптама объектiсiн iске асыру жөнiнде шешiм
қабылдауға болатындығы мен мүмкiндiгi туралы
тұжырымдарды қамтиды.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың терiс
қорытындысы болған кезде тапсырыс беру-
ші сараптамаға ұсынылған материалдарды
сараптамалық қорытындының ұсыныстары мен
ескертпелерiне сәйкес пысықтауды қамтамасыз
етуге және барлық материалдарды қайтадан
экологиялық сараптамаға табыс етуге не белгiленiп
отырған қызметiнен бас тартуға мiндеттi.
Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы жүргiзу
мерзімі мемлекеттiк экологиялық сараптаманы
жүзеге асыратын органдарға алдын ала сарапта-
мадан өткен қажеттi барлық құжаттама берiлген
кезден бастап I санаттағы объектілер үшін - екі
айдан, II, III және IV санаттардағы объектілер
үшін бір айдан аспауға тиіс.
Қайтадан мемлекеттiк экологиялық сарапта-
маны жүргізу мерзімі тіркелген күнінен бастап
I санаттағы объектілер үшін - бір айдан, II, III
және IV санаттардағы объектілер үшін он жұмыс
күнінен аспауға тиіс. Алдын ала сараптама-
дан өткiзу мерзiмi құжаттаманың мемлекеттiк
экологиялық сараптамаға келiп түскен күннен
бастап бес жұмыс күнінен аспауға тиiс. Табыс
етiлген құжаттама толық болмаған жағдайда ол
табыс еткен тұлғаға қайтарылады.
Қоршаған
ортаны
қорғауға
байланысты
қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген
азаматтар мен мекемелер сараптама қорыты-
ндысын мемлекеттік мекемелерге тексеруге
жіберулері тиіс.
Дэвид Полсон,
Мичиган штатының Мемлекеттік университеті,
Экологиялық журналистика орталығы
директорының орынбасары
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ
ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІН
ЖАЗУ ҮШІН ТІЛШІЛЕРГЕ
АРНАЛҒАН ПРАКТИКАЛЫҚ
КЕҢЕСТЕР
20
Қоршаған ортаны қорғау тақырыбына мақалалар
жазу көптеген ақпарат көздеріне жүгінуді қажет
етеді. Экология тақырыбында жазып жүрген
жас журналистер көп жағдайда үкіметтік ме-
кемелер мен өзге ресми дерек көздер ұсынған
ақпараттарға қатты сенеді. Бұл, әрине, оңай.
Сондай-ақ, мұндай ақпараттар беделді ақпарат
көздерінен алынды деп есептеледі. Бұл
ақпараттардың барлығы дерлік шындық болып
көрінеді. Ал, кейбір кездері олар тексерілмеген
не жалған ақпарат болуы да мүмкін.
Мұндай ақпарат көздерінен алынған дүниені жа-
риялау біреудің оқығанын қағазға түсіріп беру-
мен тең. Бұл журналистика негіздеріне жатпайды.
Кейбір кездері ресми өкілдердің пікірі шындық
болып көрінгенімен тексерілмеген болуы
мүмкін. Қайткен күнде де, ресми мәлімдемелер
мен біреудің айтқан пікірі тексерілуі қажет. Бұл
жерде пікір білдірушінің бедел-абыройы, манса-
бы маңызды еме.
Ғалымдарды ақпарат көзі ретінде
қарастырыңыз
Экологиялық журналистикада ғалымдар сая-
си тұлғалардың, түрлі мекемелердің, үкіметтік
емес ұйымдар берген мәліметтердің дұрыс-
бұрыстығын тексеруге жәрдем бере алады.
Мысалы:
2011 жылы 29 шілдеде кениялық Daily Nation
газеті Aquiess Global Rain Project атты топтың
Шығыс Африкада жасанды жолмен 90 күннің
АҚПАРАТ КӨЗДЕРІ
ішінде жаңбыр шақыру туралы ұсынысы
жайында
жазды.
(http://www.nation.co.ke/
News/Will-artificial-rain-end-the-cycle-of-
hunger---/-/1056/1210290/-/item/0/-/feyhyjz/-/
index.html).
Мақалада Aquiess ұйымының екі мүшесі тура-
лы айтылды. Олар электромагнитті энергияның
көмегімен бұлттарды жаңбыр жаумайтын
аймаққа бағыттай аламыз деді. Олар бұл жо-
баны Шығыс Африкада жүзеге асыру үшін
«донорлық қауымдастық» 11 млн доллар төлесе
деген тілектерін білдірген екен.
Мақала соңында Кения үкіметі қызметкерінің
пікірі берілген. Ол «жаңбыр шақыру жобасы
үлкен қаражатты қажет етеді. Алайда, мұндай
шаралар аймақты дамытуға арналған ұзақ
мерзімді жоспарларға жатқызылады»,-дейді.
Бір атап өтер жайт, журналист тек ұйымның
пікірімен ғана шектелмеген. Шенеуніктің пікірі
аса маңызды болмағанымен, сол аймақта атал-
мыш жобаны іске асыру бойынша бастама
көтерілгендігін растайды.
Мақалада мәлімдеменің тексерілгендігі және
адамдардың объективтілігі жайлы нақты
дәлелдер келтірілмеген. Тіпті, жобаның қайда
жасалғандығы жайлы да айтылмаған. Тек
ғылыми ұйымдарға сілтеме берумен шектелген.
Онда сұхбат берушінің аты-жөні, мамандығы
көрсетілмеген.
Мақалада осы жоба нәтижесінде Австралияда,
Қатарда және АҚШ-та жаңбыр жауғаны жайлы
21
ақпарат берілген. Бірақ бұл ақпаратты растай-
тын ешқандай дәлел мен дәйек келтірілмеген.
Тіпті, осы оқиғаға қатысты ақпарат бере алатын
мекеме қызметкерінің немесе фермердің пікірі
де жоқ.
Мұндай дәлелсіз ақпарат Aquiess ұйымының
шынымен жаңбыр шақыра алатындығына, және
11 млн доллардың тиімді жұмсалатындығына
күман тудырады.
Мақалада ұйымның қалай және қашан
жаңбырды шақыратындығы, жаңбыр қалай
жауатындығы жайлы айтылмайды. Мақала
қоршаған орта жайлы болғанымен, эколо-
гия тақырыбында жазылған сапалы мақалаға
жатқыза алмаймыз.
Тақырып ашылмаған. Журналист қажетті адам-
дардан, ұйымдардан қажетті пікірлерді жинай
алмаған.
Материал жарияланған соң Daily Nation
газеті «Пікірлер» атты парақшасында Найро-
би университетінің География және эколо-
гия факультетінің профессоры Ричард Самсон
Одингодан келген хатты жариялады. Профессор
мақалаға сілтеме бере отырып, өз дәлелдерімен,
90 күн арасында аймақта жаңбыр жаууы мүмкін
емес дейді.
Кения мен әлемдегі ауа райының өзгеруіне
нақты эксперименттер жасалмағандығын айта-
ды. Тұрғындар аталмыш экологиялық мәселенің
шешімін таппасына көздері жеткен кезде ұйым
осы жобаны ұсынды.
Ұйым мүшелері жобаның Қатарда жүзеге асы-
рылуына сенімді болса, Шығыс Африканың ке-
дей аймақтарында жаңа технологияны тексер-
местен басқа шөл далада жобаны неге тексеріп
көрмейді деген сұрақ қояды.
Мақала жазғанда журналистің идея авторлары-
на қоятын бірінші сұрағы осы болуы керек-ті.
Бұл оқиғада ғылыми мақаланы сапалы жазба-
ғаны үшін журналисті кінәлауға да болмас.
Алайда, Найроби университетіне хабарласып,
кез келген ғалымнан осы жайлы ақпарат беруін,
әлде пікір білдіруін сұрамағаны журналист тара-
пынан үлкен қателік болды.
Ол ғалымдардан қосымша мәлімет алып қана
қоймай, идея авторларына арналған сұрақтарын
да нақтылайтын еді.
Әрине, қоршаған ортаға қатысты барлық
ақпараттардан хабардар болу журналист
үшін өте қиын. Мұндай жағдайда журналист
тақырыпты зерттеген, сала жайында хабары бар
маманның көмегіне жүгінуі қажет. Себебі, эко-
логия тақырыбында мақала жазу үлкен зерттеуді
қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |