40
көпшілікке арналған ғылыми шағын түрлері болатындығы жұртшылыққа
жақсы мәлім. Бір стильді құрайтын осы үш
шағын стильдегі сөз қолдану
дағдысы бірдей емес. Айталық, таза ғылыми шағын стильде көп ретте тиісті
формула, схемаларды пайдалану арқылы сипаттамалық сөзге азырақ орын
берілуі мүмкін. Оқулық ғылыми шағын стилінде педагогикалық-әдістемелік
дәстүрді басшылыққа алу арқылы авторлар бір ережеден екінші ережені
шығарып, бір-бірімен тығыз байланыста баяндаудың нәтижесінде көп
сөзділікке бармауға тиісті. Көп сөзділік, әрине, қай стильге де жат. Дегенмен
өзінің алдындағы шағын
стильдермен салыстырғанда, көпшілікке арналған
шағын ғылыми стильде лектордың, баяндамашының немесе жазба жұмыс
авторының сипаттамалық мәні бар сөз оралымдарын кеңірек айтуға құқы бар.
Мұндағы мақсат – оқырмандары мен тыңдармандарына
ойын жеткілікті
жеткізу. Сөздің байлығы деген ұғымды осы ыңғайда да түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: