К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы



Pdf көрінісі
бет24/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

 
 
15 - дәріс. Cөздің қисындылығы 
Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің, грамматикалық 
тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.
Сөздің қисындылығын функционалдық стильдерден бөлек қарауға 
болмайды. Әсіресе, функционалдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу 
керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты 
стандарт тілмен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе 
юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы 
сөздің жұмсалу табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік 
құрылымының болғаны жөн. Сондай-ақ іс қағаздарын толтыру кезінде көркем 
әдебиет тіліндегідей стилистикалық бояу қолданудың еш қисыны болмайды.
Сөздің қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай 
аудиторияға арналғанына да тікелей байланысты болып келеді. Айталық, бір 
дәрістің студенттерге арналған ғылыми пән бойынша оқылуы мүмкін, мұндағы 
қолданатын сөздерді балабақшада тәрбиеленушілерге айтудың лайықсыз екені 
өзінен-өзі түсінікті.
Енді бір еңбектердің үлкенге де, кішіге де, әр түрлі мамандықтың 
адамдарына түгелдей түсінікті болуы да әбден мүмкін. Көрнекті қоғам 
қайраткері Д. Қонаевтың естелігінен үзінді келтірейік:
«Мен әулие емеспін. Сәуегейлік жасағым да келмейді. Бопсаға да 
жоқпын. Бірақ туған елімнің түтіні түзу ұшса, туы желбіресе, абыройы асып, 
адамдары бақытты ғұмыр кешсе деген тілек үстіндегі жанның бірімін. Мен осы 
топырақта туып-өскен, тұрып жатқан қай ұлт, қай ұлысқа да осы игі ниетімді 
арнаймын. Алаламаймын. Қазақстанға не тілесем, тарихи тағдыры бір 
бауырлас елдердің барлығына соны тілеймін және олардың болашағына кәміл 


41 
сеніммен, айрықша үмітпен қараймын. Оған күн өткен сайын буыны қатайып, 
беделі өсіп келе жатқан жас мемлекетіміздің бейбітшілікті нығайтуға күш 
салып, ұлтаралық қатынасты тұрақты сақтауы, бұлтартпас дәлел, басты кепіл. 
Осыған сайып айтарым: ең алдымен, үйдей үрейден аулақ болсақ. Ертеңге 
деген сенім жоғалмасын. Қиыншылық деген қиюы келмейтін іс емес. Жұмыла 
көтерейік! Екіншіден, тату үйге тақсірет жуымайды. Бірлігіңе бекем бол! 
Үшіншіден, өзіңе жақсылық тілесең, өзгеге жамандық қылма!» (Д. Қонаев, 
Ақиқаттан аттауға болмайды. А.: Санат, 1994, 504-508 беттер).
Өмірлік тәжірибесі мол адамның көпшілікке арнап айтар сөзі баршаға 
ұғынықты, тілдік құралдардың қай-қайсысы да өз орындарында тұр, 
сондықтан оқуға да, қабылдауға да жеңіл. Тілдегі қисындылыққа қойылатын 
шарттар жеңіл қабылданады. Олай болатын себебі еңбектің жанры да (эссе, 
естелік) кімге де болса жақын жанр.
Көпшілікке түсінікті көрінетін мәтіндердің өзінде қайсыбір сөздердің 
орынсыз қолданылуы немесе тиісті жанрға жатпайтын сөздердің қолданылуы 
қисындылыққа нұқсан келтіретіні рас.
«Он жеті мен отыз жас аралығындағы төбе көрсетіп үлгірмеген талант 
сазгерлердің республикалық «Үкілі үміт» байқауы үкісін желбіретіп өтті.
Гран-при, алтын жебені – Франция курортына тегін жолдаманы 
қостанайлық сазгер Қайрат Нұртазинге «Арман жырым - арулар» әні үшін 
берілді. Жер тарпыған құлындай, бұрын-соңды сынға түсіп үлгермеген алты 
сазгер күміс жүлде мен Болгарияға курортқа жолдаманы жеңіп алып, саңлақ 
атанды.
«Үкілі үміттің» тағы бір қыры – өнердің әр саласында елеусіз жүріп, 
елеулі жұмыс атқарып келе жатқан тілші, фототілші, суретші, модельер секілді 
байқау өткізуге бел шеше араласқан жастар саңлақ танылып, Түркияның 
«Анатоли» курортында демалады» (газеттен).
Мақсаты мен мазмұны жағынан салқын қанды материалдарды жариялап 
тұратын газеттің мұндай ойнақы сөздерді (төбе көрсетіп үлгірмеген, жер 
тарпыған құлындай, саңлақ танылу т.б.) араластыруы көңілге қонымды 
көрінбейді.
Көркем шығармада, әсіресе поэзияда, бір қарағанда қисынсыздау 
көрінетін сөздердің автордың шеберлігіне байланысты орайлы орнын таба 
кететін тұстары көп. Бұл, әрине, ондай туындылардың эстетикалық-
эмоционалдық қасиетінен танылып жатары түсінікті:
Сағыныштай сарғайып сары қайың, 
Жапырақтар шертеді сары уайым. 
Кернейлетіп, сыңсытып, жет, тырналар, 
Ұзатқалы барады сәуір айын.


42 
Енесінен құлындар жеріген бе?! 
Арылыпты бал сусын желіден де. 
Қиқулаған тырнаның қанатында, 
Жаз ілесіп барады керуенге.
Жұқа шапан жамылған боз даланы, 
Әлдилейді тырнаның созған әні. 
Қалбалақтап қаңбақтар қарбаласта 
Бағытына бас ауған қозғалады.
Балауса жоқ, балғын жоқ тербетуге, 
Тербеледі қияқтар желмен түнде. 
Қызылкүрең қоржынын толтырып ап 
Хабаршы күз жортып жүр жер бетінде.
(М. Мақатаев) 
Қайыңның сарғаюының сағыныштай болуы да, жапырақтардың сары 
уайым шертуі де, тырнаның қанатына жаздың ілесіп бара жатқаны да; боз 
даланың жұқа шапан жамылуы да, сол даланы тырна әнінің әлдилеуі де, 
қаңбақтардың қалбалақтауы да, күздің қоржынын толтырып алуы да – 
осылардың бәрі де поэзия тіліне тән әрі жарасымды, ал осы тіркестерді ауызекі 
сөйлеу ыңғайында қолданар болсақ немесе ресми құжаттар тілінде осылардың 
әлдебіреуінің кездесуі оғаш көрінер еді. Сөйтіп қисынсыздық туар еді.
Сөз қисындылығының функционалдық стильдердің түрлеріне қарай, 
сөйлеу жағдайына қарай, контекске байланысты өзгеріп отыратынын естен 
шығармаған мақұл. Әр стильдің бірін-бірі байытып отыратын элементтерін 
жоққа шығару қиын. Мұндайда өте сақтық қажет.


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет