К. Алтаева жазбаша сөйлеу мəдениеті оқу-əдістемелік құрал Алматы


неғұрлым малға шөпті көп шапсақ,  солғұрлым



Pdf көрінісі
бет15/28
Дата05.06.2023
өлшемі0,83 Mb.
#98882
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Байланысты:
Алтаева жазбаша сөйлеу мәдениеті (1)

неғұрлым малға шөпті көп шапсақ, 
солғұрлым аязды қыс бізге қауіпсіз болады».
Тек осындай жұбын жазбай айтылатын екі сөздің бірін қосағынан 
айырып, жетім қозыдай маңыратқанға кісінің жаны ашиды, журналистердің 
қазақша жаздым дегені қазақтарға түсініксіз болып шығады. Бір мысал 
келтірейік: «Мұның ішінде неғұрлым ірілеу алты күйтабаққа қанатты салт атты 
адамның суреті салынған». Осы сөйлемді түсініксіз етіп тұрған – «
неғұрлым» 
деген сөз. Оны алып тастап оқысаң, бұл сөйлемнен бірдеңе ұғынуға болады. 
Өйткені «ірілеу» дегеннің өзі түсінікті, екіншіден, «неғұрлым» сөйлем басында 
айтылған соң, «солғұрлым» жоқ болып шығып, кісіні дал қылады. Не болмаса 
«
батыл» сөзі әдетте «батыл кісі», «батыл қимылдау», «батыл жауап» тәрізді 
құрамда айтылуға тиіс болса, баспасөзде «
батыл жақсартайық» деп қолдану 
– қате. «Егінді суару жүйелерін 
батыл жақсартайық». Бұған батылдықтың не 
керегі бар? «Егінді суару жүйелерін жақсарта түсейік» деген көңілге қонымды.
Адамға айтылатын сөзді малға, малға айтылатын сөзді адамға қатысты 
қолдану ерсі болып саналады. Мысалы: «Аяғы ауыр қойларды қораға айдады». 
Қазақтар әйелдер туралы «буаз» сөзін қолдануды ерсі көреді де, оның орнына 
жүкті, екіқабат, аяғы ауыр, бала көтеру сияқты сөздерді қолданады. Бұл 
сөздерден әйелге деген ізет, құрмет, сыпайыгершілік бірден сезіледі. Солай 
екенін білмейтін біреу «буаз әйел» дегенді не, керісінше, «жүкті саулық» 
дегенді қолданса, онысы есітер құлаққа жаттығы бірден сезілер еді. «Аяғы 
ауыр қойлар» деу де дәл солай орынсыз. «Буаз әйел» деп айту қаншалықты ерсі 
болса, «екіқабат бие», «жүкті мегежін», «аяғы ауыр саулық» деу соншалықты 
ерсі, соншалықты сорақы.
Тілдік дәстүрде біртектес, кейде бір-біріне ұқсас заттар түрліше атала 
береді. Мысалы, пияздың сыртын «пияздың қабығы» десек, тарының қабығын 
«тарының қауызы» дейміз. Сондай-ақ малдың, хайуанаттың төлін түрліше 
атаймыз: қойдың қозысы, биенің құлыны, еліктің құралайы, шошқаның 
торайы, құланның қодығы, тағысын тағылар. Дәл осы сөздердің 
қолданылуында қателесу онша көп болмағанымен, сол сияқты басқа сөздерді 
шәлкес тіркестіру, орынсыз жұмсау, сөзді бұзып айту мысалдары жиі 
ұшырасады. «Аяғы ауыр қойлар», «сиыр босанатын үй» тәрізділер оқта-текте 
кездессе, «есікті айқара ашты», «футбол майталмандары», «балалардың 
тұрмысы кең қанат жаюда», «саумал түйелер» сияқтыларды қолдануға жол 
бермеу керек.


23 
Қазақтың «тайқардай» сөзін біреу біліп, біреу білмейтін көрінеді. Есектің 
бір жасқа толған тайын «тайқар» дейді. Осы сөзді ауыспалы мағынада 
«тайқардай бала» (оболтус) деп те атаймыз. Ол – әрине, баланы мақтау емес, 
іске икемі жоқ жалқау, масыл деп жамандау. «Есікті шалқасынан ашты» - 
дұрыс, «есікті айқара ашты» - дұрыс емес. Дұрысы: «шапанын айқара 
жамылды», «көрпені айқара жамылды».
«Қанат жаю» (өсу, даму) деген тұрақты тіркес тармақтана өсіп, дамитын 
заттарға қатысты болып айтылады. Мысалы, Оқу орындары қанат жайды, 
Балалар бақшасы қанат жайды деуге болар, ал «Балалар тұрмысы қанат 
жайды» деу қате. «Майталман» эскпрессивті асыл сөз, оның жұмсалу аясы тар 
болғанымен, мағынасы, тіркесетін сөздері жұртқа белгілі болатын. Соған 
қарамай осы күндері оларды орынды-орынсыз, қайда болса сонда жаза беретін 
болды. «Майталман жорға» құрамында айтылатын сөздің жұмсалу аясын 
кеңейтіп, ауыспалы мағынада «майталман шешен», «майталман сөз», 
«майталман күйші» деуге болар, бірақ «майталман әнші», «майталман 
спортшы», «майталман өмір» тәрізділер – өзара мағыналық байланысы жоқ 
сөздердің тіркесі. Мұндай теңін тауып тіркестірмеген сөздер көзге шыққан 
сүйелдей оғаш көрінеді. Осындай стильдік қателер қалам ұстаған жанның 
жауы болуға тиіс.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет